Департамент жайында

Интернационализация және халықаралық ынтымақтастық департаменті  Университеттің интернационалдандыруын дамытумен, яғни халықаралық байланыстарды және шетелдік жоғары оқу орындарымен және халықаралық білім беру ұйымдарымен іскерлік серіктестікті нығайтумен айналысады. Сонымен қатар, Департамент студенттерді және оқытушылар мен қызметкерлерді шетелде оқытуды ұйымдастырады.

Интернационализация және халықаралық ынтымақтастық департаменті екі бағыт бойынша жұмыс жасайды :

Халықаралық білім беру бағдарламалар және жобалар бөлімі – Университеттің академиялық қызметінің халықаралық компонентін дамыту бойынша жұмыс жүргізеді.

Бөлім міндеттері:

  • Қолданыстағы халықаралық білім беру бағдарламалар мен жобалармен жұмыс жасау;
  • Шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
  • Бірлескен халықаралық ғылыми жобалар бойынша серіктестер іздеуге жәрдемдесу;

Халықаралық қызметті дамыту бөлімі - бөлімнің негізгі міндеті университеттің халықаралық қатынастарын дамыту болып табылады. Бөлім міндеттері:

  • Шетел азаматтарын оқытуға тарту;
  • Бірлескен магистрлік бағдарламаларды жүзеге асыруды ұйымдастыру,
  • Шетелдік студенттер мен оқытушыларды визалық қолдау және көші-қонды бөлімдерінде тіркеу;
  • Шетелдік серіктестердің және шақырылған профессорлардың қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыру;
  • Отандас-студенттердің Университетте оқуын ұйымдастыру.
  • Халықаралық компаниялармен және ұйымдармен мақсатты оқытуға, сондай-ақ шет елдерге мамандар даярлау бағдарламаларын жүзеге асыруға байланысты байланыстар орнату.