Dáýlet Serikbaev atyndaǵy Shyǵys Qazaqstan memlekettik tehnıkalyq ýnıversıteti

«Геодезия, жерге орналастыру және кадастр»

«Геодезия, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасы (ГЖжК) –университеттегі ең алғашқы кафедралардың бірі. Ол 1958 жылғы 11 тамызда Өскемен құрылыс-жол институтының құрылымында бекітілген болатын.

1994 жылдан бастап университеттің аздаған кафедралар арасындағы әрі шығарушы, әрі жалпы университеттік кафедра болып табылады.  Қазіргі уақытта «Геодезия, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіндегі жер туралы ғылымдар факультетінің құрамына кіреді.  Кафедра бакалавриаттың   3 мамандықтары, магистратураның 3 мамандықтары бойынша мамандарды даярлауды жүргізеді.

Кафедраның тұңғыш меңгерушісі т.ғ.к., доцент В.С.Горлов болды. В.С.Горлов зейнеткерлік демалысқа шыққаннан кейін, кафедраны т.ғ.к., доцент О.Т.Тоқмырзин, т.ғ.к., доцент Т.Т.Ипалаков басқарды.

1963 жылы кафедра құрамы елеулі түрде кеңейтілді - сол кезде кафедраға доцент Я.П.Яковлев, доценттің міндетін атқарушы В.А.Бельчинская, ассистент Е.Е.Ольховский және т.б. келді.

 

 

 

т.ғ.к.,  доцент Хасенов Кайсар Билялович

1997 - 2015 жылдар аралығында кафедраны техника ғылымдарының кандидаты, доцент, СМГА (2010 ж.) мәртебелі прфессоры Қ.Б. Хасенов басқарды.

 

 

 

 

 

Қазіргі кезде кафедра меңгерушісі болып РФ т.ғ.к., Ph.D докторы Рахымбердина М.Е.

Рахымбердина Маржан Есенбековна 2002 жылы 4313 «Қалалық кадастр» мамандығы бойынша Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ үздік бітірді. 2011-2013 жылдары. 25.00.32 «Геодезия» мамандығы бойынша Сібір мемлекеттік геодезиялық және технологиялық университетінің аспирантурасында оқыды және ««Исследование и совершенствование высокоточного инженерно-геодезического нивелирования цифровыми нивелирами и электронными тахеометрами» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2016 жылдан бастап - 6D071100 «Геодезия» мамандығы бойынша PhD докторы.

2002 жылдың қыркүйегінен бастап «Геодезия, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасында ассистент, оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісінің орынбасары, кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.

50-ден астам ғылыми жарияланымдардың, 30 оқу-әдістемелік нұсқаулықтардың практикалық және зертханалық зерттеулердің, 2 оқу-әдістемелік оқулықтың авторы.

Кафедрада 15 штаттық оқытушылар жұмыс істейді, оның ішінде – 6 ғылыми дәрежемен және ғылыми атақпен.

«Геодезия, жерге орналастыру және кадастр» кафедрасы республикада алғашқы кадастр бойынша 20 мамандық дайындады. Қазақстанда алғаш рет Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ 4313 "Қалалық кадастр " мамандығы ашылды.

Кафедраның жақсы материалдық базасының болуы, кафедрада “Кадастр” зертханасы негізінде алғаш рет жерді экономикалық бағалау әдістемесі мен әдіснамасының әзірлемелері орындалған, 1994 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстандағы бірінші және жаңа 4313 “Қалалық кадастр” мамандығын ашу үшін негіздемесі болды.

Елдердің жоғарғы оқу орындарының арасында өткізілетін, Ұлттық рейтингтегі білім бағдарламасының алға шығуы, сәтті мамандықтарды дайындауды куәландырады:

- 2011 жылдан бастап 5В090700 «Кадастр» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасында білім беру бағдарламаларының рейтингінде жетекші орын алады: 2011, 2012, 2013 жж. - 1 орын, 2014, 2015 - II орын, 2016, 2017 - III орын.

- 2015 жылы 6М090700 «Кадастр» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасында магистратураның білім беру бағдарламалары рейтингінде ІІ орын, 2017 жылы - ІІІ орын алады.

photo

- 2014 жылы 5В071100 «Геодезия және картография» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының бакалавриатының білім беру бағдарламаларының рейтингінде ІІІ орын, 6М071100 «Геодезия» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасында магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша ІІ орын алады.

Кафедра Ресейдің, Германияның, АҚШ-тың, Чехияның, Өзбекстанның, Қазақстан Республикасының және Шығыс Қазақстан облысының кәсіпорындарымен тығыз қарым-қатынас жасайды, бұл барлық алдыңғы қатарлы іс-шараларды үнемі қадағалап, өзара ғылыми-әдістемелік көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Кафедра студенттері университеттің қоғамдық іс-шараларына белсенді қатысады.

Үлкен Алтай музейі үшін «Үлкен Алтай» моделін құруға студенттердің қатысуы, 2017 ж

Кафедра геодезия, жерге орналастыру және кадастр саласында Қазақстан Республикасының кәсіпорындарымен тығыз қарым-қатынаста. 3 кәсіпорында кафедра филиалдары бар.

Кафедра «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының ШҚО бойынша филиалы – «Жер кадастры және ғылыми өндірістік орталығы» департаментінің кәсіпорымен ынтымақтастық жасайды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының ШҚО бойынша филиалы – «Жер кадастры және ғылыми өндірістік орталығы» департаментінің, «Алтай геосервис» ЖШС өкілдерінің қатысуымен мамандар жәрмеңкесі
(2017-2018 жж.)

Кейіннен кафедра студенттердің терең кәсіби білімін қалыптастыру, дербес жұмысқа ұмтылу, геодезиялық, кадастрлық және жерді басқарудың заманауи әдістері мен құралдарын игеру арқылы мамандарды даярлау сапасын жақсартудың жаңа жолдарын іздеуде өз жұмысының нәтижесін көреді. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін негізгі міндеттер:

  • еңбек нарығында сұранысқа ие болатын жоғары білікті интеллектуалды түлектерді, болашақ мамандарды даярлауды жетілдіру;
  • 6M071100 «Геодезия» мамандығы бойынша екі дипломдық білім беруді серіктес-университетпен (СМГжТУ, Новосибирск) бірлесіп жүзеге асыру;
  • гранттық қаржыландыруға арналған конкурстарға қатысу;
  • жетекші жоғары оқу орындарымен және кәсіпорындармен одан әрі ынтымақтасу;
  • халықаралық аккредитациялау арқылы мамандықтардың өтуі.