Оқу үрдісін ұйымдастыру

Кафедраның пәндер бойынша дайындауы жоғары оқу орындарына арналған Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына, типтік оқу жоспарларына, ЖОО-ның Кеңесінде бекітілген мамандықтың жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

Студенттердің білімін бақылау.

2005 жылдан бастап университетте студенттердің білімін бағалау рейтинг жүйесі бойынша жүргізіледі. Кафедрадағы аралық бақылау студенттердің білім сапасын ай сайын тестік бақылау және сабақ мезетінде сұрау негізінде жүргізеді. Білім сапасының қорытындысы топтың кураторлық сағаттарында және кафедра отырысында талқыланады. Кафедра пәндері бойынша білім сапасын басқаруда студенттердің білімін бағалау рейтингтік жүйе негізінде жүзеге асады (сабаққа қатысуын есептеу, уақытында жұмысты орындау, аралық бақылау жұмысы).

РҚ ШҚМТУ 808-IІI-2013 «Қорытынды бақылау және студенттердің білімін бағалау» эмтихан сессиясы уақытында тәуелсіз және объективті түрде студенттердің білімін бақылау мақсатында тәжірибелік концепцияның іске асуы құрастырылған.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да студенттердің қорытынды білімін бақылау негізгі үш түрде жүреді (емтихан):

  • компьютерлік тестілеу;
  • қағазда жазылған сұрақтар бойынша емтихан тапсыру;
  • билет түріндегі емтихан.

Ағымдағы және аралық бақылауды оқытушы өзі жүргізеді. Қорытынды тестілеу ЖОО-ның орталық тестілеу орталығы арқылы жүзеге асады. Барлық студенттер міндетті түрде емтихан тапсырады. Оқу жүйесінің түріне байланыссыз емтихан автоматты түрде қойылмайды.

Бекітілген кесте бойынша емтихандар электрондық тестілеу түрінде компьютерлік сыныптарда өткізіледі.

Оқытушылардың кеңес беру, оқытушылардың өзара сабаққа қатысу журналы және кафеда меңгерушісінің сабаққа қатысуын бақылау кестесі бар. Ашық сабақтар кафедра отырысында талқыланады.

Педагогикалық және ғылыми-зерттеу тәжірибелері

Оқу үрдісінің ағымында магистранттар ғылыми-зерттеу және педагогикалық тәжирибелерден өтеді.

Жоғары оқу орнының оқытушыларын кәсіптік даярлау жүйесінде педагогикалық тәжірибе маңызды рөл атқарады. Педагогикалық практика толық үрдіс негізінде магистранттардың өздік жетілулерін, олардың қасиеттері мен сапасын жетілдіреді, аса маңызды кәсіптік қасиеттерге, педагогикалық ойлауға, педагогикалық рефлексияға, кәсіптік іс-әрекеттерді ұйымдастыра білуге жетелейді.

Магистранттардың ғылыми-зерттеу тәжирибесі отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, методологиялық және технологиялық жетістіктерін меңгеру, сондай-ақ тәжірибелік ілімді бекіту, қазіргі заманғы ғылыми зерттеу әдістерін қолдану, диссертациялық зерттеулердегі сынақтық берілгендерді өңдеу және талғап-талдап түсіндіру мақсатында жүргізіледі.

Ғылыми-зерттеу тәжірибесі теориялық бағыттағы (әдіс, әдістеме, үлгілер және т.с.с.) зерттеме және мақалалар жазу түріндегі зерттеу проектілерінің орындалуымен іске асады.

Тәжірибе оқу пәніне теңесетін мәртебеге ие және магистранттың білім алу траекториясын құрайды. Тәжірибе мамандықтың жұмыс оқу жоспарына және тәжірибе бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Тәжірибе жүргізу уақыты оқу үрдісі мен жұмыс оқу жоспарына сай анықталады. Тәжірибе жүргізу базасы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ.

Қорытынды мемлекеттік аттестация

Оқу үрдісін аяқтағаннан кейін магистратура бітірушілер Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты бойынша кешенді емтихан тапсырады және магистрлік диссертация қорғайды.

Мамандық бойынша кешенді емтиханға магистратураның оқу бағдарламасының негізгі пәндерінің базалық топтамалары мен профильдік пәндері енгізіледі. Мемлекеттік аттестациялық емтиханның мақсаты құзырлылыққа және кәсіптік тапсырмаларды ұқыпты орындауға қажетті магистратура бітірушілерінің білім, ілім, дағдылары деңгейін анықтау.

Үлгерімнің аралық бақылауын, ағымдық және қорытынды мемлекеттік аттестациялауды жүргізудің ережесіне сәйкес, білім мекемесінде оқитындарға кафедра келесі жұмыстарды атқарады: магистрлік диссертацияны даярлауға арналған әдістемелік нұсқауларды даярлау және баспадан шығару, магистрлік диссертациялардың тақырыптарын бекіту, магистрлік диссертациялардың тақырыптарын бекіту бұйрығының даярлануы және жетекшінің тағайындалуы, рецензенттердің бекітілу бұйрығының дайындалуы және т.с.с.

Жауаптылар: доцент Чи-Дун-Чи Ю.В.