PhD Математика

6D060100 – «Математика» мамандығынан докторантура 2011 жылы жоғары математика кафедрасында АБ № 0137391 лицензиясы және БжҒМ жарлығы негізінде құрылды.

Мамандық бойынша докторантураның білім компонентін толық игерген докторанттардың докторлық диссертациясын қорғау Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрінің 31.03.2011ж сәйкесінше №126 және №127  бұйрықтарымен  бекітілген «Диссертациялық кеңес туралы типтік ереже» және «Ғылым дәрежелерін ұйғару ережелері» негізінде жүргізіледі.

Докторантурада мамандарды 6D060100 – «Математика» мамандығы бойынша дайындау екі бағытта жүргізіледі:

  • «Алгебра және математикалық логика» және «Есептеуіш математика». Докторанттар оқу үдерісінен жақсы білім қорын жинап, терең білім алады, қордың «Алгебра және математикалық логика» бағытынан түпнұсқасы арнайы пәндер: «Үлгілер теориясы», «Алгоритмдер теориясы», «Топтар теориясы» және т.б.,
  • «Есептеу математикасы» бағытынан түпнұсқасы арнайы пәндер: «Математикалық физика теңдеулерін шешудің сандық әдістері», «Гидрогазодинамиканың сызықты емес теудеулерін шешудің сандық әдістері», «Навье – Стокс теңдеулеріне арналған айырмалық сұлбаларды сыйымдылыққа зерттеу сұрақтары» болады.

Докторанттарға арнайы шақырылған белгілі ғалымдар дәріс оқыды: ф. -м. ғ.д., профессор, РҒА СБ МИ «Логикалық жүйелер» лабороториясының меңгерушісі А.С.Морозов, , ф. -м. ғ.д., профессор, Татарстан Республикасы ҒА мүше-корреспонденті, ҚФУ алгебра және математикалық логика кафедрасының меңгерушісі М.М.Арсланов және т.б.

Докторантураға түсушілерге арналған толық ақпарат "Ph.D докторантурасы" бөлімінде бар

2011-2015 оқу жылына «6D060100 - Математика» мамандығының докторанттарына арналған кешенді емтихан бағдарламасы:

6D060100 – Математика мамандығы бойынша Ph.D. докторантураға түсу емтихандарының бағдарламасы

Пререквизиттер