Математика мамандығынан магистратура

Мамандықтаң жалпы сипаттамасы

6M060100 – Математика мамандығынан магистратура 2001 жылы жоғары математика кафедрасында АА № 0000018 лицензиясы және ҚР БжҒМ 08.07.2002 ж №536, 03.08.2001ж №643 бұйрықтары негізінде ашылды.

Магистранттарды 6M060100 –Математика мамандығынан дайындау Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрінің 01.11.2010ж №506 бұйрығымен бекітілген білім беру мекемелеріндегі оқушылардың үлгерімін ағымдық бақылауын жүргізу, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестацияларды өткізу Ережелеріне сәйкес іске асырылады.

Магистратурада мамандарды дайындау «Жалпылама есептеулер және үлгі анықталымдылығы» ғылыми – педагогикалық бағытымен жүргізіледі. Магистранттар оқу үдерісінен жақсы білім қорын жинап, терең білім алады. Бұл білімділік магистранттарға арналған маңызды профильдік құрастырушы болатын әртүрлі қайнарлардан алынады:

1. арнайы пәндер: «Үлгілер теориясы», «Алгоритмдер теориясы», «Анықталымдылық және есептеулер», «Топтар теориясы», «Коммутативті алгебра», «Математикалық логика және философия», құрамында математиканы және жалпы білім беру әдістемелері сұрақтарынан жүргізілетін курстар бар;

2. үлгілер теориясы, есептеулер теориясы және олардың алгебра, геометрия, кибернетикаға қолданыстарының теориялық және қолданбалы қырларын зерттеу тұрғысынан жүргізілетін Н.Г. Хисамиевтің ғылыми семинарлары.

Магистранттарға арнайы шақырылған белгілі ғалымдар дәріс оқыды: ҚР ҒЗА академигі, ф. -м. ғ.д , профессор Н.Т.Данаев, т.ғ.д., РҒА СБ ЕТИ профессоры О.Л.Жижимов, т.ғ.д., РҒА СБ ЕТИ профессоры Г.С.Хакимзянов, ф. -м. ғ.д., профессор, РҒА СБ МИ «Логикалық жүйелер» лабороториясының меңгерушісі А.С.Морозов, , ф. - м. ғ.д., профессор, Татарстан Республикасы ҒА мүше –корреспонденті, ҚФУ алгебра және математикалық логика кафедрасының меңгерушісі М.М.Арсланов және т.б.

Кафедра магистранттары өтілімділікті НМУ механика - математика факультетінде өткізеді. Магистранттардың ғылыми жұмыстары республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциялар еңбектерінде жарияланумен қатар, ҚР басқа да жоғары оқу орындарының  ғылыми журналдарында басылып жарық көруде.

01.09.2007ж. 10.07.2015 ж. аралығында кафедра 34 адамды математика магистрі академиялық дәрежесімен оқытып шығарды. Олардың барлығы жоғары деңгейлі маман болды, олар терең білім иегері болумен қатар, қызмет саласында кәсіптік дағдылық пен біліктілік көрсетуде. Барлығы өз мамадығымен жұмысқа орналасты.

 

6М060100 Математика
БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢҚЫЗМЕТ ЕТУ АЯСЫ

6М060100-Математика білім бағдарламасының түлектері математика салаларының ғылыми-зерттеу қызметіне, ЖОО-дағы білім қызметіне, білім беру ұйымдарының әдістемелік қызметіне, сонымен қатар қазіргі заманғы компьютерлік технологиялар қолданылатын есептеу орталықтары мен банк жүйелерінде қызмет етуге даярланады. Түлектер ҚР заңына сәйкес, жоғары кәсіптік білімді талап ететін басқа да кәсіптік қызмет түрімен айналысуына болады.