Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық 7M06106 - Үлкен деректер жүйелері (Big data)
Білім беру бағдарламасының мақсаты

методологиялық және технологиялық шешімдерге негізделген күрделі ақпараттық жүйелерді жобалаудың, әзірлеудің және қолдаудың жүйелік қағидаларын қолдануға, үлкен деректері бар жүйелерде білімді анықтау үшін инновациялық ғылыми зерттеулер жүргізуге қабілетті мамандарды даярлау.

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

- үлкен деректер аналитикасы саласында зерттеулер жүргізу, стохастикалық оңтайландыру, - болжалды модельдеу, болжау, кәсіпорын деректерін басқару, бизнес-талдау, үлкен деректер технологиялары мен құралдарды таңдау, бағалау, талдау және пайдалану үшін математикалық және технологиялық білімдер мен дағдыларды қолдану;
- жүйелік талдау бойынша жұмыстарды жоспарлау және олардың орындалуын бақылау;
- үлкен деректер технологиясы негізінде үлкен деректер мен сервистер жүйелерін енгізу саласындағы басқару қызметі
Кәсіби қызмет объектісі:

- жасанды интеллект технологияларына және үлкен деректерді талдаудың зияткерлік әдістері мен машиналық оқыту саласындағы ғылыми жетістіктеріне негізделген ақпараттық жүйелерді, зияткерлік өнімдер мен сервистерді әзірлеуді және пайдалануды жүзеге асыратын әртүрлі меншік формасы, индустрия және бизнес формасындағы ұйымдар;
- жоғары білім беру ұйымдары, кәсіптік білім беру ұйымдары;
- деректерді зияткерлік талдау міндеттерін шешумен байланысты ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-өндірістік ұйымдар;
- мемлекеттік билік органдары
- мемлекеттік билік органдары
Кәсіби қызмет түрлері:

- ғылыми-зерттеу;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
- жобалау-технологиялық;
- жобалау-конструкторлық;
- өндірістік-технологиялық;
- эксперименттік-зерттеу;
-сервистік-пайдалану және т. б .
Кәсіби қызметінің функциялары:

- үлкен деректер технологиясының мүмкіндіктерін ескере отырып, кәсіпорынның ақпараттық инфрақұрылымының жаңа модельдерін әзірлеу;
- кәсіпорында үлкен деректер құралдары мен технологияларды енгізу және тиімділігін бағалау;
- технологияларға негізделген үлкен деректерді талдау және шешім қабылдауды қолдау құралдарын енгізу және қолдану, шешімдерді басқаруды жүзеге асыру
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Қолданбалы информатика және АКТ-ның ғылыми-техникалық дамуының заманауи мәселелері мен әдістерін зерттеу қабілеті АКТ саласындағы инновацияларды іздеу және талдау жүргізу, сондай-ақ оларды практикалық қызметте қолдану; қазіргі заманғы АКТ пайдаланудың негізгі бағыттарын анықтау және болжау
2. Қолданбалы салаларда АЖ жобалау және басқару саласында ғылыми зерттеулер әдістері мен құрал-саймандарды пайдалану және дамыту қабілеті АКТ саласындағы іс-шараларды бағалау және стратегиялық шешімдер әзірлеу үшін ғылыми зерттеулер жүргізу және талдамалық материалдар дайындау
3. Ғылыми эксперименттер жүргізу, зерттеу нәтижелерін бағалау қабілеті Кәсіпорында дербес және ұжымдық ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру және оны басқару
Бәсекеге қабілетті идеялар мен инновациялық міндеттерді қалыптастыру, оларды іске асыру үшін стандартты емес әдістерді қолдану
4. Өзінің кәсіби қызметі саласында ұжымды басқару қабілеті Басқарушылық шешімдер қабылдау, олардың мүмкін болатын салдарын бағалау және олар үшін жауапкершілік алу
Кәсіби қызметте технологиялық талаптар мен нормативтердің құру, сипаттау және орындалуын жауапты бақылау
5. Деректерді талдау саласындағы қолданбалы міндеттерді қою және шешу қабілеті Деректерден заңдылықтарды алу және құрылымдалмаған деректерді өңдеу
6. Деректерді үлестірілген өңдеу және сақтаудың заманауи технологиялары мен құралдарын зерттеу қабілеті, деректердің үлкен көлемін талдаудың базалық әдістері, деректерді визуализациялау техникасы Деректерді талдаудың өмірлік циклі, үлестірілген өңдеу және сақтау технологиялары мен құралдары, үлкен деректерді талдаудың базалық әдістері, визуализация техникалары туралы түсінікке ие болу
MapReduce, Hadoop, NoSQL, R, Python тілдері сияқты типтік технологиялар мен деректерді талдау құралдарын пайдалану
7. Компанияның АТ-инфрақұрылымын және бизнес-архитектурасын жақсарту үшін оңтайлы шешімдерді анықтау қабілеті Ұйымның мүдделі тұлғалары мен бөлімшелерінің қажеттілігін талдау және үлкен деректерді зерттеу тәсілдері
Үлкен деректерді жинау, сақтау және өңдеу үдерістерін іске асырғаннан кейін компанияның АТ-инфрақұрылымы мен бизнес-архитектурасын жақсарту үшін оңтайлы шешімдерді анықтау және таңдау
8. АЖ компоненттері мен сервистерін интеграциялау, қолданбалы және ақпараттық процестерді автоматтандыру үшін ақпараттық сервистерді пайдалану қабілеті Деректердің үлкен көлемдерімен жұмыс істеу және талдаудың қазіргі заманғы технологиялары мен аспаптық құралдарын негізделген және нәтижелі түрде пайдалану, жетілдіру, әзірлеу және енгізу
Ұйымдық басқару міндеттерін және бизнес-үдерістерді автоматтандыратын Ақпараттық жүйелерді құру (модификациялау) және сүйемелдеу бойынша жұмыстарды орындау
9. Үлкен деректер талдау негізінде өнімдерді әзірлеу және АТ-сервистерді жасау қабілеті Үлкен деректер талдауының негізінде өнімдерді әзірлеу
Деректерді талдауға және машиналық оқытуға негізделген ат-сервистерін құру