Тәрбие жұмысы

«Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасында 10 оқытушы топ кураторлары мен тәлімгерлері болып табылады. Кафедра кураторларының барлығы кафедраның тәрбие жұмысы бағыттарына сәйкес топтарда кураторлық сағаттар өткізеді. Сондай-ақ, студенттер үлгерімін бақылайды және оған сәйкес жұмыс істейді.

Оқу жылы ағымында кураторлар мен тәлімгерлер студенттердің ата- аналарымен байланыс ұстайды. Сессияны жақсы тапсырған, қоғамдық жұмысқа белсенді балалардың ата-аналарына алғыс хат таратады.

2015 жылдың ақпан айында кураторлар Григорьева О.И. және Джемпеисова Г.И. жатақханада «Жатақханадағы кафедра күндерін» келесі тақырыптар бойынша жүргізді: 

  •  «Жеке кәсіпкерлік: тіркеу тәртібі және салық салу»;
  • «Экономиканың индустриалды - инновациялық дамуы жағдайында кішкі кәсіпкерлік субъекілерін несиелеу».

2014-2015 оқу жылында кураторлар Мадиярова Э.С және Джемпеисова Г.И мұғалімдерді, деканат өкілдерін шақырып, ашық кураторлық сағаттар өткізді.

Оқу жылы барысында кафедра кураторлары келесі атаулы күндер бойынша іс-шаралар өткізді: «1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл», «Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы», «Қазақ хандығына 550 жыл», «ҚР конституциясының 20 жылдығы», «Қазақстан халқы ассамблеясына 20 жыл», «ҚР Президентінің сайлауы».

2015 жылы 4 маусымда 13-БФ-1  Ракишева Д., 13-БУ-1 Базикенова  А., 12-БУКп-1  Ержанқызы А. топтарының студенттері Мемлекеттік рәміздер күніне қарай ұйымдастырылған «Елімнің рәміздері – менің мақтанышым» атты қалалық сайысқа белсене қатысты.

Жыл сайын кафедра оқытушылары педагогикалық шеберлік курстарында біліктіліктерін арттырады.

Кураторлық топтар студенттері Факультеттің студенттік өзін- өзі басқару Кеңесінің активтері жұмыстарына қатысады. 

2015-2016 оқу жылының қортындысы бойынша «Үздік кураторлық топ» конкрусы бойынша 12-БФК-1 тобы(кураторы Мадиярова Э.С) 1-ші орынға ие болып грамотамен марапатталды,және де қысқы каникулда Астана қаласына саяхаттап қайтты.