Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық 7M07107 - Көлік, көліктік техника және технологиялар
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Білім алушыларға көліктік машина жасау зауыттарына және көлік кәсіпорындарына бағдарланған жоғары сапалы білім беру, жобалау әдістері, көлік техникасын жасау және пайдалану технологиялары бойынша білім, білік және практикалық дағдыларды қамтитын

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Көлік техникасын өндіру;
Көлік техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу
Кәсіби қызмет объектісі:

Өмір циклінің барлық сатыларындағы көлік техникасы
Кәсіби қызмет түрлері:

Тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, құрастыру, жобалау, дайындау, сынау, техникалық қызмет көрсету, көлік техникасын жөндеу
Кәсіби қызметінің функциялары:

1. Өндіріс директоры:
1.1. Стратегиялық басқару және кәсіпорын жұмысына жетекшілік жасау
1.2. Кәсіпорын қызметінің нәтижелерін ұйымдастыру және бақылау
2. Бас конструктор:
2.1. Көлік техникасын құрастыруға және жобалауға басшылық ету
2.2. Көлік техникасын өндіру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін технологиялық жабдықтарды құрастыруға және жобалауға басшылық ету
3. Бас технолог:
3.1. Көлік техникасын өндірудің технологиялық процестерін әзірлеуге басшылық ету
3.2. Көлік техникасы өндірісінің технологиялық процестерін дайындау, іске қосу, баптау және басқару процестерін басқару
4. Бас инженер:
4.1. Кәсіпорынның көлік техникасын пайдалану және жөндеу процестерін басқаруды басқару
4.2. Кәсіпорынның көлік техникасы паркін басқару
5. Бас механик:
5.1. Көлік техникасының жарамды жай-күйін қамтамасыз етуге басшылық ету
5.2. Көлік техникасын өндіруге, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған технологиялық жабдықтың жарамды жай-күйін қамтамасыз етуге басшылық ету
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Гуманитарлық сипаттағы іскерліктер Лингвистикалық кедергілерді еңсеру және ақпарат алмасуды жүргізу
Адами ресурсты басқару
2. Салыстырмалы талдау жасау және есептерді шешу дағдыларын меңгеру Энергиялытиімді күштік қондырғылар бойынша және ҚЖМ динамикасы мен беріктігі бойынша міндеттерді шешу бойынша арнайы білімді меңгеру
3. Ғылыми зерттеу іскерліктері Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау
4. Технологиялық сипаттағы іскерліктер Техниканың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету
5. Көлік техникасын құрастыра білу Техниканың болашақ құрылымдарын құру
Көлік техникасын жасау кезінде сапаны қамтамасыз ете білу