Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық 7M11301 - Тасымалдауды,қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
Білім беру бағдарламасының мақсаты

орта буын басшылары ретінде еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тасымалдау қызметін ұйымдастыру және көлік процесінің қауіпсіздігі саласында ғылыми-педагогикалық, ғылыми-зерттеу, ұйымдастыру-басқару және кәсіпкерлік қызметке жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, сондай-ақ PhD докторантурасында оқуды жалғастыру

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

- жүктер мен жолаушыларды жеткізуді ұйымдастыру және көлік процесінің қауіпсіздігі;
- көлік процесінің қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жоспарлау;
- тасымалдау қызметін ұйымдастыру бойынша қызметтің тиімділігін және көлік процесінің қауіпсіздігін бағалау.
Кәсіби қызмет объектісі:

- көлік процесін басқарудың заманауи жүйелері;
- тасымалдауды ұйымдастыру саласындағы әртүрлі меншік нысанындағы көлік компаниялары;
- тасымалдауды ұйымдастыру және көлік процесінің қауіпсіздігі саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоспарлау
Кәсіби қызмет түрлері:

- ғылыми-педагогикалық;
- ғылыми;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
- зерттеу;
- ғылыми-өндірістік;
- ғылыми-инновациялық;
- сервистік-пайдалану
Кәсіби қызметінің функциялары:

- тасымалдау қызметін және көлік процесінің қауіпсіздігін ұйымдастыру;
- ЖОО-да оқу үдерісін және ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру;
- қазіргі жағдайда көлік процесінің қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- көлік процесінің қауіпсіздігін қала құрылыстық қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- көлік процесін басқару үшін логистикалық тәсілдерді қолдану
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Ғылыми-әдістемелік бірегейлікті дүниетанымдық бағыттылықпен біріктіретін ғылымның негізгі проблемаларына, оның функциялары мен даму заңдарына бағдарлану қабілеті Ғылыми танымның даму үрдістері туралы; жаратылыстану және техникалық ғылымдардың өзекті әдіснамалық және философиялық мәселелері туралы базалық білімді меңгеру
Кәсіби қызметте заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
2. Кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде шет тілдерін еркін пайдалану қабілеті, білім беру тұжырымдамасын жүйелі талдау және таңдау Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзыреттілігі туралы базалық білімді меңгеру, болашақ педагогикалық қызметте педагогика мен психология білімін қолдану
Жоғары оқу орындарында базалық пәндерді оқытуды жүзеге асыруға және әдеби дереккөздерге шолу жүргізуге мүмкіндік беретін шет тілін кәсіби деңгейде меңгеру
3. Қазіргі заманғы технологиялардың әдіснамалық негіздерінде тасымалдау қызметтерін ұйымдастырудың тиімділігін және көлік процесінің қауіпсіздігін бағалауды қамтамасыз ету қабілеті Ғылыми зерттеулерді жоспарлау және көлік жүйелерін жобалау кезінде алынған білімді зияткерлік дамыту және пайдалану үшін қолдану
Көлік процестерінің тиімділігін бағалауда заманауи технологияларды қолдану
4. Заманауи жүйелер мен ақпараттық технологияларды қолдану қабілеті Тасымалдау, жол қозғалысы саласындағы нормативтік-құқықтық база, көліктің өзара іс-қимыл ережелері, көлікті дамыту проблемалары мен перспективалары туралы білім алу
Жол-көлік кешені, арнайы жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және тасымалдау сапасын басқару саласындағы білімді меңгеру
5. Көлік процесінің қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз ету қабілеті Көлік желілерін математикалық модельдеу, зияткерлік көлік жүйелерін пайдалану саласындағы білімді меңгеру
Қазіргі жағдайда жол қозғалысы процесі, қозғалысты ұйымдастыру әдістері және көлік жүйелерін жобалау негіздері туралы білімді меңгеру