Ғылыми-зерттеу жұмысы

«Аспап жасау және технологиялық үдерістерді автоматтандыру» кафедрасында 24 оқытушылар жұмыс істейді, олардың ішінде: 1 техникалық ғылым докторы, 2 PhD докторы, 9 ғылым кандидаттары, 5 ғылым магистрлері.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы бірнеше бағытты қамтиды:

  • Эксперименттік тығыздық өлшегіштің макетін құрастыра отырып, сұйықтықтың тығыздығын инновациялы ультрадыбысты өлшеу (ғылыми жетекшісі ф.-м.ғ.к. Алонцева Д.Л.);
  • Автоматтандырылған дәлдіктегі жабу көпфункционалды ұнтақ жабын жүйелері (ғылыми жетекшісі ф.-м.ғ.к. Алонцева Д.Л.);
  • Көмірді жерасты газдандыру: шығарылымдарды азайтатын және экологиялық басқарылатын инновациялық технология (ғылыми жетекшісі ф.-м.ғ.к. Алонцева Д.Л.);
  • Реттемелі геометриялы гидроциклондарды қолданушы Қазақстанның тау-кен өндіруші өндірістік кәсіпорындары мен типтік ЖЭС-те жаңа гидрозоло-жою автоматтандырылған технологияларын өңдеу (ғылыми жетекші т.ғ.д. Квасов А.И.);
  • Автоматты басқаруы бар қосарлы жарықтандырудың жарықдиодты орнатуларындағы энерготұтынуды оңтайландыру: алгоритмдер, бағдарламалық жабдықтау, ЭКСПО 2017-де көрсету үлгісі (ғылыми жетекшісі ф.-м.ғ.к. Бакланов А.Е.);

Инновациялық жобаларды орындауда материалды негіз ретінде «Болашақ энергиясы» ғылыми-инновациялық орталығы және мамандандырылған кафедра зертханасы саналады: «Аналогты және сандық схемотехника» оқу зертханасы, «Робототехника, мехатроника және электроника» оқу зертханасы, «SIEMENS фирмасының контроллерлерін бағдарламалау» оқу зертханасы, «MITSUBISHI ELECTRIC фирмасының контроллерлерін бағдарламалау» оқу зертханасы, «Телекоммуникациялық жүйелерді автоматтандыру» оқу зертханасы, сонымен қатар жарықдиодты жарықтандыру аспаптарын құрастыру бойынша тәжірибелік оқу-өндірістік аумақ.

ПОҚ біліктілігін жоғарылату және оған дайындау біліктілікті жоғарылату курсын оқу, магистратура, доктарантура, шетел, халықаралық конференциялар, семинарлар, тәжірибелерге қатысу арқылы жүзеге асырылады.

2015 жылы конференция, семинарлар, байқауларға қатысқандар:

  • Бакланов А.Е. халықаралық OSKEMEN EXPO 2015 көрмесі шеңберінде өткен «Жасыл технологиялар» инновациялық жоба байқауының жеңімпазы .
  • Алонцева Д.Л. «Эксперименттік тығыздық өлшегіштің макетін құрастыра отырып, сұйықтықтың тығыздығын инновациялы ультрадыбысты өлшеу» жобасын (EXPO 2017 ұсынылған) G-Global ұсынды 
  • Русакова А.В. 2015 жылы дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері
  • Алонцева Д.Л. «Шапағат-2015» XII Республикалық өнер тапқыштар байкауында «Әйел - тапқыш» номинациясында «Казахстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» дипломымен марапатталды, сәуір 2015 жылы.
  • Алонцева Д.Л. TechWomen бағдарламасына қатысу (Сан Франциско, Калифорния, АҚШ), қыркүйек-қараша 2015 года.
  • Алонцева Д.Л. 2015 жылғы областық мектеп жобалары байкауында «Сыйымдылық пен индуктивтілікті өлшеу (LC-метр)» жобасының жетекшісі. Жоба 1 орынды иеленді (ШҚО).
  • Бакланов А.Е., Алонцева Д.Л., Русакова А.В., Еруланова А.Е., Швец О.Я., Григорьева С.В. 2015 жылы алыс және жақын шетел халықаралық конференцияларына қатысты 

Кафедра меңгерушісі, ф.-м.ғ.к., доцент Бакланов А.Е. «ЖОО ең үздік оқытушысы-2014», ф.-м.ғ.к., профессор Алонцева Д.Л. - «ЖОО ең үздік оқытушысы-2012», т.ғ.к., доцент Швец О.Я. - «ЖОО ең үздік оқытушысы-2015» иегері.

 

Кафедра студенттері, магистранттары, доктаранттары мемлекеттік бюджеттік қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады.

Жыл сайын кафедраның магистранттар мен үздік студенттері аймақтық, республикалық, халықаралық дәрежедегі байқаулар, олимпиадалар, ғылыми конференцияларға қатысады.

2015 жылы кафедраның келесі студенттері мен магистранттары олимпиадалар мен байқауларға қатысты:

  • Короткова С.В., «Аспап жасау» мамандығы бойынша 2 курс магистранты, Республикалық байқауда студенттердің ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша II дәрежелі дипломмен марапатталды. 
  • Мурзин М.В., «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының 3 курс студенті, Республикалық байқауда студенттердің ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша II дәрежелі дипломмен марапатталды. 
  • Григорьев Е.А., «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша 3 курс студенті, Республикалық пәндік олимпиадада 5В070200 «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша III дәрежелі дипломмен марапатталды.
  • 2015ж жылдың сәуірінде Томск политехникалық университетінде өткен «Электроника және наноэлектроника» бағытындағы электроника бойынша XII Бүкілресейлік студенттік олимпиадада қатысқандар: Назенова Г.М. (12-РТ-1), Кусаинова А.Т. (12-АУ-1), Мурзин М.В. (12-РТ-1), Григорьев Е.А. (12-АУ-1).

«Инновациялық идея» конкурсының II кезеңіне«Ұшқышсыз ұшу аппараттарын көмегімен техногендік құрылыстармен және жасыл кеңістіктер қайта қарау» жобасы қатысты. Жетекші Титов Д.Н. Бастамашы 12-АУ-1тобының студенті Григорьев Е.А. Жоба II орынды иеленді.