Кәсіпкерлік бағдарлау жұмысы

pic15Кәсіпкерлік бағдарлау жұмысын жүргізу мақсатымен кафедра оқытушылары ай сайын бекітілген №42 және №44 мектепке барып тұрады. Осы мектептерде кездесулер, сұхбаттар және мектеп бітіруші оқушылармен сауалдамалар жүргізіледі. Сонымен қатар, оқушылар осы кездесулерде жоғарғы білімге дейінгі орталық жөніндегі деректермен танысады (дайындық курстарының ұзақтығы, жүргізілетін пәндер, жеңілдіктер) және БҰТ пәндерінен, оның ішінде математикадан, жүргізілетін компьютерлік алдын ала тестілеу жөніндегі деректер хабарландырылады.

Кафедра оқытушылары «ШҚМТУ - дегі ашық есік» шарасына белсене қатысады.

Кафедра оқытушылары университетке дарынды оқушыларды әкелу жұмысына ерекше көңіл аударады. Осы мақсатпен кафедра оқытушылары жыл сайын «Дарын» орталығында ұйымдастырылатын «Қала және облыс оқушыларының ғылыми жобаларын таныстыру» шарасының математика және қолданбалы математика секцияларына, математика пәнінен жүргізілетін жергілікті, облыстық, қалалық оқушылар олимпиадаларына қазы мүшелері ретінде қатысады; №25 МФИпдоаҚАМ (математика, физика, информатика пәндерінен дарынды оқушыларға арналған қалалық арнайы мектеп) - тегі жоғарғы сынып оқушылармен жұмыс жүргізеді: арнайы тараулардан дәріс жүргізу; математикадан оқушылардың ғылыми жобаларын басқару және кеңес беру жұмыстарымен айналысады.

SDC11236 SDC11236 SDC11236 SDC11236 SDC11236


pic18

pic17Университетте шығарылатын, дарынды балаларға арналған «Жас талап КZ» және «Ел ертеңі» журналдарында «Математика» тарауы бар, оған мағлұматтарды кафедра меңгерушісінің - журнал редакциялық алқасының мүшесі - басқарушылығымен, тәжірибелі оқытушылар дайындайды. Дистанциялық оқыту тарапынан оқыту және кеңес беру екі бағытта жүргізіледі: «дарынды балалар» және БҰТ дайындалатын барлық оқушылар.

Кафедра оқытушыларының күшімен ШҚМТУ дайындық курстарында кәсіпкерлік бағдарлау жұмыстары жүргізіледі.

Кафедра оқытушылары қысқы демалыс кезінде екі жақты келісім шарт бойынша математика пәнінен ҰБТ дайындық кеңесін және мектеп математикасының қазіргі замандағы мәселелерінен кеңес өткізу мақсатымен, сонымен қатар, кәсіпкерлік бағдарлау жұмыстарын өткізу мақсатымен Аягөз ауданына барып қайтты.

pic19Кафедра оқытушыларының күшімен дарынды оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатындағы жұмыстар жүргізіледі. Ф.м.ғ.к., «Жоғары математика» кафедрасының доценті И.В Латкиннің жетекшілігімен МФИООМЛ - нің 11 «Б» сыныбының оқушысы К.О.Пименова «Сүт өнімдерін сатудың экономикалық есептеулері» тақырыбынан ғылыми жоба қорғады және облыстық қарауда аталған жоба 2-ші дәрежелі дипломмен, Алматы қаласының Ұлттық ғылыми - тәжірибелік білім беру және ден саулықты түзету «Бөбек» орталығында өткізілген республикалық байқауда 3 - дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Дарын» орталығы мектеп жобаларының облыстық турындағы «Математика» секциясында №3 мектептің 11«А» сыныбының оқушысы Жангельдина Салтанаттың тақырыбы «Туындының қолданбалары» деп аталатын жобасы үшінші орынға ие болды. (жетекшісі – П.Б.Бейсебай). Осы аталған жоба қалалық турда 1 – орын алды.

2014 жылдың 9 сәуірінде Т.Ғ.Жантасовты еске алуға арналған ауыл мектептерін бітіруші оқушылар арасында математика пәнінен «ЖАС МАТЕМАТИК» олимпиадасы өткізілді. Олимпиада қорытындысы бойынша бірінші орынға Азимбаева Айым (Катон-Карағай ом), екінші орынға - Оралбекова Гүлжан (Зайсан қаласының ом), үшінші орынға– Тау Ания (Бородулиха ом) ие болды.

2014 жылдың 14 сәуірінде ШҚМТУ ректорының грантын жеңіп алуға Д.Серикбаев атындағы Аймақтық олимпиада өткізілді. Олимпиада математика, физика, химия, география, сурет және сызба пәндерінен өткізілді. Олимпиада ұйымдастырушылары - Д.Серикбаев атындағы ШҚМТУ және «Дарын»ШҚ АҒТО.

Олимпиадаға қалалық және аудандық мектеп бітірушілер, барлығы 173 оқушы қатысты. Жобаға Өскемен, Семей қалаларының, Зырян, Зайсан және Глубокий аудандарының мектептері белсенді қатысты.

Жүлделі орындарға ие болғандар:

  • I-орын және Д.Серикбаев атындағы ШҚМТУ ректоры тағайындаған білім грантының иегері: Копейкина Ольга (ОМФИОМЛ, Өскемен қаласы);
  • II-орын: Хусаинов Ильяс (ОМФИОМЛ, Өскемен қаласы); Оралбекова Гүлжан (Кенсай атындағы ом, Зайсан ауданы, Кенсай ауылы);
  • IIІ-орын: Зәкиева Жадыра (№45 ом, Өскемен қаласы); Постников Виталий (№35 ом, Өскемен қаласы), Уалиева Азиза (КММ «№11 мектеп - гимназия», Өскемен қаласы).

2014 жылдың 17 мамырында «Жас Талап-KZ»көшбасшысы» байқауының соңғы кезеңі өткізілді. Жобаға Өскемен, Семей, Зайсан қалаларының, сонымен қатар Күршім ауданының мектептері белсенді қатысты.

Математикадан қорытынды:

  • I-орын және Д.Серикбаев атындағы ШҚМТУ ректоры тағайындаған білім грантының иегері: Дүсіпқанова Балнұр (№16 ом, Өскемен қаласы);
  • II-орын: Пашкевич Данил (М. Ауэзов атындығы № 17 ом, Өскемен қаласы);
  • III-орын: Кенжеқанов Шәкәрім (Н.Островский атындағы ом, Күршім ауылы).

Екінші және  үшінші орын иегерлері II, III дәрежелі дипломдар және құнды сыйлықтармен марапатталды.

2015 жылдың 20-сәуірінде университет оқытушысы Т.Ғ. Жантасовты еске алу мақсатында «Жас математик» атты біздің облыс оқушыларына арналған математикалық олимпиада өтті. Биыл екі тур болды, бірінші тур дистанциялық түрде болды. Жүлдегерлерге І, ІІ, ІІІ дәрежелі мақтау қағаздары және ақшалай сыйлықтар тапсырылды.

Олимпиада нәтижелері:

І орын - Сержанова Тоғжан (К.Билялов атындағы гимназия, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы);
ІІ орын - Заманова Балшекер (Жамбыл орта мектебі, Катон-Қарағай ауданы); Қайырбеков Салауат (К.Билялов атындағы гимназия, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы);
ІІІ орын - Әскербекова Әлия (№2 Ақсуат орта мектебі, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы); Нартай Мақсат (Үлкеннарым ауылдық лицейі, Катон-Қарағай ауданы, Үлкеннарым ауылы); Қасенов Амир, (М.Горький атындағы орта мектебі, Үржар ауданы, Үржар ауылы).

14-19 наурыз 2016ж. аралығында оқытушы Әскербекова Ж.Ә. Жамбыл облысындағы мектептерге «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы негізінде бөлінген мемлекеттік білім гранттары және ШҚМТУ мамандықтары бойынша ақпарат таратылды кеңес берілді.

9 сәуір 2016ж. математикадан Т.Г. Жантасовты еске алуға арналған ауыл мектептерінің 10-11 сынып оқушылары арасында. «Жас математик-2016» олимпиадасы өтті. Олимпиадаға ШҚО-ның Ұлан, Катон-Қарағай, Тарбағатай, Зырян аудандарының ауыл мектептері мен Аягөз, Зайсан, Риддер қаласы мектептерінен 34 оқушы қатысты.

Олимпиада нәтижесі бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

  • Оразханов Абылай (Аягөз қаласы, «Көпсалалы қазақ мектеп гимназиясы») - 1 орын,
  • Бочкарева Ксения (Катон-Қарағай ауданы, КММ «Үлкеннарым ауылдық лицейі») - 2 орын, 
  • Черевко Кристина (Зырян ауданы, КММ «№7 ОМ») - 2 место,
  • Слямбаева Аяулым (Улан ауданы, Қ.Қайсенов кенті. Р.Марсеков атындағы орта мектеп) - 3 орын,
  • Ускембаева Малика (Катон-Қарағай ауданы, КММ «Үлкеннарым ауылдық лицейі») - 3 орын.

Жауаптылар: доцент Латкин И.В., преподаватель Әскербекова Ж.Ә.