Әдістемелік жұмыс

Кафедраның әдістемелік жұмысы кафедраға бекітілген пәндерді оқытуды жетілдіру, оқу барысын тиімдеу мен қарқындату, оның әдістемелік қамтылуын жақсарту, профессорлық-оқытушылық құрамның педагогикалық біліктілігін арттыруға бағытталған. Бұл жұмыстың маңызды бөлігі кафедраның әдістемелік семинары болып табылады, онда:

  • кафедраның негізгі әдістемелік мәселелері талқыланады;
  • кафедра пәндері бойынша оқу-әдістемелік қамту талқыланады;
  • оқытудың сапасына талдау жүргізіледі;
  • кафедраның ашық сабақтарын талқылау ұйымдастырылады;
  • оқытудың жаңа әдістерін әзірлеу мен оларды енгізу жоспарланып, талқыланады;
  • жоғарғы оқу орны ішіндегі ғылыми-әдістемелік конференциялар мен семинарларды даярлау мен жүргізуге қатысу ұйымдастырылады;
  • оқытудың озық педагогикалық технологияларымен тәжірибе алмасу және оны оқу үдерісіне енгізу.

Кафедраның әдістемелік жұмысы білім беру қызметтерін сүйемелдеу бойынша көпвекторлы процесс, оның мазмұнын төмендегідей бейнелеуге болады:

  • математикалық дайындық тұрғысында мамандардың құзіретті моделін қалыптастыру мақсатында оқытудың жобалық-ұйымдастырушылық, мәселелік- және тұлғалық-бағдарланған технологияларын енгізуге бағдарланған оқу үдерісінің оқу-әдістемелік инфрақұрылымын құру;
  • білім беру қызметтерінің оқу-әдістемелік және әдіснамалық контенттерін ашық білім жүйесінде қашықтан оқыту технологиясының талаптарына бейімдеу;
  • оқытудың интерактивті жүргізілуі үшін оқу-әдістемелік материалдарды мультимедиялық форматқа көшіру шараларын жүзеге асыру.

Оқумен және ғылыми саламен байланысты жетілдіруге бағытталған және жоғарғы білімді мамандарды үзіліссіз даярлау тұжырымдамасы талаптарын қанағаттандыратын оқу барысының  ғылыми-зерттеу және педагогикалық  педагогикалық практика тәжірибелеріне сәйкес әдіснама мен ұйымдастыру-әдістемелік қамтаманы әзірлеуге үлкен көңіл бөлінеді. Бұл кафедраның ғылыми-зерттеушілік жұмыстары нәтижелерін оқу үдерісіне енгізу тапсырмаларын шешуге мүмкіндік береді.

 

методическая работа методическая работа

Жауапты: aға оқытушы Мухамедова Р.О.