Шетел студенттері

Жыл сайын біздің университетке әртүрлі елдерден ондаған шетел студенттері оқуға түседі. Олар - Қытай Халық Республикасы, Монғолия Республикасы, Ресей Федерациясы, Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан және Германия азаматтары.

Интернационалдандыру және халықаралық ынтымақтастық департаменті негізінде университет шетел студенттеріне жан-жақты қолдау көрсетеді.

Шетелдік студенттер толықтай жатақханамен қамтамасыз етіледі, визалық қолдау алады, студенттік емханаларда тегін медициналық көмек ала алады. Олар университеттің барлық жарыстарына және іс-шараларына толыққанды қатысады.