Ғылыми-зерттеу жұмысы

Ғылыми зерттеулер

Кафедрадағы іргелі ғылыми зерттеулер үш бағытта жүргізіледі: «Жалпылама есептеулер және үлгі анықталымдылығы»,«Есептеуіш математика».

Бірлесе зерттеу негізінде студенттер серіктес автор болған ондаған мақалалар жарияланған, ғылымда және өндірісте елеулі маңызы бар магистрлік диссертациялар дайындалып, қорғалған. Ғылыми – зерттеу жұмыстарының нәтижелері оқу курстарының мазмұнын жетілдіруге, оқу курстарын жергілікті мәселелер шешімдеріне бейімдеуге маңызды негіз болды. Ғылыми зерттеулер оқыту процесіне енгізілген кредиттік технологиядан да жүргізілді.

Кафедра ғылыми - әдістемелік ынтымақтастықпен бірлесе жұмыс жасау мақсатымен:

  • Ф.М.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетімен келісім шарт құрды (Россия);
  • Новосибирскінің мемлекеттік университетімен, теориялық және қолданбалы математикадан ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізуге келісім шарт құрды (Россия) 2007 жылдан бастап;
  • Новосибирскінің мемлекеттік техникалық университетімен, теориялық және қолданбалы математикадан ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізуге келісім шарт құрды (Россия);
  • Алтай мемлекеттік университетімен, теориялық және қолданбалы математикадан ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізуге келісім шарт құрды (Россия);
  • Сиена (Италия) университетімен PhD докторанттарын оқыту және олардың кәсіптік практикасын өткізуге келісім шарт құрды.

Ғылыми жобалар

Жаңартпа қарекеттің негізгі бағыттары кафедраның ҒЗЖ сәйкес және жеке оқытушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарымен анықталды. Кафедра «Жалпылама есептеу үлгілері» тақырыбынан жаңартпа жоба орындайды, бұл жоба ҚР БжҒМ Іргелі зерттеулер Қорынан үйлестіріледі. Сонымен қатар, АТжЭФ «Техникалық білімді математикаландыру» жаңартпа жобасы игерілген және бұл жоба факультетте іске асырылуда.

Кафедрадағы  ғылыми-зерттеу жұмысы бірнеше бағытта жүргізіледі:

  • «Есептеуіш математика» (Ғылыми жетекші Байгереев Д.Р.);
  • «Жалпылама есептеулер» (Ғылыми жетекші PhD докторы, доцент Латкин И.В.)

ПОҚ дайындау және біліктілігін жетілдіру біліктілікті жоғарылату курстарында, докторантурада, магистратурада оқытумен іске асырылады.

Кафедрада 2011 жылдың қыркүйегінен үш бағытта PHD докторантурасы ашылды: 1) алгебра және математикалық логика; 2) есептеуіш математика. 

«Математика» мамандығының магистранттары мен PhD докторанттары шетелдік тағылымдама жоспары бойынша әр уақытта ғылыми тағылымдамадан өтті:

  • Анталия университетінде (Турция);
  • Сиена университетінде (Италия);
  • Баку мемлекеттік университетіндегі қолданбалы математика ҒЗИ-да (Әзірбайжан);
  • Ф.М. Достоевский атындағы Омск мемелекеттік университетіндегі математика және ақпараттық технологиялар институтында (Ресей);
  • Новосібір мемелекеттік университетінің маханика-математика факультетінде (Ресей).

«Математика» мамандығы бойынша докторантура түлектері докторлық диссертацияларын ойдағыдай қорғады:

  • Аменова Ф.С. Әл Фараби атындағы ҚазМУ-де 03.07.2015 ж. диссертация қорғады;
  • Темирбеков А.Н. Әл Фараби атындағы ҚазМУ-де 03.07.2015 ж. диссертация қорғады;
  • Нуризинов М.К. Сиена университетінде (Италия) 24.11.2016 ж. диссертация қорғады

Алыс-жақын шетелге іссапарлар:

  • Профессор Н.Г. Хисамиев, доцент И.В. Латкин «Мальцев оқулары» (қ. Новосибирск, 10-13 қараша 2014ж., 3-6 мамыр 2015ж.) атты халықаралық ғылыми конференцияға екі мәрте қатысушы болды;
  • «Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен IT білім» (қ. Москва, М.В. Ломоносов ат. МГУ, 17-19 қараша 2014ж.) атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда мәлемдеме жасады;
  • Доцент И.В. Латкин 57 - МФТИ ғылыми конференцияға «Следы форм высших степе-ней» атты баяндамасымен шықты (қ. Москва, 24-29 қараша, 2014ж.);
  • Профессор Н.Г. Хисамиев «Эрлагол» конференциясында пленарлық баяндамамен қатысты (қ. Новосибирск, НГТУ, 20-25 қараша, 2015ж.);

Оқу жылы барысында кафедра оқытушылары ШҚМТУ өткізген әртүрлі біліктілік арттыру курстарынан өтті:

  • Gamze Keskin «Elsevier Science Directand Scopus training» семинары - 4 оқытушы;
  • НААР өткізген семинар-тренинг «Білім сапсын қамтамасыз етудің университетішілік жүйесі» - 3 оқытушы;
  • «Macromedia Flash-компьютер бағдарламасын пайдалану» курсы - 2 оқытушы;
  • «Аудиториялық электрондық оқыту ресурстарын пайдалану» курсы - 3 оқытушы;
  • LaTeX бағдарламасын оқыту курсы - 1 оқытушы, 1 магистрант, 2 докторант;
  • Шет елдік ғылымдарды тартумен ғылыми семинарлар: ф.-м. ғылымдарының докторы, профессор В.А. Романьков (Ресей, 20-24 сәуір 2015ж.), доктор PhD, профессор Андреа Сорби (Италия, 14-27 қыркүйек, 2014ж.) - 15 оқытушы;
  • саясат индустриалды-инновациялық субъектілерін хабарлауға семинар индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау алу үшін рәсімін түсіндіретін, іске асырылған - 1 оқытушы;
  • және басқа 15 оқытушы.

 

SDC11236 SDC11236 SDC11236

 

pic5Аға оқытушылар Р.О. Мухамедова, И.П. Дронсейка «Жоғары математика және оқыту әдістемесі» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтті (қ. Алматы, Аль-Фараби ат. КазҰУ, 1-13 маусым, 2015ж.).

2014-15 оқу жылында біліктілігін арттырған ОПҚ - 68 болды, сертификаттар саны - 47, оның ішінде Казахстан бойынша (қ. Алматы) - 2, жақын шетелде (Ресей) - 5.

2014-15 оқу жылында Сиена университетінде магистранттардың қысқа мерзімді тағылымдамалары өтті (қ.Сиена, Италия, 29.09.2014ж. - 08.10.2014ж.) - 4 магистрант.

Кафедра оқытушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі алыс-жақын шетелде мойындалып жатыр. 2014-15 оқу жылында кафедра оқытушылары 58 мақала мен тезис жариялады, олардың ішінде «Web of Knowledge» (Thomson Reuters) және «Scopus» (Elsevier) - 5, импакт-фактормен РИНЦ - 3, Қазақстандық базалық дәйексөз енгізілген - 10.

Кафедра оқытушылары 2015-2016 оқу жылы әр түрлі курстар бойынша 46 сертификат алды: «Жобаларды басқару», «Академиялық ағылшын тілі», «Стратегиялық менеджмент», «Жобалық менеджмент. Әрекет бғыты бойынша корпоративтік жобаны әзірлеу», «Ұйымдастыру диагностикасы және кадрлық іріктеу», «Заманауи оқыту: жоғары оқу орнында «керісінше» оқу», «Microsoft Office пайдалану бойынша негізгі икемділіктері», «Ғылыми зерттеулер үшін Tomson Reuters ресурстары», «Білім саласындағы заманауи ақпараттық технологиялар. Оқу үдерісінде электронды басылымдарды пайдалану», «Педагогикалық өлшемдердің теориясы мен әдіс негіздері» және т.б.

Кафедраның ПОҚ Халықаралық, сондай-ақ Қазақстанда, шетелдерде өткізілетін конференцияларға қатысып, мақалаларын импакт-факторы бар журналдарға, БҒСБК ұсынған журналдарда жариялайды. 2016 ж. жарияланымдардың жалпы көлемі 95/140,36 б.б. құрады, соның ішінде шетелде -17/ 5,94 б.б.

Үнемі «Жас Талап», «Ел Ертеңі» журналдарына мақалалар мен ҰБТ есептеріне дайындық есептері мен өзекті мәселелер жарияланады.

i8i9 2011 жылдың қазан айында Новосибирск қаласында алгебра, математикалық логика және алгоритмдер теориясынан «Мальцев оқулары» атты Халықаралық ғылыми конференция болып өтті. Конференцияда РФ ҒА академигі Ю.Л.Ершов импакт – факторы жоғары «Алгебра және логика» журналында маңыздылығы ерекше жұмыстар жариялаған ғалым -профессор Н.Ғ. Хисамиевті күміс төс белгімен марапаттатады.

Кафедрада алгебра мен логикадан, (аптасына бір рет) магистранттар мен докторанттар баяндама жасайтын ғылыми-теориялық семинар ұйымдастырылған. Бұл тақырыптан кафедра, Новосибирскінің мемлекеттік университетімен, РҒА СБ(Математика институты) бірлесе, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

Сонымен қатар, кафедрада ғылыми-әдістемелік семинар жұмыс атқарады, семинарда математиканы оқыту технологиясының өзекті сұрақтары қарастырылады, кафедра мүшелері жүргізетін зерттеулер, әдістемелік сұрақтар, оқытушылардың ашық сабақтары, емтихан тапсырмаларынан тестілер құрастырудың сапасы, студенттер аттестациясының нәтижелері жөніндегі мәліметтер және т.б қарастырылады.

Жауапты: доцент Мукашева Р.У