Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық 6B06101 - Ақпаратық жүйелер
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Ұлттық және өңірлік ақпараттық технологиялар нарығының міндеттерін шешу үшін, сондай – ақ әлемдік АТ-бизнес жағдайына ықпалдасу үшін ақпараттық технологиялар мен жүйелерді жобалау, әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу саласында мамандар даярлау

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

- Әртүрлі мақсаттағы ақпараттық жүйелерді жобалау, әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу;
- Корпоративтік ақпараттық жүйелердің менеджменті, АТ-жобаларды басқару;
- Өндірісті цифрландыру, ақпараттық жүйелердің міндеттерін қою, жұмысқа қабілеттілігін қолдау және сапа менеджменті мәселелерін шешу
Кәсіби қызмет объектісі:

Ақпараттық процестер, технологиялар, жүйелер мен желілер, оларды аспаптық (бағдарламалық, техникалық, ұйымдастырушылық) қамтамасыз етуі, әртүрлі меншік формасындағы ұйымдар, Индустрия және бизнес қызметіндегі ақпараттық технологиялар мен жүйелерді жобалау, жөндеу, өндіру және пайдалану тәсілдері мен әдістері
Кәсіби қызмет түрлері:

- Жобалау-конструкторлық;
- Жобалау-технологиялық;
- Өндірістік-технологиялық;
- Ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- Инновациялық;
- Монтаждық-келтірушілік;
- Сервистік-пайдаланушылық.
Кәсіби қызметінің функциялары:

1) жобалау-конструкторлық қызмет:
- жобалау объектісін жобалау алдындағы зерттеу (инжиниринг), пәндік саланы, олардың өзара байланысын жүйелі талдау;
- техникалық жобалау (реинжиниринг);

- үрдістер мен жүйелерді модельдеу;
2) жобалау-технологиялық қызмет:
- базалық және қолданбалы ақпараттық технологияларды жобалау;
- ақпараттық технологияларды іске асыру құралдарын әзірлеу (әдістемелік, ақпараттық, математикалық, алгоритмдік, техникалық және бағдарламалық);
3) өндірістік-технологиялық қызмет:
- ақпараттық қоғам экономикасы жағдайында әр түрлі бейіндегі кәсіпорындарда және қызметтің барлық түрлерінде кәсіби қызмет объектілерінің технологияларын әзірлеу және енгізу;
4) ұйымдастыру-басқару қызметі:
- жұмыс орындарын ұйымдастыру, оларды техникалық жабдықтау, компьютерлік жабдықтарды орналастыру;
5) ғылыми-зерттеу қызметі:
- зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты, отандық және шетелдік тәжірибені жинау, талдау;
6) инновациялық қызмет:
- стратегиялық жоспарлауды АКТ, кәсіпорындар мен ұйымдардың инфрақұрылымымен келісу;
7) монтаждау-реттеу қызметі:
- ақпараттық жүйелерді пайдалануға енгізу үшін бағдарламалық құралдарды орнату, жөндеу және техникалық құралдарды баптау;
- дайын компоненттерден бағдарламалық жүйені құрастыру;
- ақпараттық жүйелер мен олардың компоненттерін пайдалану;
8) сервистік-пайдалану қызметі:
- ақпараттық жүйелер мен технологияларды берілген функционалдық сипаттамаларда және сапа өлшемдеріне сәйкестігін қолдау және сүйемелдеу;
- ақпараттық жүйелер мен технологиялар деректерінің қауіпсіздігін және тұтастығын қамтамасыз ету;
- ақпараттық жүйелерді пайдалану бойынша нұсқаулықтар жасау.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде түрлі жағдайларды бағалау қабілеті Философиялық және тарихи мазмұндағы ақпаратты қабылдау және талдау дағдысын, дискуссияны және полемиканы жүргізу тәсілдерін меңгеру
Әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дәлелдей білу
2. Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігі мен істен шығуының тұрақтылығын басқару дағдылары Жүйелердің қауіпсіздігін, істен шығуының тұрақтылығын бағалау, жүйелердің жұмыс істеуінің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ететін алгоритмдерді әзірлеу
3. Кәсіпорындардың ақпараттық жүйелерін әзірлеу және сүйемелдеу дағдылары Қазіргі ERP және BPM жүйелерінде бағдарламалық модульдерді әзірлей отырып, кәсіпорынның қолданбалы міндеттерін шешу
4. АТ инфрақұрылымын тиімді жобалау, әзірлеу, қолдау және жаңғырту дағдылары Кәсіпорынның IT-инфрақұрылымын әзірлеу, IT-процестерді оңтайландыру, IT -жобаларды басқару және сүйемелдеу
5. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коммуникативтік қабілеттерге ие болу
АКТ көмегімен ақпаратты іздеу және өңдеуді жүзеге асыру
6. Әлеуметтік ортада тұлғаны қалыптастыру және анықтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру қабілеті Экономикалық-құқықтық ортада біртұтас тұлғаны қалыптастыруға және индивидтің жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін білімді көрсету
Тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін сақтау, дамыту және тиімді жұмыс істеуі мақсатында әлеуметтік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерін қолдану
7. Жаратылыстану-ғылыми пәндердің негізгі заңдарын кәсіби қызметте қолдану, Математикалық талдау және модельдеу, теориялық және Эксперименталды зерттеу әдістерін қолдану қабілеті Әртүрлі физикалық ұғымдарды, заңдарды түсіндіру, эксперименттер жүргізу, математикалық-статистикалық талдау аппаратын қолдана отырып, нәтижелерді жинақтау
есептің қойылымын математикалық негіздеу, ақпараттық жүйені жобалау және әзірлеу кезінде математикалық қамтамасыз етуді пайдалану
8. Қазіргі заманғы әдістер мен әзірлеу құралдары негізінде ақпараттық жүйенің ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуін әзірлей білу Есептерді шешу алгоритмдерін әзірлеу, АЖ бағдарламалық қамтамасыз етуін құру
Қазіргі заманғы ДБЖ пайдалана отырып, деректер базасын жобалау, әзірлеу, басқару және сүйемелдеу
Операциялық жүйелерді, қабықшаларды орнату, конфигурациялау, басқару
ақпараттық жүйені функционалдық, ақпараттық, бағдарламалық және техникалық қамтамасыз етуді моделдеу
9. Заманауи сандық құрылғылардың, жүйелердің, кешендер мен желілердің архитектурасын таңдау және кешендеу қабілеті Аппараттық-бағдарламалық кешендер мен желілердің элементтерін конфигурациялау, жобалау дағдыларын қолдану, жүйенің желілік инфрақұрылымын әкімшілендіруді жүзеге асыру
10. Бизнесті құру, тиімді жүргізу және тоқтату дағдылары Еңбек заңнамасының нормаларын сақтай отырып, кәсіпорындар құру, белгісіздік және тәуекелдер жағдайында кәсіпорындардың экономикалық проблемаларын шешу
11. Мобильді және веб-қосымшаларды әзірлеу дағдылары Заманауи тілдер, технологиялар және бағдарламалаудың аспаптық құралдарын пайдалана отырып мобильді, серверлік, клиенттік Web-қосымшаларды әзірлеу
12. Деректерді зияткерлік өңдеу әдістерін, құралдарын және аспаптарын меңгеру Жасанды интеллект әдістері мен заманауи және перспективалық технологияларын ескере отырып, кәсіби бағытталған АЖ әзірлеу және енгізу