"Дәлме-дәл егіншілік" жобасы туралы

"ШҚО жағдайында ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді және ұтымды пайдалану үшін IT-технологияларды енгізу" жобасы ГАЖ, жерсеріктік технологиялар, Жерді қашықтықтан зондтау, ауыл шаруашылығына сандық картографиялау саласындағы соңғы жетістіктерді енгізу есебінен ауылшаруашылық кешеннің әлеуетін іске асыруға бағытталған және алдына келесідей мақсат қойып отыр - Шығыс Қазақстанның ауылшаруашылық секторына нақты егіншілік технологияларын енгізу.

Топырақта макро және микроэлементтер айқындалатын топырақты агрохимиялық талдаудың сынақ зертханасының болуы барлық вегетациялық кезең ішінде тыңайтқыштарды саралап енгізудің қажеттілігін айқындау үшін топырақтың жай-күйіне, сондай-ақ ұсынылған мамандандырылған бағдарламаларға, озық технологияларға мониторинг жүргізіледі:

  • жергілікті жердің мультиспектрлік түсірілімін орындауға мүмкіндік беретін Геоскан Агро 201 ұшқышсыз ұшу аппаратымен;
  • ауа райының кәсіби мониторингіне арналған DAVIS VANTAGE PRO 2 PLUS 6163 көпфункционалды метеорологиялық кешен (жел жылдамдығы, ауа температурасы, ауа ылғалдылығы, барометрлік қысым, жауын-шашын мөлшері, жауын-шашын қарқындылығы және т. б.);
  • 30 см тереңдікте топырақ үлгілерін автоматты түрде іріктеуді орындайтын Wintex 1000S автоматтандырылған сынама алғышымен;
  • тәжірибелік учаскелерде нақты егіншілік элементтерін енгізуге және осы жоба бойынша жоспарланған жұмыстардың барлық кешенін жүргізуге мүмкіндік береді.