Кафедра жетістіктері

2016 – 2017 жж кафедра жетістіктері

2016 ж. 4 маусымында кафедраның аға оқытушысы Байгереев Д.Р IELTS Халықаралық емтиханын тапсырды, 2016 ж. 07-19 желтоқсанда Coursera платформасында «Single Variable Calculus» онлайн-курсын өтті, сертификаты бар.

2015 – 2016 жж кафедра жетістіктері

2015-2016 оқу жылының қорытындысы бойынша аға оқытушы Дронсейка И.П. «ШҚМТУ-дың үздік кураторы» байқауында 1 орын жеңіп алды. Куратордың жетекшілігіндегі (аға оқытушы Мухамедова Р.О.) 15-ТЭК-1 топ «Үздік кураторлық топ» байқауында 3 орынға ие болды.

Кафедра профессоры Н.Г. Хисамиев cәтті ғылыми – педагогикалық қызметі үшін 2015 жылы «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері болды.

2015 жылы еліміздің білім беру жүйесін сапалы дамыту мақсатында жүргізілетін тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу барысында көрсеткен кәсіби шеберлігі мен жоғары жауапкершілігі үшін Ж.Ә.Әскербекова Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

2015 жылдың 25 қарашасында Н.Г.Хисамиевке әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мерейтой медалі тапсырылды.

2015ж. қазан айында кафедра профессоры С.Д. Тыныбекова «NovоEd» білім-мониторингтік компаниясының ұйымдастыруымен өткен кадрлық скрининг бағдарламасын сәтті аяқтап, сертификат алды.

 

2014 – 2015 жж кафедра жетістіктері

Қазақстан Республикасының (2014ж.) докторантурасында білім беру бағдарламалары бойынша ЖОО оқытушыларының бас рейтингісі бойынша ф.-м.ғ.д, профессор Н.Г. Хисамиев 28-ші орында тұр, университет оқытушыларының арасында 4 орын.

Қазақстан республикасының тәуелсіздік күнін атап өтуде білім беру саласында қосқан үлесі және жетістіктері үшін ф.-м.ғ.д., профессор Н.Г. Хисамиев Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің құрмет мақтау қағазымен, аға оқытушы Дронсейка И.П. білім және ғылым кәсіподақ қызметшілерінің облыстық мекемесінің құрмет мақтау қағазымен марапатталды.

2014 жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы студенттердің жаратылыстану-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында Ә.Ә. Қоңырханова және Г.Қ. Үрстемова (12-ММАК-2 тобы) магистрлерінің ғылыми жұмыстары I-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.

2013 – 2014 жж кафедра жетістіктері

2014 жылы еліміздің білім беру жүйесін сапалы дамыту мақсатында жүргізілетін тестілеуді ұйымдастыру мен өткізу барысында көрсеткен кәсіби шеберлігі мен жоғары жауапкершілігі үшін П.Б. Бейсебай Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

2014 жылдың 8 наурызында, Халықаралық әйелдер Күніне арналған мерекелік іс – шарада, жоғары білім саласындағы көпжылдық адал еңбегі үшін кафедра доценті Р.У. Мукашева құрмет грамотасымен марапатталды.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік Күнін тойлауға арналған салтанатты іс – шарада кафедра оқытушысы Ж.Ә.Әскербекова жемісті ғылыми – педагогикалық қызметі үшін, білікті мамандар дайындауға қосқан елеулі еңбегі үшін мақтау қағазымен марапатталды.

2013 жылдың 12-қарашасынан 15-қараша аралығында Новосибирск қаласындағы СБ РАҒ С.Л. Соболев атындағы математика институтында және Новосибирск мемлекеттік университетінде дәстүрлі «Мальцевтік оқыту» атты халықаралық конференция өтті. 2013-жылы бұл конференция ф.-м.ғ. докторы, профессор Л.Л.Максимованың мерейтойына арналды. Біздің университетімізден конференцияда «Жоғары математика» кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ. докторы, профессор Н.Г.Хисамиев; PhD докторанттары Р.К. Тюлюбергенев және М.К.Нуризинов « тобының ішкі топтарының есептелімділігі» тақырыбында баяндама жасады және «Жоғары математика» кафедрасының доценті, ф.-м.ғ. кандидаты И.В.Латкин «Ұзақ есептелінетін формулаларды шартты және шартсыз үлгілеу» тақырыбына баяндама жасады. Сондай-ақ, НМУ-інде ғылыми іс алмасуда жүрген магистранттар Ә.Ә.Қонырханова, Г.Қ.Урстемова, А.Алибекұлы, Г.А.Сагиолданова тыңдарман ретінде конференцияға қатысты.

2012 – 2013  жж кафедра жетістіктері

Кафедра доценті В.В. Белослюдова білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталды.

***

2012ж. 16-30 қарашасында профессор С.Д. Тыныбекова «2011жылдың үздік оқытушысы» бағдарламасы шеңберінде Ұлыбританияға барып қайтты. British Council  ұйымдастырған сапар барысында британиялық жетекші жоғары оқу орындарының және Times World University Rankings рейтинг агенттігінің өкілдерімен сапаны бақылау, интернационалдандыру, академиялық мобильділік, қызметкерлердің кәсіби дамуы, жоғары білім менеджменті сұрақтары талқыланды.

***

2012 жылдың 18 қыркүйегі және 20 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласында кеңес және қазақстандық белгілі ғалым, физика – математика ғылымдарының докторы, профессор Туленді Гарифович Мустафинді еске алуға және 70 жылдығына арналған «Үлгілер теориясы және алгебра» атты Халықаралық ғылыми конференция өткізілді.

Конференцияда кафедра меңгерушісі Н.Г.Хисамиев, доцент И.В.Латкин және 2 курс докторанттары Тюлюбергенев Р.К., Нуризинов М.К. баяндама жасады.

2011 – 2012  жж кафедра жетістіктері

SertTynybekova pic20Кафедра профессоры С.Д. Тыныбекова cәтті ғылыми – педагогикалық қызметі үшін 2011 жылы «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері болды.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл толуына арналып өткізілген мерекелік іс шарада «Жоғары математика» кафедрасының меңгерушісі профессор Н.Г.Хисамиевке ҚР БҒМ «ҚР ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» белгісі берілді.

Жыл сайын өткізілетін «Үздік кафедра – 2011» байқауында біздің кафедрамыз  1- ші орын алды және мақтау қағазымен, көпфункционалды құрылғымен (КФҚ) марапатталды.

«Үздік куратор-2011» байқауында 08-ВТ1 тобының тәлімгері И.П.Дронсейка 2 – орын алды. Сонымен қатар, Ирина Пранасовна ШҚМТУ оқытушылары арасында жыл сайын жүргізілетін «Үздік оқытушы – 2011» байқауының жеңімпазы болды.

pic1

РФ ҒА академигі Ю.Л.Ершов Н.Ғ. Хисамиевті марапаттауда.

pic212011 жылдың қазан айының 10 жұлдызынан 14 жұлдызына дейінгі аралықта Новосибирск қаласында алгебра, математикалық логика және алгоритмдер теориясынан «Мальцев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференция болып өтті,

Қатысушылар географиясы көп мемлекеттерді қамтыды: Россия, Қазақстан, Қырғызстан, АҚШ, Германия, Италия, Австралия, Оңтүстік Зеландия және басқа мемлекеттер.

Конференция бүкіл әлемге әйгілі, импакт – факторы жоғары «Алгебра және логика» журналының шығарылғанына 50 –жыл толған жылы өткізілді. Журнал ағылшын тілінде АҚШ – да қатарласып шығарылады. Бұл журналдағы мақаланың бір бетіне 25$ авторлық сыйақы беріледі.

Конференцияда осы журналға маңыздылығы ерекше жұмыстар жариялаған ғалымдарды және Математика институтының Ғылыми Кеңесінде докторлық диссертация қорғаған ғалымдарды күміс төс белгімен марапаттау жүргізілді. Осындай сый құрметке Қазақстаннан жоғары математика кафедрасының меңгерушісі Н.Ғ. Хисамиев ие болды, Н.Ғ. Хисамиев күміс төс белгімен марапатталды.