Бакалаврларды 5B070500 - Математикалық және компьютерлік моделдеу

5B070500 – Математикалық және компьютерлік моделдеу бакалаврларын даярлау мамандығы (түлек моделі).

Оқыту формалары бойынша мерзімдер:

  • орта білім базасында: күндізгі - 4 жыл;
  • орта арнаулы білім базасында: күндізгі және сырттай - 3 жыл;
  • жоғары білім базасында: сырттай - 2 жыл.

Оқуды бітіргеннен кейін математикалық және компьютерлік моделдеу бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Оқытылатын пәндер:

  • Математикалық моделдеу әдістері;
  • Үдерістер мен жүйелерді компьютерлік моделдеу;
  • Жүйелік талдау;
  • Шешімдерді қабылдауды қолдаудың жүйелері;
  • Ықтималды үдерістерді моделдеу;
  • Математикалық моделдеу: жаңа көзқарастар мен алгоритмдер.

2014 жылы Болон процесінің және академиялық мобилділік орталығының бағалауы нәтижесінде Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ 5В070500 «Математикалық және компьютерлік моделдеу» білім бағдарламасы бойынша 2-ші орынды иеленді. Толық ақпаратты Болон процесінің және академиялық мобилділік орталығының сайтынан оқуға болады www.naric-kazakhstan.kz.

2014 жылы Қазақстан Республикасының Рейтинг және аккредитациялаудың тәуелсіз агенттігінің бағалауы нәтижесінде Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ 5В070500 «Математическое и компьютерное моделирование» білім беру бағдарламасы бойынша 2-ші орынды иеленді. Толық ақпаратты агенттіктің сайтынан оқып-білуге болады. www.iaar.kz.