Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық 7M07309 - Жобалаудағы - BIM технологиялар
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Тұжырымдамалық шешімнен бастап құрылыстың сметасы мен күнтізбелік жоспарын құрастырғанға дейін ақпараттық модельдеу технологиясын (BIM) пайдалана отырып ғимараттар мен құрылыстарды жобалау бойынша кәсіби қызмет үшін тұлғалық қасиеттерін дамыту және құзыреттілікті қалыптастыру

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Азаматтық және өнеркәсіптік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, салуға, пайдалануға байланысты ғылым мен техника саласы
Кәсіби қызмет объектісі:

Жоғары және орта кәсіптік білім беру ұйымдары, ғылыми-зерттеу және жобалау мекемелері, бюролар, компаниялар, құрылыс бейіндегі және экономиканың басқа да инфрақұрылымдарындағы фирмалар мен ұйымдар (кәсіпорындар), ҒЗИ
Кәсіби қызмет түрлері:

- Есептік-жобалық және техника-экономикалық;

- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;

- өндірістік-технологиялық және пайдалану;

- құқықтық, сараптамалық және консультациялық;

- ғылыми-зерттеу;

- білім беру (педагогикалық)
Кәсіби қызметінің функциялары:

Геодезиялық, геологиялық, гидрологиялық және гидрометриялық жұмыстарды жүргізу; жобалау-іздестіру жұмыстарын орындау; құрылыс кешені объектілерін салу, жөндеу және ағымдағы күтіп ұстау технологиялық процестерін әзірлеу және жүзеге асыру; құрылыс өндірісін ұйымдастыру, жоспарлау және басқару.

Орта кәсіптік, жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметті жүзеге асыру; мамандық бейіні бойынша оқу-әдістемелік әзірлемелерді әзірлеу, жариялау, енгізу; білім алушылар арасындағы тәрбие жұмысы.

Ғылыми зерттеулер мен техникалық әзірлемелерді жүргізудің жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу, орындаушылар үшін жеке тапсырмаларды дайындау; зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу, міндеттерді шешудің әдістері мен құралдарын таңдау; эксперименттер жүргізудің әдістемесі мен ұйымдастырылуын әзірлеу, олардың нәтижелерін талдау; патенттік зерттеулер жүргізу; зерттеулерді орындау нәтижелері бойынша ғылыми-техникалық есептер, шолулар, жарияланымдар дайындау; өнертабысқа өтінімдер дайындау; зияткерлік меншік объектілерін тіркеу және қорғау
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Ғылыми-әдістемелік бірегейлікті дүниетанымдық бағыттылықпен біріктіретін ғылымның негізгі проблемаларына, оның функциялары мен даму заңдарына бағдарлану қабілеті Философия саласындағы негізгі мәселелерді анықтау және ғылым әдіснамасының рөлін сипаттау
2. Кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде шет тілдерін еркін пайдалану қабілеті Шет тілін С1-С2 халықаралық стандарттар деңгейінде және ғылыми стильдің грамматикалық сипаттамаларында меңгеру; халықаралық ортада жұмыс істеуге қабілетті болу
3. Педагогикалық қызметке қатысу қабілеті Оқу процесін ұйымдастыруға қойылатын психологиялық-педагогикалық талаптарды ескере отырып, педагогикалық қызметті жүзеге асыру
4. Ғылыми-зерттеу қызметіне қатысу қабілеті Кәсіби қызмет шеңберінде зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру
Ғылыми ақпаратты алу, өңдеу және сақтау әдістерін қоса алғанда, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды меңгеру
Зияткерлік меншікті қорғау және рәсімдеу ережелерін білу
Зерттеудің қажетті әдістерін таңдай білу, нақты зерттеудің міндеттеріне сүйене отырып, бар әдістерді түрлендіру және жаңа әдістерді әзірлеу
5. Жобалау-технологиялық қызметке қатысу қабілеті Қазіргі заманғы құрылыс құрылымдары мен инженерлік жүйелерді, BIM-технологияларды пайдалана отырып, ғимараттар мен құрылыстарды жобалауды орындауға қабілетті болу
Құрылыс өндірісіндегі қазіргі заманғы технологияларды, ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс процестері технологиясындағы жаңа әдістер мен тәсілдерді білу
6. Ұйымдастыру-басқару қызметіне қатысу қабілеті Ұйымның даму стратегиясын анықтау және бағалау, нарық жағдайында ұтқырлыққа және бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін технологиялық және ұйымдастырушылық шешімдерге бастамашылық жасау