Бакалавриат

5B070600 - «Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» Скачать жүктеу

5В070600 - «Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» мамандығы бойынша бакалавриат білім бағдарламасының негізгі мақсаты болып геологиялық ойлау және білім жүйесін қалыптастыру, оның ішінде жаңа дүниеге көзқарасты қалыптастыру міндеті кіреді, осы саланы дамытудағы заңдармен қиындықтарды түсінуге негізделген, еркін және кең ойлай алатын  шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу, өздігінен ғылыми және дүниетанымдық шешемдерді қабылдай алатын, адамзаттың діни құндылықтарын сақтайтын және дамытатын, геология және геологиялық барлау облысындағы ақпараттары мен білімдерін тарату кезінде және қабылдап алуда, оқу барысының бірігуі негізінде қоғамдың интеллектуалдық элитасын дайындауда, пайдалы қазба геологиясы саласына инновациялық көз-қарас және терең ғылыми ізденістер табылады.

Бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі – шығармашылық белсенділігіне әсер ететін, ортақ мәдениеттінің өсуіне және әлеуметтік ұтқырлықтары: мақсатқойғыштық, ұйымдастырушы, еңбексүйгіштік, жауапкершіліктік,  тәуелсіз, азаматтылық, этикалық құндылықтарға тартымдылық, толеранттылық, өз мақсатына жете білу, төзімділік, сиақты қасиеттерді студенттерде дамуыту.
Бағдарлама бакалавриаттар түлектердің таңдаған сала ортасында ойдағыдай жұмыс істеуіне және еңбек нарығында сенімді болуына, ортақмәдениеттік (әмбебап): әлеуметтік-өзіндік, ортақ ғылыми, инструменталды және кәсіби міндеттілікті қалыптастырады.

Білім бағдарламасының мақсаты:

  • Түлкетерді өндірістік кәсіпорындарда өндірістік қызметке табиғи-ғылыми терең біліммен, жалпы техникалық және экономикалық жағынан, кәсіби білімнің іргетасы ретінде болатын геология саласында дайындау.  
  • Түлектерді инновациялық технологияларды дайындау саласында, инновациялық ойлауды қалыптастыру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістерін игеру сиакты ғылыми-зерттеу саласына дайынадау.  
  • Өндірістің тиімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету үшін түлектерді ұйымдастыру-басқару саласына дайындау.
  • Пайдалы қазба кенорындарын  іздестіру, барлау және қазымдау, табиғатты тиімді пайдалануды геология саласындағы жобалық қызметке түлектерді дайындау.
  • Түлектерді өзбетімен оқуына және жаңа кәсіби білімдерді игеруіне және де еңбек нары өзгеріп тұратын жағдайдағы үздіксіз кәсіби жетілдіруді білуге үйрету.
  • Жоғарғы санатты магистранттарды бірінші сатыда алынған арнайы, сабақтан тыс және сабақ арасындағы кәсіби дайындықтар негізінде геология саласында ғылыми-ізденісті, өндірістік және педагогикалық қызметтер үшін дайындау.

5B070700 - «Тау-кен ісі» Скачать жүктеу

5В070700 - Тау-кен ісі мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мақсаттары:

  • Кәсіби білімнің фундаменті ретінде тереңдетілген жаратылыстану, жалпы техникалық және экономикалық сипаттағы білімді меңгерген тау-кен металлургиялық аймағындағы өндірістік кәсіпорындарда өндірістік қызметке арналған түлектерді дайындау
  • Түлектерді эксперименттік-зерттеу қызметіне дайындау, жаңартпашылық ой-пікірді қалыптастыру, тау-кен өндірісінің міндеттерін шешуге қатысты отандық және әлемдік тәжірбие негізінде зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістемесін меңгеру
  • Тау-кен өндірісінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін сұрақтармен айналысатын ұйымдар мен кәсіпорындар үшін әртүрлі топтағы техникалық басшыларды дайындау
  • Табиғатты тиімді қолдануда, тау-кен ісі аймағында есептеу-жобалау қызметіне қатысты түлектерді дайындау
  • Түлектерде жалпы адамзаттық және әлеуметтік тұлға құндылықтарын қалыптастыру, өздігінен оқуға дайындау және еңбектің өзгеріп отыратын нарық жағдайында үзілісіз кәсіби өздігінен жетілдіруге, жаңа кәсіби білім алуға үйрену

2015 жылы «Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» бакалавриат бағдарламасын  дайындау бойынша ASIIN аккредитациясын өтті


Бітірушілерге арналған ақпарат