Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық 8D07201 - Геология және пайдалы қазба кен орнын барлау
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Ғылыми зерттеулерді орындауға қабілетті және геологиялық ғылымдар саласындағы қызметтің инновациялық тәсілдерін меңгерген, еңбек нарығының өзгермелі жағдайында жаңа кәсіби білім мен іскерлікті игеруге ұмтылатын мамандарды кәсіби ғылыми, өндірістік және педагогикалық қызметке даярлау үшін білім беру ортасын қалыптастыру

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау;
Кәсіби қызмет объектісі:

Ғылыми және өндірістік ұйымдар, білім беру ұйымдары, ЖК
Кәсіби қызмет түрлері:

- ғылыми-зерттеу;
- білім беру;
- жобалау-конструкторлық;
- өндірістік-технологиялық;
-ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет;
- инновациялық;
- патенттік
Кәсіби қызметінің функциялары:

1. Кен орындарының перспективалы түрлеріне аймактың потенциалын бағалау.
2. ҚПҚ іздеу және барлау үшін аймақтағы ГБЖ жоспарлау.
3. Аймақтың геологиясы туралы жаңа білімді дамыту бойынша инновациялық қызметті басқару.
4. Кәсіпкерлік қызмет
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Көптеген өзара факторлармен байланысты мәселелерді шешуді талап ететін жаңа контекстерде еңбек және оқу қызметіндегі жаңартпашылық пен тәуелсіздікті көрсету Геология саласындағы әртүрлі теориялық концепцияларды талдау, бағалау және салыстыру; зерттеудің заманауи әдістемені таңдау және тиімді пайдалану
Өндірістік-технологиялық және ұйымдастыру-басқару қызметін орындау дағдысы болуы
2. Жаңа идеяларды немесе процестерді дайындауға тұрақты қызығушылық қабілеті және ғылыми таным процестерін түсінудің жоғары деңгейін көрсету Ғылым эволюциясындағы парадигмалардың ауысуы және дамуының негізгі кезеңдері туралы; Жер туралы ғылым саласындағы әлемдік және қазақстандық ғылымның ғылыми тұжырымдамалары туралы білімді талдау
Геология саласында жаңа технологиялық және әдістемелік әзірлемелерді қолдану; ғылыми таным әдістемені түсіну және жетілдіру
3. Сыни диалог шеңберінде мәртебесі бойынша тең мамандармен беделді қарым-қатынас жасау Ақпараттық ағындардың тез жаңаруы мен өсуі жағдайында ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызмет саласында құзыретті болу;
Ғылыми зерттеулерде теориялық және қолданбалы есептерді қою мен шешуде және геология саласындағы мәселелерді кәсіби және жан-жақты талдау жүргізуде дағдылары болу
4. Көшбасшы болу, жалпы қабылданған әлеуметтік нормалар мен критерийлерді басшылыққа алу қабілеті болу Көшбасшылық басқару және ұжымды басқару дағдысының болуы, ғылыми жазу және ғылыми коммуникация дағдысының болуы
Ғылыми қоғамдастықта, педагогтік және ғылыми қызметте, зерттеуші-ғалым этиканы өзара әрекеттесу нормаларын сақтау
5. Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау саласында жаңа және күрделі идеяларды сыни талдау, бағалау мен синтездеу, стратегиялық шешімдерді қабылдау Әртүрлі ғылыми теориялар мен идеяларды сыни талдау, бағалау және салыстыру; геология саласындағы зерттеу нәтижелерін жоспарлау және болжау дағдылары болуы
Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау саласында инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу
6. Геология саласында стратегиялық шешімдерді қабылдау қабілет пен операциялық өзара әрекеттесудің тәжірибесін көрсету Арнайы, пәнаралық және пәннен тыс білімді тереңдетумен, әдістемелік және аналитикалық зерттеу аппаратын кеңейту арқылы осы білімді толықтырумен үнемі айналысу
Орта кәсіптік, жоғары оқу орындарында педагогикалық қызметке дайын болу
Модульдік оқу жоспары
Базалық пәндер Кәсіптік пәндер Қосымша оқу түрлері