Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық 7M07107 - Көлік, көліктік техника және технологиялар
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Білім алушыларға көліктік машина жасау зауыттарына және көлік кәсіпорындарына бағдарланған жоғары сапалы білім беру, жобалау әдістері, көлік техникасын жасау және пайдалану технологиялары бойынша білім, білік және практикалық дағдыларды қамтитын

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Көлік техникасын өндіру;
Көлік техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу;
Көлік саласы үшін мамандар даярлау
Кәсіби қызмет объектісі:

Өмір циклінің барлық сатыларындағы көлік техникасы
Кәсіби қызмет түрлері:

Ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, құрастыру, жобалау, дайындау, сынау, техникалық қызмет көрсету, көлік техникасын жөндеу
Кәсіби қызметінің функциялары:

1. Өндіріс директоры:

1.1. Стратегиялық басқару және кәсіпорын жұмысына жетекшілік жасау
1.2. Кәсіпорын қызметінің нәтижелерін ұйымдастыру және бақылау

2. Бас конструктор:

2.1. Көлік техникасын құрастыруға және жобалауға басшылық ету

2.2. Көлік техникасын өндіру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін технологиялық жабдықтарды құрастыруға және жобалауға басшылық ету

3. Бас технолог:

3.1. Көлік техникасын өндірудің технологиялық процестерін әзірлеуге басшылық ету

3.2. Көлік техникасы өндірісінің технологиялық процестерін дайындау, іске қосу, баптау және басқару процестерін басқару

4. Бас инженер:

4.1. Кәсіпорынның көлік техникасын пайдалану және жөндеу процестерін басқаруды басқару

4.2. Кәсіпорынның көлік техникасы паркін басқару

5. Бас механик:

5.1. Көлік техникасының жарамды жай-күйін қамтамасыз етуге басшылық ету

5.2. Көлік техникасын өндіруге, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған технологиялық жабдықтың жарамды жай-күйін қамтамасыз етуге басшылық ету

6. Колледж, ЖОО оқытушысы:

6.1. Көлік техникасы бойынша студенттерге арнайы пәндерді оқыту

6.2. Көлік техникасы бағыты бойынша оқитын студенттердің курстық және дипломдық жобалауына, ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстарына басшылық ету
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Гуманитарлық сипаттағы іскерліктер Қоғамдағы үдерістерді және адамдардың мінез-құлқының заңдылықтарын анықтау
Лингвистикалық кедергілерді еңсеру және ақпарат алмасуды жүргізу
Адами ресурсты басқару
2. Аналитикалық сипаттағы іскерліктер Ақпараттарды сараптау
3. Көлік техникасын құрастыра білу Техниканың перспективалық құрылымдарын құру
Техниканың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету
4. Ғылыми зерттеу іскерліктері Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау
5. Технологиялық сипаттағы іскерліктер Көлік техникасын жасау кезінде сапаны қамтамасыз ете білу
Көлік техникасының сапасын эксплуатация кезінде сақтай білу