Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық 7M06102 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамассыз ету
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Ақпараттық технологиялар мен есептеу техника саласындағы ғылым және кәсіби қызмет саласында концептуалды білімі бар, кәсіби салада жаңа білім алу үшін ғылыми және инновациялық қызметті жүзеге асыра алатын және зерттеу шеңберінде қойылған міндеттерді шешу үшін модельдеу әдістерін қолдана алатын, зерттеу объектілерінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру мақсатында ақпаратты өңдеу мен басқарудың үлестірілген жоғары өнімді есептеу жүйелерін жобалау, әзірлеу және пайдалана алатын магистрлерді дайындау.

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Ғылым, білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, түрлі қызмет саласындағы кәсіпорындар.
Кәсіби қызмет объектісі:

– Ғылыми-зерттеу мекемелері;
- заманауи АТ-компаниясы;
- оқу орындары;
- жобалық ұйымдар;
- өнеркәсіптік кәсіпорындар;
- қаржылық ұйымдар және т. б.
Кәсіби қызмет түрлері:

- Ғылыми-зерттеу;
- педагогикалық;
– жобалық;
- өндірістік-технологиялық;
– ұйымдастырушылық-басқарушылық.
Кәсіби қызметінің функциялары:

- Ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сүйемелдеу;
- жүйелерді тестілеу;
- жүйелер мен желілерді әкімшілік ету;
- операциялық және ақпараттық жүйелерді жобалау және пайдалану;
- бағдарламалық-аппараттық қорғауды қамтамасыз ету.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Ғылыми - әдістемелік бірегейлікті дүниетанымдық бағыттылықпен біріктіретін ғылымның негізгі проблемаларына, оның функциялары мен даму заңдарына бағдарлану қабілеті Философия саласындағы негізгі мәселелерді анықтау және ғылым әдіснамасының рөлін сипаттау; АТ саласындағы қазіргі заманғы өзекті әдістемелік, әдіснамалық мәселелерді сипаттау
Философия және ғылым әдіснамасы саласындағы білімді қолдану
Интернет желісінде, ғылыми және мерзімді әдебиетте зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетелдік тәжірибенің ғылыми-техникалық ақпаратын жинауды, талдауды және жүйелеуді ұйымдастыру
2. Кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде шет тілдерін еркін пайдалану қабілеті Шет тілін С1-С2 халықаралық стандарттар деңгейінде және ғылыми стильдің грамматикалық сипаттамаларында меңгеру; ұлтаралық ортада жұмыс істеуге қабілетті болу
3. Білім беру концепцияларын жүйелі талдау және таңдау қабілеті Жоғары мектептегі педагогика және психология бойынша базалық білімді меңгеру, жоғары білімнің замануи парадигмасын сипаттау
4. Модельді құру үшін әдістерді таңдаудың дұрыстығын дәлелдеу, эксперименталды деректер мен алынған шешімдердің нәтижелерін талдау, алынған нәтижелерді көрсету және сауатты түсіндіру қабілеті Машиналық оқыту әдістерінің негіздерін, өңдеудің математикалық әдістерін, ғылыми және кәсіби зерттеулердің нәтижелерін талдау мен синтездеуді қолдану
Қазіргі заманғы өңдеу әдістері негізінде ғылыми және кәсіби зерттеулер нәтижелерін талдау мен синтездеуді ұйымдастыру
Бәсекеге қабілетті идеялар мен инновациялық міндеттерді әзірлеу, оларды іске асыру үшін тиімді әдістерді қолдану
5. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың әдіснамалық негіздерінде үлестірілген архитектурасы бар ақпараттық процестер мен жүйелерді сипаттау және әзірлеу қабілеті Ақпараттық процестер мен жүйелерді моделдеудің модельдері мен технологияларын сипаттау және әзірлеу
6. Ақпараттық сервистерді құру және пайдалану процестерін басқару, контентті басқару жүйелерін бейімдеу үшін объектілі-бағытталған бағдарламалаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану қабілеті. Инновациялық жобаларды орындау үшін бағдарламалық шешімдерді әзірлеу және пайдалану
7. Нақты уақыт жүйелерінің қызмет ету алгоритмдері мен әдістері, архитектурасы білімін пайдалану қабілеті Нақты уақыт жүйесі бағдарламаларын әзірлеу кезінде жүйелік құралдарды қолдану, нақты уақыт жүйесінің сипаттамалары мен тиімділік көрсеткіштерін есептеу және талдау
8. Есептеу процестерін оңтайландыру үшін жоғары өнімді бағдарламалық-аппараттық кешендердің желілік қауіпсіздігін жобалау, реттеу және қамтамасыз ету қабілеті Деректер мен есептердің параллелизмін қамтамасыз ететін параллельді және көп ағынды қосымшаларды. NET Framework платформасында өңдеу және жөндеу әдіснамасын практикада қолдану
WCF API-интерфейстерінің көмегімен бөлінген жүйелердің компоненттерін жобалау технологиясын қолдану
Үлестірілген архитектурасы мен қажетті ақпараттық қауіпсіздігі бар жоғары өнімді есептеу жүйесінің жобасын құру, жүйенің бағдарламалық қамтамасыз етуін баптау және сүйемелдеуді ұйымдастыру және желідегі қауіпсіздікті қолдау
9. Бағдарламаның дұрыстығы мен сапасын бағалау үшін верификациялаудың қазіргі заманғы әдістері мен құралдарын қолдану қабілеті Бағдарламалық қамтамасыз етудің сапасын талдау, Бағдарлама тапсырыс берушісінің спецификациясы мен тілектеріне сәйкестігін тексеру, бағдарламалық қамтамасыз етудің қателерін анықтау және жою