Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық 6B11201 - Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Бітірушіні энергияны және ресурстарды үнемдеу, ақпараттық және ГИС-технологиялар негізінде экологиялық және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің замануи әдістері саласында өндірістік-технологиялық, жобалық, ұйымдастыру-басқару және эксперименттік-зерттеу қызметіне дайындау

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

әскери-өнеркәсіптік кешен, индустрия, ауыл және коммуналдық шаруашылық, өндіріс және тұтыну салалар, тіршілік қауіпсіздігі,еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларда қорғану салаларының мемлекеттік органдары, экологиялық қызметтер, экономиканың барлық салалары.
Кәсіби қызмет объектісі:

ақпараттық жүйелер мен оларды құрауыштар, табиғатты құраушы, техногендік, әлеуметтік әсер ететін кәсіпорындар мен ұйымдар; су, жер, биотикалық және өзге де ресурстар; тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды анықтайтын факторлар; төтенше жағдайларда технологиялық жүйелерді, желілерді әзірлеумен, енгізумен және пайдаланумен және қорғаумен айналысатын ұйымдар; өрт, экологиялық, химиялық, радиациялық және басқа да қауіптерді болдырмауға мүмкіндік беретін әртүрлі меншік нысанындағы, жобалау-іздестіру институттары, бюролары, фирмалар мен т. б.
Кәсіби қызмет түрлері:

- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- инновациялық;
- жобалық-технологиялық;
- жобалық-конструкторлық;
- өндірістік-технологиялық;
- эксперименттік-зерттеушілік;
- сервистік-пайдалану және т.б.
Кәсіби қызметінің функциялары:

- тіршілік қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларда қорғау жағдайларын жасау жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

- қауіпсіздік техникасы, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша оқыту және нұсқама жүргізу;

- тіршілік қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде түрлі жағдайларды бағалау қабілеті Философиялық және тарихи мазмұндағы ақпаратты қабылдау және талдау дағдысын, дискуссияны және полемиканы жүргізу тәсілдерін меңгеру
Әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дәлелдей білу
2. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коммуникативтік қабілеттерге ие болу
АКТ көмегімен ақпаратты іздеу және өңдеуді жүзеге асыру
3. Әлеуметтік ортада тұлғаны қалыптастыру және анықтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру қабілеті Экономикалық-құқықтық ортада біртұтас тұлғаны қалыптастыруға және индивидтің жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін білімді көрсету
Тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін сақтау, дамыту және тиімді жұмыс істеуі мақсатында әлеуметтік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерін қолдану
4. Өндірістік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жобалау қызметін әзірлеу, сұлбаларды, аспаптарды, аппараттар мен жүйелерді жобалау қабілеті. Танымның алдыңғы қатарлы ғылыми әдістері бойынша білімді жетілдіруге қабілеттілік пен өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауда қолданылатын сұлбаларды, аспаптарды, аппараттар мен жүйелерді әзірлеу мен жобалау әдістемесінде білімді жетілдіру
қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында заманауи ақпараттық технологиялар, еесптегіш техникалардың даму енденциясын есепке ала отырып, аппараттар мен машиналардың құрылымы мен оңтайлы типтерін дұрыс таңдау, технологияның негізгі үрдістерінің заңдылықтары бойынша білімдерінің негізінде, аныұтамалық және эксперименттік мәліметтерді қолдана отырып, аппараттар мен үрдістердің есептеулерін жүргізу
5. Қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты ұтымды пайдалануға және тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мақсаттарды қою және ағымдағы міндеттерді қалыптастыру мүмкіндігін ұйымдастыру мен басқару қызметіне қабілеттілік. өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мен экологиялық қауіпсіздікті арттыру бойынша шаралардың техникалық-экономикалық есептеулердің теориялық және нормативті негіздері, эксперимент нәтижелерін талдау мен бағалау, нәтижелерді өңдеу, жүргізу, жоспарлау, теориялық зерттеулердің негізгі әдістерін игеру
өзінің алған теориялық білімін және практикалық дағдыларын пайдалана отырып, жаңа идеяларды тудыру, оларды қорғау және мақсатты түрде жүзеге асыру қабілеті оларды қорғау және мақсатты іске асыру
6. өзін-өзі үздіксіз кәсібиі жетілдіру, жаңа кәсіби білім мен іскерлікті игеру, өз бетінше оқуға қабілеті. төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік жүйесін, экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздікті бағалау, адамды қауіптерден қорғаудың жаңа моделін жасау; қауіпсіздік ресурсты үнемдеу қағидалары негізінде ғылыми және практикалық шешімдерді таңдау критерийлерін қалыптастыру р
нысандағы қолданылып жүрген қауіпсіздік жүйесін талдау негізінде оның тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды әзірлеу; табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудың, экологиялық қауіпсіз және аз қалдықты технологияларды жасаудың заманауи әдістері мен тәсілдерін практикада қолдану.
7. қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі мәселелерін шешуде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану, оңтайландыру және талдау қабілеті қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі проблемаларын шешу кезінде ақпараттық жүйелер мен технологияларды, деректер базасын, сонымен бірге өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы инновацияларды ескере отырып, еңбек жағдайларын оңтайландырудың негізгі тәсілдерді әзірлеу және енгізу
техногендік әсерлерден адамды қорғау жүйесінің үлгілерін; кәдеге жарату және залалсыздандыру технологиясының модельдерін әзірлеу мен бағалау, өнеркәсіптік нысандар мен аумақтардың қауіпсіздік сараптамасын жүргізу дағдыларын меңгеру
8. энергияны үнемдеу технологиялары негізінде экологиялық және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи әдістерін өндірістік-технологиялық қызметке бағдарлау қабілеті. Танымның алдыңғы қатарлы ғылыми әдістері бойынша білімді жетілдіруге қабілеттілік пен өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауда қолданылатын сұлбаларды, аспаптарды, аппараттар мен жүйелерді әзірлеу мен жобалау әдістемесінде білімді жетілдіру
өндірістік және экологиялық ахуалға, оның қауіпсіздігі мен зиянсыздығына қатысты талдау жүргізу, қолайсыз жағдайларды жою және алдын алу үшін шешімдер қабылдау және тіршілік қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету