Университеттер Ассоцияциясы

Д.Серікбаев атындағы Шығыс - Қазақстан Мемлекеттік Техникалық Университеті әртүрлі халықаралық университеттер қауымдастығының мүшесі болып табылады:

Еуропалық университеттер ассоциациясы - 47 елден 850-ден астам университеттерді біріктіретін ұйым. Қауымдастық ішінде олардың ынтымақтастығы және ақпарат алмасуы, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобалар өткізіледі (https://eua.eu/)
Халықаралық университеттер ассоциациясы - жоғары білім саласында жұмыс істейтін қауымдастық мүшелері басқаратын үкіметтік емес ұйым. Оған әлемнің 130 еліннен 650-ден астам жоғары оқу орындары мен ұйымдары кіреді. ХУА ЮНЕСКО-ның ресми серіктесі болып табылады. (https://iau-aiu.net/)

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Университеті - «Білім беру жүйесінің Болон трансформациясы» шеңберінде құрылған Бірыңғай еуропалық білім кеңістігі жүйесінің азиялық жобасы.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы университетінің негізгі миссиясы - Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің экономикалық және әлеуметтік дамуына басымдықты мамандықтар бойынша келісілген инновациялық білім беру бағдарламалары негізінде жоғары білікті кадрларды бірлесіп оқыту. (http://uni-sco.com)

Азия университеттерінің қауымдастығы – Азия аймағындағы бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру, жоғары білім беру саласындағы интеграциялық үдерістерге күшті серпін беру, академиялық мобильділік пен мәдени байланыстарды кеңейту үшін негіз болып табылады.

2018 жылдың қыркүйегінен бастап Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Жасұлан Құдайбергенұлы Шаймарданов Азиялық университеттер қауымдастығының вице-президенті болып тағайындалды. (http://www.aauniv.org/)