«6M070500 – Математикалық және компьютерлік моделдеу» мамандығынан магистратура

6M070500 – Математикалық және компьютерлік моделдеу – магистрлік даярлау бағдарламасы (түлек моделі).

Даярлау бағыттары мен мерзімдері:

  • профильдік бағыт - 1,5 жыл
  • ғылыми-педагогикалық бағыт - 2 жыл.

Оқыту формасы - күндізгі.

Диссертацияны сәтті қорғағаннан кейін оқу мерзіміне тәуелсіз ізденушіге техника және технология магистрі академиялық дәрежесі беріледі.

2014 жылы Қазақстан Республикасының Рейтинг және аккредитациялаудың тәуелсіз агенттігінің бағалауы нәтижесінде Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ 6M070500 «Математикалық және компьютерлік моделдеу» білім беру бағдарламасы бойынша 2-ші орынды иеленді.Толық ақпаратты агенттіктің сайтынан оқып-білуге болады www.iaar.kz.