Кафедрадағы студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі шаралар тізбегі:

Кафедрада студенттердің ғылыми жұмыстары белсенді жүргізіледі, курстық және дипломдық жобалар мен өндірістік тәжірибе нәтижесінде  көрініс-конкурстар өткізіледі. Жыл сайын кафедра студенттері «Жастар шығармашылығы – Қазақстанның  инновациялық дамуына» атты Д. Серікбаев атындағы студенттер мен жас ғылымдардың Халықаралық ғылыми-техникалық конференциясында белсенді қатысады.



2017 жылы 7 сәуірде кафедраның екі мамандығы бойынша Республикалық олимпиаданың II тур шеңберінде жылдық пәндік олимпиада өтті. Олимпиадада Қазақстанның әр түрлі қалаларынан 14 кенші-студентермен 6 геолог-студенттер қатысты. 5В070600 – «Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығы бойынша Жайрбекова Ақмарал Мырзаханқызы 14-ГРк-1 тобының студенті Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі II дәрежелі дипломға, Крысин Николай Сергеевич 15-ГР-1 тобының студенті Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі III дәрежелі дипломға ие болды. По специальности 5В070700 – «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша Макенов Алмас Серікұлы 14-ГДк-1 тобының студенті Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі III дәрежелі дипломға ие болды.

Кафедрада бір «Шығыс Қазақстанның асыл және жасанды тастар және олардың тәжірибелік мәні» атты студенттік үйірме жұмыс жасайды, жетекшісі Черненко З.И. доценты, г.-м. ғ.к.



«Геология және пайдалы қазбалар орнын барлау» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың II турының қорытындысы бойынша студенттер жүлделі орындар алды:

  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің II дәрежелі дипломы – Жайрбекова Ақмарал Мырзаханқызы, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті;
  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің III дәрежелі дипломы – Крысин Николай Сергеевич, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті.

«Тау кен ісі» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың II турының қорытындысы бойынша 14-ГДк-1гд тобының студенті жүлделі орын алды:

  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің III дәрежелі дипломы - Макенов Алмас Серікұлы, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті.