Оқу үрдісіндегі әдістемелік технологиялар

Оқу қызметі
Оқу үрдісі күндізгі және сырттай оқу түрі бойынша барлық пәндер бойынша толығымен қамтамасыз етілген. Оқытылатын сабақтардың барлық түрлері үшін: тәжірибелік және зертханалық сабақтар, СОӨЖ және СӨЖ, курстық және дипломдық жобалау, бақылау жұмыстарын орындау, іс-тәжірибелердің барлық түрлері, емтихандарды қабылдау бойынша оқу-әдістемелік материалдармен толығымен қамтамасыз етілген.

нир
М.Ә. Әділқанова мен Ж.С.Оңалбаеваға PhD дипломдарының берілу сәті

 

Кафедрада әрбір пән бойынша оқу-әдістемелік кешен жасалған, олар мемлекеттік және орыс тілдерінде барлық қажетті оқу-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз етілген. Оқу үрдісінің әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі «Металлургия» және «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандықтары бойынша мамандарды даярлау сапасына және заманауи талаптарға сай келеді.

Кафедрада 3 бөлімше жұмыс істейді:

    i1
  • «ВНИИцветмет» ЕМК бөлімшесін профессор Н.Н. Ушаков басқарады. Бөлімшеде магистранттар, студенттер білім алып, жұмыс істейді. Дипломдық жобалар мен жұмыстар үшін, өндірістік іс-тәжірибелердің жетекшілігі үшін кафедра бөлімшесінің ғылыми қызметкерлері, ғылымдар кандидаты, металлургия және байыту саласында жұмыс істейтін ғалымдар шақырылады. 
  • i1«ҮМЗ» АҚ кафедра бөлімшесін профессор Б.В. Сырнев басқарады. Студенттермен және магистранттармен жүргізілетін жұмыстардың барлығын профессор Б.В. Сырнев кафедра бөлімшесінде өткізеді. Бөлімшеде зертханалық жұмыстар, іс-тәжірибелердің барлық түрлері, ғылыми зерттеулер, кітапханада жұмыс істеу, жабық сипаттағы дипломдық жұмыстар мен жобаларды қорғау орындалады. Сәйкесінше өнеркәсіптің әртүрлі өндірістерінде жұмыс істейтін ғалымдар ғылыми жетекшілер, кеңесшілер, Мемлекеттік комиссия мүшелері ретінде жұмысқа тартылады.
  • i1 2011жылы «Қазмырыш» ЖШС аумағында кафедра бөлімшесі құрылды, оның жетекшісі ретінде «Химия, металлургия және байыту» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., Н.А.Күленова тағайындалды. Аталған бөлімшеде «Металлургия» бойынша нақты өндірістерді жете оқу үшін 13 студент білім алып жатыр. Сонымен қатар, іс-тәжірибелердің барлық барлық түрлері (шамамен 100 студент) өткізіледі, дипломдық жобалар мен зерттеу жұмыстары орындалады.