Магистратура

6М050600 «Экономика»

Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Инженерлік кәсіпкерлік» кафедрасында 6М050600 – «Экономика» мамандығы бойынша магистранттарды дайындау жүргізіледі.

«Экономика» білім беру бағдарламасының үш оқу траекториясы бар:

  • микродеңгейде экономикалық дайындау;
  • макродеңгейде экономикалық дайындау;
  • инновация экономикасы.

6М050600 - «Экономика» білім беру бағдарламасын меңгеру мерзімдері:

  • 1 жыл (күндізгі бөлім, бейіндік бағыт).

Мамандық түлектерінің алатын академиялық дәрежесі - экономика және бизнес магистрі.

  • 2 жыл (күндізгі бөлім, ғылыми және педагогикалық бағыт).

Ғылыми және педагогикалық бағыттағы мамандық түлектерінің алатын академиялық дәрежесі - экономика ғылымдарының магистрі.

Білім беру бағдарламасының миссиясы Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы индустриялық-инновациялық даму жағдайында ғылым, білім берудің және өндірістің интеграциялануы негізінде сапалы білім беру қызметтерін ұсыну арқылы бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау болып табылады.

Білім беру бағдарламасының мақсаттары

  • Қазақстан Республикасының және Шығыс Қазақстан облысының экономика салалары мен әртүрлі сфераларының кәсіпорындарында өндірістік-басқарушылық қызметке, сондай-ақ, аймақ, мемлекет экономикасын реттеу және басқарумен байланысты қызметке магистранттарды даярлау.
  • отандық және шетелдік жұмыс берушілердің сұраныстарына сәйкес магистранттардың шығармашылық әлеуетін, бастамалары мен жаңашылдық, жаңа кәсіби білім мен дағдыларды игеруге қабілетін дамыту.
  • ғылыми-зерттеу орталықтар мен микро - және макроэкономика саласында ғылыми әзірлемелермен айналысатын кәсіпорындардың құрылымдық бөлімшелері үшін, сондай-ақ, ресурстарды ұтымды пайдалану, шаруашылық қызметтің экономикалық тиімділігін арттырумен байланысты міндеттерді шешу үшін жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау.

Білім беру бағдарламасының міндеттері:

  • экономикалық ақпаратты іздеу және өңдеудің қазіргі заманғы әдістерін тиімді пайдалану дағдыларын меңгерген;
  • әлемдік экономиканың жаһандану жағдайында бәсекелестік ортада жұмыс істеуге дайын;
  • өз қызметін ұлттық және халықаралық нарықта жүзеге асыратын, кез-келген меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар қызметінің қаржылық тұрақтылығына жету және стратегиялық тиімділігі үшін кәсіби міндеттерді шешуге қабілетті магистрант – түлектерді даярлау болып табылады.

Оқуды аяқтағаннан кейін түлектер тиіс:

Білуі:

  • ғылыми қарым-қатынаста пайдаланылатын арнайы терминологияны, соның ішінде ағылшын тілінде;
  • экономикада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру принциптерін, сондай-ақ негізгі ғылыми нәтижелерді ұсынуды;
  • экономикалық-статистикалық есептерді шешу үшін қажетті заманауи бағдарламалық өнімдерді;
  • баға саясаты және мемлекеттік реттеудің қазіргі заманғы әдістерін;
  • ұйым стратегиясын әзірлеу мақсаттары үшін бизнес-ортаны және нарықтарды талдаудың модельдері мен әдістерін;
  • қазіргі заманғы экономиканың макро - және микродеңгейде жұмыс жасауының заңдылықтарын;
  • эконометрикалық талдау, мониторинг және болжаудың заманауи әдістерін.

Білу:

  • зерттеу объектісінің экономикалық қызметінің ұзақ мерзімді нәтижелерін бағалай білу;
  • экономикалық мәселелер мен жағдайларды шешу үшін қазіргі заманғы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана білу;
  • бизнес және функционалдық ұйымдастыру стратегиясын әзірлеу және іске асырудың қазіргі заманғы әдістері, тәсілдері, құрал-саймандарын пайдалана білу;
  • микро- және макродеңгейде нақты экономикалық процестердің даму болжамын қалыптастыра білу;
  • қойылған экономикалық міндетке сәйкес аспаптық құралдарды таңдай және негіздей білу.

Дағдылары болуы тиіс:

  • қазіргі заманғы құралдарды қолдана отырып, экономикалық модельдеу және болжау;
  • баға және бәсекелестік саясатты қалыптастыру;
  • зерттеу объектісінің инновациялық даму стратегиясын қалыптастыру;
  • кәсіби қызмет саласында талдау, мониторинг және жоспарлау әдістемесін қолдану;
  • сыни ғылыми ойлау, сондай-ақ экономикада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және ұйымдастыру;
  • белгісіздік жағдайында стратегиялық шешімдерді негіздеу және келісу.

Білім беру бағдарламасымен магистранттар үшін іс-тәжірибе қарастырылған, ол білім алушылардың кәсіптік-тәжірибелік дайындығына тікелей бағдарланған оқу сабақтарының түрін білдіреді. Магистрлік бағдарламаны жүзеге асыру кезінде мынадай практика түрлері болуы мүмкін: өндірістік, зерттеулік, педагогикалық. Тәжірибелер көбінесе басқа бизнес-ұйымдар, консалтингтік фирмаларда, ғылыми-зерттеу орталықтарында жүргізіледі. Практиканың нақты түрлері және оларды өту нысандары магистрлік бағдарламаның ерекшеліктеріне сәйкес айқындалады.

Кәсіби қызмет саласы: әр түрлі салалар және меншік нысандарындағы ұйымдардың экономикалық, қаржылық, маркетингтік және сараптамалық қызметтері; министрліктің және мемлекеттік қызмет органдары; академиялық ғылыми-зерттеу ұйымдары.

6М050600 – «Экономика» мамандығы бойынша магистранттарды дайындауға шамамен 10 оқытушы қатысады, олардың 90% - дан астамының  ғылыми дәрежесі бар.

2014 жылдың қараша айында Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ мен «Мәскеу болат және қорытпа институты» ҰЗТУ арасындағы екі жақты «ШЫҰ Университеті аясында магистрлік білім беру бағдарламаларын желілік нысанда іске асыру туралы Келісім» жасалды. «Инновация экономикасы» бағдарламасы бойынша Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де оқыту – 1 жыл және МБҚИ -да – 1 жыл, оқу аяқталғаннан кейін екі диплом беріледі.