Білім беру бағдарламасы

Код – Мамандық 7M07206 - Уран өнімдерін алудың инновациялық әдістері
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Кәсіби қызметтің негізінде жатқан жаратылыстану, математикалық және негізгі білімдері бар түлектерді Қазақстан Республикасының атом саласындағы өнеркәсіп кәсіпорындарында өндірістік қызметке дайындау.

Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

- қара және түсті металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары;
- тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындары;
- жобалау-құрастыру, ғылыми-зерттеу ұйымдары, зауыт зертханалары;
- әртүрлі меншік түріндегі фирмалар.
Кәсіби қызмет объектісі:

Жобалар, материалдар, әдістер, құралдар, қондырғылар, техникалық және нормативтік құжаттар, сапа менеджменті жүйесі, математикалық модельдер, шикізат, шихта, тау жыныстары, металдар мен қорытпалар, химиялық реагенттер, зертханалық жабдықтар мен аппараттар, өндіріс технологиясы.
Кәсіби қызмет түрлері:

- өндірістік-технологиялық;
- ұйымдастырушылық-басқарушылық;
- есептеу-жобалық.
Кәсіби қызметінің функциялары:

- технологиялық үрдіске және жабдықтың жұмыс жасауына бақылау жасау;
- металлургиялық өңдеудің бастапқы және соңғы өнімдерін талдау;
- технологиялық үрдістің регламентін және алынатын өнім сапасын сақтауды қамтамасыз ету;
- жаңа өнімдерді өндіруге дайындық барысында технологиялық үдерістерді жетілдіру және дамыту бойынша жұмыстарға қатысу;
- жаңа технологиялар мен жабдықтарды енгізуге қатысу;
- техникалық және өндірістік есептерді жасау;
- өндірістің экологиялық және технологиялық қауіпсіздігінің сақталуын бақылау;
- жұмысты ұйымдастырудың және қазіргі заманғы құрылғылар мен қондырғыларда жұмыс жасаудың заманауи әдістерін меңгеру;
- экономикалық шешімдерге негізделген ғылыми- техникалық және ұйымдық шешімдерді іріктеу және негіздеу үшін бастапқы деректерді дайындау;
- технологиялық үдерістерді жобалау үшін ақпараттық және берілген деректерді жинау және талдау;
- жобалық және жұмыс техникалық құжаттамаларын әзірлеуге қатысу;
- жобалауды автоматтандырудың стандартты құралдарын пайдалана отырып техникалық тапсырмаға сәйкес технологиялық үрдістің жеке кезеңдерін есептеу және жобалау;
- әзірленген жобалар мен техникалық құжаттамалардың стандарттарға, техникалық шарттарға және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкестігін бақылау.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Дүниежүзілік және еуразиялық үдерістерді контекстіндегі Қазақстан мемлекеттілігінің үдемелі даму тарихының негізгі кезеңдерін түсіну. Ғылыми танымның заманауи тенденциялары мен әдіснамасын білу; ғылыми қызметті ұйымдастыру принциптері мен құрылымын білу.
Қазіргі қоғамның дамуындағы ақпараттың мәні мен мағынасын түсінуді, және жобалау-технологиялық қызметті орындау қабілетін көрсете білу
2. Кен орындарын игеру үшін негізгі қорларды үнемдейтін технологияларды білу. Атом өнеркәсібінің өндірістік мәселелерін шешу; жобаның инновациялық қабілетін бағалау (тәуекелдер мен әлеует).
Техникалық құжаттаманы әзірлеу.
3. Білу керек: технологиялық үдерістерді жетілдірудің мақсаттары мен міндеттерін; түсті және сирек металдарды өндіру технологияларын. Уран өнімдерінің заманауи қалдықсыз өндірісі үшін жобалау-құрылымдық жұмыстарды әзірлеу.
Курстық жобаларды, курстық жұмыстарды орындау кезінде - конференцияларға рефераттар мен баяндамаларды дайындау барысында алған білімдерін қолдануы керек
Қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып ақпараттық-аналитикалық және ақпараттық-библиографиялық жұмыстарды жүргізу.
4. Радиациялық материалтанудың теориясы мен тәжірибесін, материалдарды зерттеудің физикалық әдістері, радиоактивті қалдықтар, радиоактивті қалдықтарды басқару туралы білу. Инженерлік қызметте атом саласының технологиялық үрдістерінің нысандарын жобалау.
Қазақстанның өндірістік кәсіпорындарында кәсіби қызметте құзыретті болу және дұрысі шешімдерді қабылдау.
Уран өнімдерін өндіру барысында инновациялық технологияларды және өнімдердің сапасын бақылау әдістерін әзірлеу.
5. Пайдалы қазбаларды өндіру әдістерін, оларды өңдеу әдістерін, түсті металлургия қалдықтарының түрлерін білу. Үрдістің аймақтағы экологиялық жағдайға әсерін ескере отырып, түсті металлургияны қайта өңдеудің оңтайлы технологиясын жасау.
Уран өнімдерін өндіру үрдістерін басқару кезінде инженерлік шешімдер қабылдау