Халықаралық ынтымақтастық

Үш тілдікке көшу Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде және  ИИДМБ-2 жобалары үшін кадрларды даярлауды «5В070900 – Металлургия» мамандығы бойынша 2016 ж. 8 желтоқсанынан 22 желтоқсанына дейін білікті мамандарды дайындау үшін Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдар мен кеңесшілерді тарту бағдарламасына сай кафедраға ағылшын тілінде шеберлік сабағы мен кеңестер өткізу үшін Томск политехникалық университетінің физ-мат. ғылымының докторы Килин В.А. шақырылған.

2015-2016 оқу жылының жоспары бойынша шетелдік ғылыми тағылымдамадан 2 курс магистранттары өтеді:

  • pic14 pic14Ф.М. Достоевский ат. ОмГУ, 14-28 қыркүйек, 2015ж. (қ. Омск, Ресей);
  • 3 курс докторанттары Баку мемлекеттік униветситеті, 24 тамыз, 2015ж. - 5 қыркүйек, 2015ж. (қ. Баку, Азербайджан);
  • 2 курс докторанты Ф.М. Достоевский ат. ОмГУ, 14 қыркүйек - 16 қазан 2015ж. (қ. Омск, Ресей).

MorozovMorozovШетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы бойынша 2015 жылдың 20-25 сәуірінде бірінші жыл оқитын PhD докторанты Ә.Ә.Қонырхановаға ғылыми кеңес беру мақсатында ф.-м.ғ.д., профессор В.А. Романьков (Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінен) шақырылды. Сондай-ақ, В.А. Романьков АТжЭ факультетінің ғылыми семинарына қатысты.

 

 

pic14pic14

2014-2015 оқу жылының шетелдік тағылымдаманың жоспарына сай 2-ші курстың магистранттары шетелдік ғылыми тағылымдаманы 2014 жылдың 29 қыркүйегінен 2014 жылдың 8 қазанына дейін Италияның Сиена қаласында өткерді.

Тағылымдаманың мақсаты және тапсырмасы: шетел оқытушыларының сабақтарына қатысу, зерттеу тақырыбы бойынша магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуі, профессор Андреа Сорбидің магистрлік диссертация көлемінде кеңес беруі.

pic14pic142013 жылдың 26 маусым – 16 шілде аралығында PhD докторанттары Р.К.Тюлюбергенев және М.К.Нұризинов Сиена университетінде(Università degli Studi di Siena) Италияның Сиена қаласы, шетелдік ғылыми өтілімділіктерін өткізді. Өтілімділік барысында шет елдік ғылыми кеңесшісі - PhD докторы, профессор Андреа Сорбиден диссертациялық жұмыстағы зерттеу тақырыптарынан кеңес алды. 2013 жылдың 1 шілдесінен 5 –шілдесіне дейін PhD докторанттары Италияның Милан қаласындағы University of Milano-Bicocca университетінде өткізілген «Вычислимость в Европе» («Европадағы есептеулер») халықаралық ғылыми конференциясына қатысып, баяндама жасады.

pic14pic14Магистранттар мен докторанттарға арналған академиялық жұмылғыштық бағдарламасымен жылдың желтоқсан айында кафедраға физика – математика ғылымдарының докторы, Азербайжан ҰҒА академигі, Баку мемлекеттік университетіндегі қолданбалы математика институтының директоры Фикрет Ахмедали оғлы Алиев және физика – математика ғылымдарының кандидаты, Баку мемлекеттік университетіндегі қолданбалы математика институтының есептеу жүйелері лабороториясының меңгерушісі Навази Аббас оғлы Исмаилов шақырылды.

Келесі дәрістер жүргізілді:

  • пайдаланылатын ұңғымаларды игеру үдерісін бұрғақтық әдіспен жетілдіру мақсатында тиімді ұсыныстар әзірлеу;
  • мұнайгаз өндірістік үдерістерінің өзара байланысу серпінін экономика – математика тұрғысынан бағалауды әзірлеу;
  • үзіктік – сызықты жүйелерді тұрақты жағдайда сәйкестендіру есептерін шешу алгоритмі.

«Жоғары математика» кафедрасында магистранттар мен PhD докторанттарына дәріс жүргізуге, олардың жұмыстарына жетекшілік жасауға, кафедраның ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысу мақсаттарымен шетелдік мамандарды шақыру жұмыстары жүргізілуде.

Халықаралық ынтымақтастық келісім шартына сәйкес 2012 жылдың 19  қарашасымен 30 қараша аралығында кафедраға физика – математика ғылымдарының докторы, профессор, Омбыға педагогикалық мемлекеттiк университеттiң ақпараттық жүйелер және қолданбалы математиканың кафедрасының меңгерушісі. Информатиканың аймақтық орталығын директор.

Осы бағдарлама шеңберінде орындалды:

  • В.А. Романьковпен  «Нильпотентті және метабельді топтар» курсынан  курсынан «Математика» мамандығындағы магистранттарға, докторанттарға дәрістер оқып және практикалық сабақтар өткізілді.
  • «Нильпотенті және метабельді топтар теориясының дәрістері» пәнінен басылымға оқу құралы дайындалды (авторлары Романьков В.А., Хисамиев Н.Г.).
  • В.А. Романьковпен математикадан магистрлік және PhD докторанттары диссертациялар тақырыптарынан кеңес берді.

Халықаралық ынтымақтастық келісім шартына сәйкес 2012 жылдың 2 қазаны мен 12 қазан аралығында кафедраға Ph.D докторы, Сиен университетінің профессоры Андре Сорби шақырылды.

Бұл бағдарлама шеңберінде келесі іс – шаралар орындалды:

  • Андре Сорби «Есептеулер теориясының иерархиялары» курсынан «Математика» мамандығындағы магистранттар, докторанттарға дәрістер оқыды және тәжірибелік сабақтар жүргізді.
  • «Есептеулер теориясының иерархиялары» пәнінен оқу құралы баспаға дайындалды (авторлары А.Сорби, Хисамиев Н.Г.).
  • А.Сорби «Математика» мамандығындағы PhD докторанттарына диссертация тақырыптарынан ғылыми кеңес жүргізді.

ArslanovХалықаралық ынтымақтастық келісім шартына сәйкес 2011 жылдың 30 қарашасымен 14 желтоқсан аралығында кафедраға физика – математика ғылымдарының докторы, профессор, Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының корреспондент – мүшесі, Ресей федерациясының жоғары мектебіне, Казань федералды унивеситетінің (КФУ) еңбек сіңірген профессоры, КФУ-ң алгебра және математикалық логика кафедрасының меңгерушісі және Н.Г. Чеботарев атындағы Ғылыми-зерттеу институтының алгебра бөлімінің меңгерушісі Арсланов М.М. шақырылды.

Осы бағдарлама шеңберінде орындалды:

  • Арсланов М.М. «Ершов Иерархиясы – алгоритмдік күрделілігі математикалық мәселелер классификациясы» курсынан магистранттарға, докторанттарға және «Математика», «Математикалық және компьютерлік модельдеу», «Ақпараттық жүйелер» мамандығындағы студенттерге дәрістер оқып, тәжірибелік сабақтар жүргізді.
  • «Есептелетін теория дәрістері (Ершов иерархиясы)» пәнінен басылымға оқу құралы дайындалды (авторлары Арсланов М.М., Хисамиев Н.Г.).
  • • Арсланов М.М. математика мамандығындағы магистрлік диссертациялар тақырыптарынан кеңес берді, PhD докторанттары диссертацияларының тақырыптарын құптады.

MorozovMorozov2

Халықаралық ынтымақтастық келісім шартына сәйкес 2011 жылдың қыркүйегінде кафедраға физика – математика ғылымдарының докторы, профессор, РҒАСБ Математика Институтындағы «Логикалық жүйелер» лабороториясының меңгерушісі Морозов А.С. шақырылды.

Осы бағдарлама шеңберінде орындалды:

  • А.С.Морозов «Алгоритмдер теориясы» курсынан магистранттарға, докторанттарға және «Математика», «Математикалық және компьютерлік модельдеу», «Ақпараттық жүйелер» мамандығындағы студенттерге дәрістер оқып, тәжірибелік сабақтар жүргізді.
  • Кафедраның ғылыми семинарында Морозов А.С. «Нақты сандарға құрылымдардың көрсетілуі» (08.09.2011 ж.), «Жаңа замандағы алгоритмдердің теориясы», «Есептеулер топтары» (16.09.2011 ж.) тақырыптарынан баяндамалар жасады.
  • Морозов А.С. математикадан магистрлік диссертациялар тақырыптарынан кеңес берді, PhD докторанттары диссертацияларының тақырыптары құпталды.

Danaev Internac2ШҚМТУ ректорының шақыруымен 2011 жылғы сәуірдің 18 – нен 23 дейін студентерге, магистранттарға, PhD докторанттарына және кафедра оқытушыларына Аль-Фараби атындағы ҚазМУ математика және механика ҒЗИ директоры, физика математика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, инженерлік академия академигі Наргозы Турсынбаевич Данаев «Навье-Стокс теңдеулері шешімдерінің торлар әдістері және олардың қолданба есептерге қолданыстары» тақырыбынан дәрістер жүргізді.

Қазіргі уақытта кафедра, PhD докторантурасын бірлесе құру мақсатымен, Сиена (Италия) қаласының университетімен байланыс жасауда. НҰУ – мен ежелден мығым байланыс орналасқандықтан, РҒА - ның мүше – корреспонденті, профессор Гончаров С.С., профессор Морозов А.С. осы жобаға қатысуға келісім берді. Сиена қаласының университетінен PhD докторы Андре Сорби қатысады (ынтымақтастыққа сертификат, қызметтестікке келісім шарт).

i10i112008 жылы 14 желтоқсанда кафедрада НМТУ - нің профессоры Судоплатов С.В. өзінің  ғылыми бағыты сұрақтарымен таныстыру мақсатымен, «Современные проблемы математики. Пути их совершенствования»(Математиканың қазіргі замандағы мәселелері. Оларды жетілдіру жолдары) тақырыбынан дәріс жүргізді. Ынтымақтастық идеясын жалғастыру мақсатымен, біздің университеттен қайтқаннан кейін, Судоплатов С.В.  НМТУ - нің  әкімшілігіне кездесіп, іс – сапары жөнінде айтып береді. Нәтижесінде университеттің математикалық кафедраларына жоғары математика кафедрасының оқытушыларды сынақ мерзімін өткізіп, НМТУ – де әртүрлі сұрақтармен бірлесе зерттеулер жүргізуге, оның ішінде математикаға оқыту әдістемелері сұрақтарынан және білім жөніндегі сұрақтардан зерттеулер жүргізуге,  шақыру жөнінде шешім қабылданды.

i12i132009 жылдың 30 тамызынан қыркүйектің бірі аралығында, университет қабырғасында Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің қолдауымен, жоғары математика кафедрасының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Вычислимость и модели» («Есептеулер мен үлгілер») Халықаралық  ғылыми конференциясы өткізілді.

Конференцияға қатысушылар географиясы көп қалаларды қамтыды – ол Новосибирск, Омск, Владивосток, Казань, Алматы, Астана, Тараз,Өскемен қалалары.

Конференция мақсаты: үлгілер теориясы, есептеулер теориясының теориялық және қолданбалық қырларын, олардың алгебра, геометрия және кибернетикаға қолданбаларын  талдау болды.

Жауапты: профессор Тыныбекова С.Д.