Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық 6B07106 - Технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Білім алушыларға тау-кен-металлургиялық кәсіпорындарына бағдарланған, тау-кен машиналарын жобалау, жасау және пайдалану технологиялары бойынша білімін, іскерлігін және практикалық дағдыларын қамтитын жоғары сапалы білім беру

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Тау-кен машиналары мен жабдықтарының эксплуатациясы, жобалау, құрастыру және өндіру
Кәсіби қызмет объектісі:

Тау-кен машиналары мен жабдықтары саласында кәсіби білімді талап ететін коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар мен бірлестіктер: шахталар, кеніштер, карьерлер, қалалық жер асты құрылыс кәсіпорындары, байыту фабрикалары, машина жасау және жөндеу-механикалық кәсіпорындар, жобалау-конструкторлық және ғылыми-зерттеу ұйымдары
Кәсіби қызмет түрлері:

Тау-кен машиналары мен жабдықтарын құрастыру, жобалау, жасау, зерттеу, сынау, техникалық күтім жасау және жөндеу
Кәсіби қызметінің функциялары:

1. Бөлімінің бастығы:
1.1. Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесінің жұмысын стратегиялық басқару және жетекшілік жасау
1.2. Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі қызметінің нәтижелерін ұйымдастыру және бақылау
2. Инженер-конструктор:
2.1. Тау-кен машиналары мен жабдықтарын жобалау және құрастыру
2.2. Тау-кен машиналары мен жабдықтарын өндіру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін технологиялық жабдықтарды жобалау және құрастыру
3. Инженер-технолог:
3.1. Тау-кен машиналары мен жабдықтарын өндірудің технологиялық процестерін әзірлеу
3.2. Тау-кен машиналары мен жабдықтары өндірісінің технологиялық процестерін дайындау, іске қосу, баптау және басқару
4. Тау-кен машиналары мен жабдықтарын пайдалану және жөндеу жөніндегі инженер:
4.1. Кәсіпорынның тау-кен машиналары мен жабдықтарын пайдалану және жөндеу процестерін басқару
4.2. Кәсіпорынның тау-кен машиналары мен жабдықтары паркін басқару
5. Механик:
5.1. Тау-кен машиналары мен жабдықтарының жарамды жай-күйін қамтамасыз ету
5.2. Тау-кен машиналары мен жабдықтарын өндіру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін технологиялық жабдықтың жарамды жай-күйін қамтамасыз ету
5.3. Материалдық-техникалық ресурстардың жұмсалуын бақылау
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде түрлі жағдайларды бағалау қабілеті Философиялық және тарихи мазмұндағы ақпаратты қабылдау және талдау дағдысын, дискуссияны және полемиканы жүргізу тәсілдерін меңгеру
Әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дәлелдей білу
2. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коммуникативтік қабілеттерге ие болу
АКТ көмегімен ақпаратты іздеу және өңдеуді жүзеге асыру
3. Әлеуметтік ортада тұлғаны қалыптастыру және анықтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру қабілеті Экономикалық-құқықтық ортада біртұтас тұлғаны қалыптастыруға және индивидтің жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін білімді көрсету
Тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін сақтау, дамыту және тиімді жұмыс істеуі мақсатында әлеуметтік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерін қолдану
4. Механикалық жүйелерді құрастыра білу Процестерді талдау және заңдылықтарды анықтау
Конструкциялық материалдардың қасиеттерін және еңбек қауіпсіздігін ескере отырып оларды түрлендірудің технологиялық әдістерін бағалау
Машина жасау кезінде инженерлік графиканың дағдылары мен іскерліктерін қолдану
5. Технологиялық машиналардағы техникалық жүйелердің тиімділігін түсіну және бағалау Технологиялық машиналар мен жабдықтардың электр жүйелерінің, осы машиналардың қатысуымен процестерді автоматтандырудың жұмыс принципін түсіну
Технологиялық машиналардың және жабдықтардың тиімділігін бағалау
6. Технологиялық машиналарды және жабдықтарды жобалау, өндіру және пайдалану, технологиялық машиналар саласының инфрақұрылымын құру Технологиялық машиналарды және жабдықтарды жобалай білу
Технологиялық машиналарды және жабдықтарды қолдана білу және оларды пайдалануды қамтамасыз ету
Технологиялық машиналар мен жабдықтар үшін пайдалану материалдарын қолдану тиімділігін бағалау