Жатақхана

Университетте заманауи әлеуметтік инфрақұрылым бар. Университет басқа қаладан келген студенттердің тұруы үшін жалпы ауданы 13535,3 ш.м. 1059 төсек – орынға арналған үш студенттік жатақханалары бар. Бұл жатақханалардың қоныстануы 100% құрайды. Жатақханалар жаңа жиһазбен толық қамтамасыз етілген. Жатақханаларда жаңа электр плиталарымен, тоңазытқыштармен, мұздатқыш камералармен жабдықталған тұрмыстық үй-жайлары бар, себезгі бөлмелері бар.

Студенттердің бос уақытын өткізу үшін теледидар орнатылған демалыс бөлмелері бар. Жатақханаларда студенттердің аудиториядан тыс және өзіндік жұмысын ұйымдастыру интернетке шығатын жергілікті желіге біріктірілген мамандандырылған компьютерлік сыныптар, кабинеттер базасында жүзеге асырылады, жеке оқу сабақтарын өткізуге арналған сыныптар бар.

Объектілердің атауы Мекен-жайы Жалпы ауданы Комендант Байланыс телефоны Объект фото
1 №1 жатақхана Серікбаев көшесі, 19а 7639 Ибрагимова А.К 8-777-793-81-82 сілтеме
2 №2 жатақхана Образцовая көшесі, 3 1874,8 Мынжасарова Б.Ж. 8-777-151-39-07 сілтеме
3 № 3 жатақхана Серікбаев көшесі, 41 4074,9 Назарбаева Ш.К. 8-701-117-32-32 сілтеме