Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық 7M07206 - Уран өнімдерін алудың инновациялық әдістері
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Кәсіби қызметтің негізінде жатқан жаратылыстану, математикалық және негізгі білімдері бар түлектерді Қазақстан Республикасының атом саласындағы өнеркәсіп кәсіпорындарында өндірістік қызметке дайындау.

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

- қара және түсті металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары;
- тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындары;
- жобалау-құрастыру, ғылыми-зерттеу ұйымдары, зауыт зертханалары;
- әртүрлі меншік түріндегі фирмалар.
Кәсіби қызмет объектісі:

Жобалар, материалдар, әдістер, құралдар, қондырғылар, техникалық және нормативтік құжаттар, сапа менеджменті жүйесі, математикалық модельдер, шикізат, шихта, тау жыныстары, металдар мен қорытпалар, химиялық реагенттер, зертханалық жабдықтар мен аппараттар, өндіріс технологиясы.
Кәсіби қызмет түрлері:

- өндірістік-технологиялық;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- есептеу-жобалық.
Кәсіби қызметінің функциялары:

- технологиялық үрдіске және жабдықтың жұмыс жасауына бақылау жасау;
- металлургиялық өңдеудің бастапқы және соңғы өнімдерін талдау;
- технологиялық үрдістің регламентін және алынатын өнім сапасын сақтауды қамтамасыз ету;
- жаңа өнімдерді өндіруге дайындық барысында технологиялық үдерістерді жетілдіру және дамыту бойынша жұмыстарға қатысу;
- жаңа технологиялар мен жабдықтарды енгізуге қатысу;
- техникалық және өндірістік есептерді жасау;
- өндірістің экологиялық және технологиялық қауіпсіздігінің сақталуын бақылау;
- жұмысты ұйымдастырудың және қазіргі заманғы құрылғылар мен қондырғыларда жұмыс жасаудың заманауи әдістерін меңгеру;
- экономикалық шешімдерге негізделген ғылыми- техникалық және ұйымдық шешімдерді іріктеу және негіздеу үшін бастапқы деректерді дайындау;
- технологиялық үдерістерді жобалау үшін ақпараттық және берілген деректерді жинау және талдау;
- жобалық және жұмыс техникалық құжаттамаларын әзірлеуге қатысу;
- жобалауды автоматтандырудың стандартты құралдарын пайдалана отырып техникалық тапсырмаға сәйкес технологиялық үрдістің жеке кезеңдерін есептеу және жобалау;
- әзірленген жобалар мен техникалық құжаттамалардың стандарттарға, техникалық шарттарға және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкестігін бақылау.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Дүниежүзілік және еуразиялық үдерістерді контекстіндегі Қазақстан мемлекеттілігінің үдемелі даму тарихының негізгі кезеңдерін түсіну. Ғылыми танымның заманауи тенденциялары мен әдіснамасын білу; ғылыми қызметті ұйымдастыру принциптері мен құрылымын білу.
Қазіргі қоғамның дамуындағы ақпараттың мәні ,оны түсінуді және жобалау-технологиялық қызметті орындау қабілетін көрсете білу
2. Қарым-қатынастың әр түрлі салаларында мәдени-сөйлеу тәжірибесінің әр түрлі түрлерін меңгеру. Жаңа мәселелер мен жағдайларды шешуде креативті ойлау және шығармашылықпен қарау; таным, оқыту және өзін-өзі бақылау әдістері мен құралдарын өз бетімен қолдану
Атом өнеркәсібі саласында аналитикалық жұмыстарды жүргізу кезінде аналитикалық бақылау әдістері мен жабдықтарын орынды таңдау.
3. Тантал, ниобий, бериллий, уран және торий негізіндегі материалдардың зерттеу және әзірлеу әдістерін, тәсілдерін білу. Реакторлық материалдар мен ядролық энергетика саласында теориялық зерттеулер жүргізу және тәжірибелік зерттеулер әзірлеу.
Уран өнімдері мен ядролық энергетика материалдарын өндіруде тәжірибелік жұмыстарды орындау барысында кәсіби дағдыларды қолдану
4. Материалдарды өндірудегі аналитикалық бақылаудың физикалық әдістеріне негізделген технологиялық үрдістердіі жетілдірудің мақсаттары мен міндеттерін білу. Қазақстан Республикасының атом саласының кәсіпорындарындағы кәсіби қызметтегі жаңа технологияларды жобалау, жоспарлау және әзірлеу.
Біліктілікті жоғарылату барысында алынған білімді қолдану
5. Бұрғылау әдістерін, жер бетіндегі жыныстарды жару туралы, жер асты тау-кен жұмыстарын жүргізу және пайдалы қазбаларды жерасты қазу кезіндегі жарылу жұмыстары туралы білу Қолданыстағыны жетілдіру . Қазақстан Республикасының атом өнеркәсібінде инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу.
Сирек металл өнеркәсібінің жабдықтары мен технологиясының ұтымды және қауіпсіз, сондай-ақ тиімді сызбасын таңдау
6. Кен орындарын игеру үшін негізгі қор үнемдейтін технологияларды білу. Өндірістік мәселелерді шешу; жобаның инновациялық қабілетін бағалау (тәуекелдер мен әлеует).
Техникалық құжаттаманы әзірлеу.