Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық 6B06105 - Виртуалды және толықтырылған шынайылық
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Ұлттық және аймақтық ақпараттық технологиялар нарығының проблемаларын шешу үшін, сондай-ақ ғаламдық АТ бизнес-шарттарына интеграциялау үшін ақпараттық технологиялар мен виртуалды және толықтырылған шынайылылық бағдарламалық өнімдерін жобалау, әзірлеу, енгізу және қолдау саласындағы мамандарды дайындау.

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

- Әртүрлі мақсаттар үшін виртуалды, толықтырылған және аралас шынайылыққа арналған пайдаланушы интерфейстерін әзірлеу;
- Әртүрлі мақсаттағы ақпараттық жүйелерді жобалау, әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу;
- Корпоративтік ақпараттық жүйелердің менеджменті, АТ-жобаларды басқару;
- Өндірісті цифрландыру, ақпараттық жүйелердің міндеттерін қою, ақпараттық жүйелердің жұмысқа қабілеттілігін қолдау және сапа менеджменті мәселелерін шешу

Кәсіби қызмет объектісі:

Ақпараттық процестер, технологиялар, жүйелер мен желілер, оларды аспаптық (бағдарламалық, техникалық, ұйымдастырушылық) қамтамасыз ету, әртүрлі меншік формасындағы ұйымдар, Индустрия және бизнес қызметіндегі ақпараттық технологиялар мен жүйелерді жобалау, жөндеу, өндіру және пайдалану тәсілдері мен әдістері
Кәсіби қызмет түрлері:

- Жобалау-конструкторлық;
- Жобалау-технологиялық;
- Өндірістік-технологиялық;
- Ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- Инновациялық;
- Монтаждық-келтірушілік;
- Сервистік-пайдаланушылық.
Кәсіби қызметінің функциялары:

1) жобалау-конструкторлық қызмет:
- жобалау объектісін жобалау алдындағы зерттеу (инжиниринг), пәндік саланы, олардың өзара байланысын жүйелі талдау;
- техникалық жобалау (реинжиниринг);

- үрдістер мен жүйелерді модельдеу;
2) жобалау-технологиялық қызмет:
- базалық және қолданбалы ақпараттық технологияларды жобалау;
- ақпараттық технологияларды іске асыру құралдарын әзірлеу (әдістемелік, ақпараттық, математикалық, алгоритмдік, техникалық және бағдарламалық);
3) өндірістік-технологиялық қызмет:
- ақпараттық қоғам экономикасы жағдайында әр түрлі бейіндегі кәсіпорындарда және қызметтің барлық түрлерінде кәсіби қызмет объектілерінің технологияларын әзірлеу және енгізу;
4) ұйымдастыру-басқару қызметі:
- жұмыс орындарын ұйымдастыру, оларды техникалық жабдықтау, компьютерлік жабдықтарды орналастыру;
5) ғылыми-зерттеу қызметі:
- зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты, отандық және шетелдік тәжірибені жинау, талдау;
6) инновациялық қызмет:
- стратегиялық жоспарлауды АКТ, кәсіпорындар мен ұйымдардың инфрақұрылымымен келістіру;
7) монтаждау-реттеу қызметі:
- ақпараттық жүйелерді пайдалануға енгізу үшін бағдарламалық құралдарды орнату, жөндеу және техникалық құралдарды баптау;
- дайын компоненттерден бағдарламалық жүйені құрастыру;
- ақпараттық жүйелер мен олардың компоненттерін пайдалану;
8) сервистік-пайдалану қызметі:
- ақпараттық жүйелер мен технологияларды берілген функционалдық сипаттамаларда және сапа өлшемдеріне сәйкестігін қолдау және сүйемелдеу;
- ақпараттық жүйелер мен технологиялар деректерінің қауіпсіздігін және тұтастығын қамтамасыз ету;
- ақпараттық жүйелерді пайдалану бойынша нұсқаулықтар жасау.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде түрлі жағдайларды бағалау қабілеті Философиялық және тарихи мазмұндағы ақпаратты қабылдау және талдау дағдысын, дискуссияны және полемиканы жүргізу тәсілдерін меңгеру
Әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дәлелдей білу
2. Толықтырылған немесе виртуалды шынайылық жобалары қосымшаларының тәуелді компоненттерін өзгерту және толықтыру дағдылары Толықтырылған және виртуалды шынайылықтың түрлері, объектілері және жүйелерін, оларды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдерін және талаптарын салыстыру
3. Үш өлшемді объектілерді, әсерлерді және анимацияны құру және өзгерту дағдылары 3D нысандарын, визуалды эффектілерді және 3D анимациясын, 2D және 3D сканерлеуге негізделген маркерлер жасау
4. Деректерді зияткерлік өңдеу әдістері, құралдары және аспаптарын игеру Шешім қабылдау жүйелері және бағдарлама логикасының компоненттерін әзірлеу
5. АТ-инфрақұрылымын тиімді жобалау, әзірлеу, сүйемелдеу және жаңғырту дағдылары Тәуелсіз және үшінші тараптар құрған әртүрлі платформаларда мүмкін «қозғалтқыштарды» анықтау үшін эксперименттер жүргізу
6. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коммуникативтік қабілеттерге ие болу
АКТ көмегімен ақпаратты іздеу және өңдеуді жүзеге асыру
7. Әлеуметтік ортада тұлғаны қалыптастыру және анықтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру қабілеті Экономикалық-құқықтық ортада біртұтас тұлғаны қалыптастыруға және индивидтің жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін білімді көрсету
Тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін сақтау, дамыту және тиімді жұмыс істеуі мақсатында әлеуметтік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерін қолдану
8. Жаратылыстану-ғылыми пәндердің негізгі заңдарын кәсіби қызметте қолдану, математикалық талдау және модельдеу, теориялық және эксперименталды зерттеу әдістерін қолдану қабілеті Әртүрлі физикалық ұғымдарды, заңдарды түсіндіру, эксперименттер жүргізу, математикалық-статистикалық талдау аппаратын қолдана отырып, нәтижелерді жинақтау
Есептің қойылымын математикалық негіздеу, ақпараттық жүйені жобалау және әзірлеу кезінде математикалық қамтамасыз етуді пайдалану
9. Қазіргі заманғы әдістер мен әзірлеу құралдары негізінде ақпараттық жүйенің ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуін әзірлеу мүмкіндігі Графикалық пайдаланушы интерфейсін визуалды әзірлеудің аспаптық құралдарын қолдану
Объектілі-бағытталған бағдарламалау, асинхронды бағдарламалау, компьютерлік қауіпсіздік, бағдарламалау тілдерінің синтаксистік бірліктері, деректер құрылымдары, үлгілерді іріктеу және деректерді өңдеу алгоритмдері, объектілі-бағытталған бағдарламалау принциптерін түсіндіру
10. Архитектураны таңдау және заманауи цифрлық құрылғылар, жүйелер, кешендер мен желілерді кешендеу қабілеті Әр түрлі әзірлеу орталарын, фреймворктарды, бағдарламалау тілдерін, 3D объектілер мен анимацияларды әзірлеу әдістерін, маркерлерді орнату әдістерін, толықтырылған шынайылық қосымшаларының архитектурасының нұсқаларын пайдалануды артықшылықтар мен кемшіліктер негізінде талқылау
11. Бизнесті құру, тиімді жүргізу және тоқтату дағдылары Кәсіпорындарды еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес құру, белгісіздік пен тәуекелдер жағдайында кәсіпорындардың экономикалық мәселелерін шешу.
12. Әртүрлі типтегі қоймаларды пайдаланып әртүрлі архитектуралы мобильді және веб-қосымшаларын әзірлеу дағдылары Клиент-сервердің архитектурасымен және қашықтағы және жергілікті деректер қорымен толықтырылған шынайылықтың веб және мобильді қосымшаларын әзірлеу
13. Дайын тәуелді компоненттерден виртуалды және толықтырылған шынайылық қосымшаларын әзірлеу дағдылары Компьютерлік жабдықты және виртуалды шынайылық жабдықтарын орналастыру
3D моделдеу, анимация, толықтырылған шынайылық қосымшаларын әзірлеу орталарындағы компоненттерінің үйлесімділігінен пәнаралық білімді интеграциялау