Ақпаратты қорғаудың математикалық әдістері

«Ақпаратты қорғаудың математикалық әдістері» эксперменталды білім беру бағдарламасы бойынша дайындаудың негізгі құраушысы студенттердің қатаң математикалық аппарат негізінде, ақпараттық жүйелерді әзірлейтін немесе пайдалатын мекемелерде ақпаратты қорғауға жұмсалатын лауазымдық міндеттерді орындауларына қажет болатын базалық білім алуы болып табылады.

Бағдарламаны табысты игеру нәтижесінде түлектер: физикалық, химия – технологиялық және басқа процестерді математикалық және компьютерлік моделдеу негіздерін; ақпаратты криптографиялық қорғау және ақпаратты кодтау теориясы негіздерін; ақпараттарды қорғаудың халықаралық стандарттары жөніндегі мәліметтерді; өндірістік және ғылыми есептерді бағдарламалауды; әртүрлі есептерге деректер базасын әзірлеуді және оларды басқаруды; компьютерлік графика және анимация және моделдеу білімдерін,  нысандарды визуалдауды меңгереді.

«5В070500 – Математикалық және компьютерлік моделдеу» мамандығындағы техника және технология бакалаврлары келесі лауазымдарда қызмет атқара алады:

  • маман, математик – программист, өндірістік – басқару мекемелерінде және ғылыми – зерттеу институттарында кіші ғылыми қызметкер;
  • жүйелік программист, компьютерлік желілердің жүйелік әкімшісі, ақпараттық жүйелерді әзірлейтін мекемелерде ақпараттар және криптографияны қорғайтын маман;
  • орта – кәсіби және техникалық білім беру мекемелерінде математика, информатика оқытушысы.

Оқыту түрлері бойынша мерзімдер:

  • орта білім негізінде: күндізгі - 4 жыл;
  • арнайы орта білім негізінде: күндізгі және сырттай - 3 жыл;
  • жоғары білім негізінде: сырттай - 2 жыл.

Рейтингтік агенттіктердің бағалары:

  • 2014 жыл - процестер және академиялық мобильділіктің Болон Орталығының бағсы юойынша, 2 орын;
  • 2014 жыл - ҚР АРТА бағасы,2 орын
  • 2015 жыл - ҚР АРТА бағасы,3 орын
  • 2016 жыл - ҚР АРТА бағасы,3 орын
  • 2017 жыл - ҚР АРТА бағасы,3 орын
  • 2018 жыл - ҚР АРТА бағасы,3 орын
  • 2018 год – ҚР РРА  бағасы, 2 орын;
  • 2018 жыл – ҚР КҰП «Ата Мекен» бағасы, 1 орын;