Бакалавриат

5В070900 Металлургия Скачать жүктеу

Бакалавриат базалық жоғары білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды көздейді.

  • Күндізгі бөлім
  • (оқу мерзімі 4 жыл)
  • Академиялық дәрежесі-техника және технология бакалавры

Түлектердің кәсіби қызметінің объектілері-түсті металлургия кәсіпорындары, химиялық, тау-кен-химиялық және машина жасау өндірістері, салалық ғылыми-зерттеу және жобалау институттары, зауыттық зертханалар, орта кәсіби және жоғары оқу орындары.

 Кәсіби қызмет саласы-өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өндірістік-технологиялық және ұйымдастырушылық жұмыс; түсті, сирек металдарды, қорытпалар мен арнайы материалдарды алу, металдар мен қорытпаларды өңдеу, металдар мен қорытпаларды термиялық өңдеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы.

Кәсіби қызметінің пәні - металлургия өнеркәсібінің технологиялық процестері, бастапқы шикізатты қайта өңдеу және жоғары тұтынушылық қасиеттері бар металл өнімдерін өндіру, металдар мен материалдарды алу және өңдеу технологиясы, құрылымы мен қасиеттерін зерттеу, тау-кен металлургия өндірісінің жабдықтары, металлургиялық өндірісті автоматты басқару жүйесі және соңғы өнім сапасын бақылау.

Кәсіби қызмет түрлері: 5B070900-Металлургия мамандығы бойынша бакалаврлар келесі кәсіби қызмет түрлерін орындай алады:

  • өндірістік-технологиялық;
  • ұйымдастыру;
  • есептік-жобалық;
  • эксперименттік-зерттеу.

Кәсіби қызметінің функциялары - ғылыми-техникалық ақпаратты оқу, автоматтандырылған жобалау мен зерттеулердің стандартты пакеттері базасында процестер мен объектілерді математикалық үлгілеу, белгілі бір әдістеме бойынша эксперименттер жүргізу және нәтижелерді талдау, өлшеулер мен бақылаулар жүргізу, шолулар, есептер мен ғылыми жарияланымдарды құрастыру үшін мәліметтерді дайындау.

Осы білім беру бағдарламасын игеру нәтижесінде бітірушіде келесі құзіреттіліктер қалыптасуы тиіс: технологиялық процестердің физика-химиялық негіздерін, шикізат құрамын және оны қайта өңдеу технологиясын білу; металлургиялық өндіріс жабдықтары мен процесстерін теориялық және технологиялық есептеу әдістерін тәжірибеде қолдана білу; Тәжірибелік зерттеулер жүргізу техникасы мен технологиясын меңгеру және зерттелетін тақырып бойынша аналитикалық шолу жасау.

Бакалавриатта оқу мақсаттары:

  • Кәсіби қызмет негізінде жатқан жаратылыстану-ғылыми, математикалық және базалық білімі бар металлургия саласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындарда бітірушіні өндірістік қызметке дайындау.
  • Түлекке түсті металдар мен қорытпаларды алу технологиясы саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
  • Металлургиялық өндірістің технологиялық процестерін автоматтандырылған жобалау құралдарын пайдалана отырып, түлектерді жобалау қызметіне дайындау.
  • Инновациялық технологияларды құру саласындағы ғылыми - зерттеу қызметінде түлектердің дағдыларын қалыптастыру: инновациялық ойлауды қалыптастыру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістемелерін меңгеру.
  • Бітірушіні өз бетімен оқытуға және жаңа кәсіби білім мен іскерлікті меңгеруге, еңбек нарығының өзгермелі жағдайында үздіксіз кәсіби өзін-өзі жетілдіруге дайындау. Түлектердің әлеуметтік-тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру: мақсатқа талпынушылық, коммуникабельділік, топта жұмыс істей білу, төзімділік.

5В070900 "Металлургия" мамандығы бойынша білім беру бағдарламасын табысты игерген түлектерге техника және технология бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.


5B073700 - Пайдалы қазбаларды байыту Скачать жүктеу

Бакалавриат базалық жоғары білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды көздейді.

  • Күндізгі бөлім
  • (оқу мерзімі 4 жыл)
  • Академиялық дәрежесі-техника және технология бакалавры

Техника және технология бакалаврларының кәсіби қызмет саласы. Бакалавриатты бітірген мамандар өнеркәсіптік кәсіпорындарда өндірістік-технологиялық және ұйымдастыру жұмыстарын атқара алады, қара, түсті, сирек, радиоактивті металдарды, қорытпалар мен арнайы материалдарды байыту, алу және өңдеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алады.

"Пайдалы қазбаларды байыту" мамандығы бойынша бакалавриат түлектерінің кәсіби қызметі:

  • еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын бақылау;
  • кіші орындаушылар ұжымдарының жұмысын ұйымдастыру;
  • жедел бастапқы өндірістік бөлімшелердің жоспарларын әзірлеу;
  • техникалық құжаттаманы жүргізу;
  • эксперименттік қызмет бойынша есептер, шолулар мен жарияланымдар дайындау;
  • ғылыми-техникалық ақпаратты зерттеу;
  • стандартты автоматтандырылған жобалар мен зерттеулер негізінде процестер мен объектілерді математикалық модельдеу және т. б.;
  • бакалавриат түлектері Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық құжаттарына сәйкес қызмет атқара алады

Техника және технология бакалаврларының кәсіби қызметінің объектілері: қара және түсті металлургия, химиялық, тау-кен-химиялық және машина жасау өндірісінің кәсіпорындары, салалық ғылыми-зерттеу институттары, зауыттық зертханалар, орта техникалық оқу орындары.

Бакалавриатта оқу мақсаттары:

  • Кәсіби қызмет негізінде жатқан жаратылыстану-ғылыми, математикалық және базалық білімі бар, пайдалы қазбаларды байыту және өңдеу саласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өндірістік қызметке бітірушіні дайындау.
  • Бітірушіні инновациялық технологияларды құру саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне дайындау: инновациялық ойлауды қалыптастыру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу әдістемелерін меңгеру.
  • Бітірушіні өндірістің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру-басқару қызметіне дайындау.
  • Бітірушіні металлургиялық өндірісте пайдалы қазбаларды байытудың технологиялық процестерін автоматтандырылған жобалау құралдарын және осы процестерді технологиялық жабдықтау құралдарын пайдалана отырып жобалау-конструкторлық қызметке дайындау.
  • Бітірушіні өз бетімен оқытуға және жаңа кәсіби білім мен іскерлікті меңгеруге, еңбек нарығының өзгермелі жағдайында үздіксіз кәсіби өзін-өзі жетілдіруге дайындау.

"Пайдалы қазбаларды байыту" мамандығы бойынша Типтік оқу жоспарына сәйкес осы білім беру бағдарламасын табысты игерген түлектерге "5В073700 - Пайдалы қазбаларды байыту мамандығы бойынша техника және технологиялар бакалавры"академиялық дәрежесі беріледі.


Методические указания по дипломному проектированию