«Жасыл ел» жасақтары

Жастар ісі жөніндегі комитеттің ең еңбекті қажет ететін жұмысы жазғы еңбек семестрін ұйымдастыру болып табылады.

Республикада жыл сайын жастар белсенділігі өсіп келеді. Соның бір айқын дәлелі студенттік құрылыс жастар еңбек жасақтарының және «Жасыл ел» жасақтарының қозғалысын жаңғырту бойынша ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жалпы ұлттық бастамасын жүзеге асыру болып табылады.

Қозғалыс бүкіл Қазақстан бойынша кең таралып барады, соның ішінде Шығыс Қазақстан алғашқылардың қатарында тұр. Бүгінде жастар еңбек қозғалыс дамуындағы қалыптасқан жақсы дәстүрлерді айтуға болады.

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-де жастар еңбек жасақтарын дамыту жөніндегі бағдарламаға сәйкес бұл бағытта белсенді жұмыс жүргізіледі.

Студенттік жасақтар қызметінің дамуы қоғамдық пайдалы еңбекке тарту, кәсіби және басқарушылық дағдыларды игеру арқылы студенттік жастар тәрбиесіндегі университеттің басым бағыты болып табылады.

Университет жетекшілігімен ең басынан алынған студенттік құрылыс еңбек жасақтарының қозғалысын қолдау тәжірибесі жақсы нәтижелер берді: жөндеу-құрылыс жұмыстарының, жоспарлардың негізгі бөлігі студенттердің күшімен жүзеге асырылады.

Жыл сайын университетте жастар еңбек бастамасын насихаттау бойынша ірі көлмедегі іс-шаралар жүргізіледі. Еңбек маусымының ашылуын атап өту, Көңілді Тапқырлар Клубының турнирлерін, жазғы би кештерін, салауатты өмір салты бойынша акциялар және СҚЖЕЖ студенттеріне арналған басқа да көңіл көтеру іс-шараларын өткізу дәстүрге айналып отыр. 

Ішкі жасақтардың сарбаздары үшін барлық әлеуметтік жағдайлар жасалған - асханада тегін үшреттік тамақтану, жатақханада тегін тұру ұйымдастырылған. Сонымен қоса, СҚЖЕЖ студенттеріне шет тілін оқытудың тегін курстары ұйымдастырылған. Осы мақсатта университет шетелден профессорларды, тіл иелерін шақырады. Сонымен, студенттердің басқа елге шықпай-ақ, тек жақсы еңбек ақы алу ғана емес, сонымен қоса, ағылшын тілін меңгеру деңгейін көтеруге мүмкіндіктері бар.

Жыл сайын Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-і студенттік құрылыс жасақтары мен «Жасыл ел» жасақтарының жұмыс нәтижелері бойынша «Шығыс Қазақстан Облысының үздік студенттік құрылыс жасағы», «Студенттік құрылыс жасағының үздік командирі» номинацияларының иегерлері болады, студенттер жастар еңбек жасақтарының жұмысына баға жетпес үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталады.

Студенттік құрылыс жастар еңбек жасақтары - бұл Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңаруына студенттердің қосқан салмақты үлестері.