Білім беру бағдарламасы

Толығырақ
Код – Мамандық 6B07312 - Жер кадастры және жерге орналастыру
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Қазақстан Республикасының жер қорын тиімді пайдалану мақсатында кадастр, жерге орналастыру, дәлме-дәл егіншілік, геодезия, картография, ақпараттық және ГАЖ-технологиялар, жоспарлау экономикасы және менеджмент саласындағы білімді табысты үйлестіре отырып, кәсіби жағдайларда функционалдық сауаттылық пен бәсекеге қабілеттілік таныта алатын маманның кәсіби қалыптасуы мен зияткерлік дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру

Түлек моделі
Түлектің біліктілік сипаттамасы Мамандар лауазымдарының тізбесі:

- жердің геодезиялық және топографиялық түсірілімдері;
- ГАЖ және сандық технологияларды пайдалана отырып фотограмметриялық жұмыстар және жерді картографиялау;
- мемлекеттік жер кадастрын және МЖК ААЖ жүргізу;
- жерді пайдалану мен қорғауға мониторинг, мемлекеттік бақылау жүргізу;
- жер-бағалау жұмыстарын жүргізу;
- Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі жер қатынастары;
- жер пайдалану аумағын ұйымдастыру;
- ауыл шаруашылық жер пайдалануды болжау, жоспарлау және жобалау;
- жерді ұтымды пайдалану және қорғау.
Кәсіби қызмет объектісі:

- жердің геодезиялық және топографиялық түсірілімдері;
- ГАЖ және сандық технологияларды пайдалана отырып фотограмметриялық жұмыстар және жерді картографиялау;
- мемлекеттік жер кадастрын және МЖК ААЖ жүргізу;
- жерді пайдалану мен қорғауға мониторинг, мемлекеттік бақылау жүргізу;
- жер-бағалау жұмыстарын жүргізу.
Кәсіби қызмет түрлері:

- өндірістік-технологиялық;
- эксперименттік-зерттеу;
- білім беру (педагогикалық, оқу-тәрбие);
- өндірістік-басқарушылық;
- ұйымдастыру-технологиялық;
- ғылыми-зерттеу;
- жобалау.
Кәсіби қызметінің функциялары:

- геодезиялық, топографиялық түсірілімдерді ұйымдастыру және жүргізу, жоспарлы-картографиялық материалды түзету, жерді есепке алу, жер учаскелерін бөлу, жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылау жүргізу, жер мониторингін жүзеге асыру;
- жер баланстарын, жер-кадастрлық құжаттар мен карталарды, мелиорация және жерді жақсарту жобаларын жасау;
- геодезиялық, жерге орналастыру, аэрофотототүсіру жұмыстарын, жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды, мониторингтік, топырақтық, іздестіру және зерттеу жұмыстарын жүргізуді басқару және ұйымдастыру;
- жер бағалау;
- агробизнес жоспарларды құру;
- АӨК-дегі технологиялық процестерді ұйымдастыру және басқару,
- дәлме-дәл ауыл шаруашылығы жүйесінде басқару үшін деректер базасын жүргізу.
Маманның құзыреттілік картасы
Қалыпталатын негізгі құзыреттер Оқыту нәтижелері
1. Тұтас жүйелік ғылыми дүниетаным негізінде түрлі жағдайларды бағалау қабілеті Философиялық және тарихи мазмұндағы ақпаратты қабылдау және талдау дағдысын, дискуссияны және полемиканы жүргізу тәсілдерін меңгеру
Әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дәлелдей білу
2. Заманауи коммуникациялық құралдар мен технологияларды пайдалана отырып, мәдени-тілдік қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеті Кәсіби қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін коммуникативтік қабілеттерге ие болу
АКТ көмегімен ақпаратты іздеу және өңдеуді жүзеге асыру
3. Әлеуметтік ортада тұлғаны қалыптастыру және анықтау және салауатты өмір салтын қалыптастыру қабілеті Экономикалық-құқықтық ортада біртұтас тұлғаны қалыптастыруға және индивидтің жауапкершілігін арттыруға ықпал ететін білімді көрсету
4. Экономикалық-құқықтық кәсіптік ортада, өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыру мәселелерінде бағдар жасау қабілеті Тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін сақтау, дамыту және тиімді жұмыс істеуі мақсатында әлеуметтік жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістерін қолдану
5. Жобалау-өндірістік қызметінде топографиялық карталармен, геодезиялық және басқа да далалық жабдықпен жұмыс істеу қабілеті; арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету және ГАЖ-технологиялардың көмегімен кеңістіктік деректерді жинау және өңдеуді жүзеге асыру Геодезиялық, жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды орындау әдістерін білу, жер бетіндегі геодезиялық түсіру және жерді картографиялау дағдыларына ие болу
Жерді картографиялау, БМЖМК жүргізу, жер-кадастрлық деректер базасын құру, жер учаскелеріне техникалық жобалау құжаттарын ресімдеу кезінде геодезиялық жабдықтар және құралдармен, кәсіби бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу дағдыларына ие болу.
6. Кәсіби қызметте және жер ресурстарын зерттеу, игеру және қорғау кезінде қажетті ғылыми зерттеулер мен инженерлік іздестірулерді жүзеге асыру қабілеті Жер ресурстарын пайдалану және қорғау бойынша жобалау, жобалау алдындағы және болжамды материалдарды әзірлеу кезінде, жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды орындау кезінде әртүрлі әдістемелерді қолдану мақсатында жердің геологиялық құрылысы, топырақ түзудің негізгі процестері, топырақ типтері мен типше, жер кадастрының негіздері, жерге орналастыру және дәлме дәл егіншілік бойынша білімге ие болу
Жер ресурстарын тиімді басқару үшін жерге орналастыру бойынша жобалық шешімдерді іске асыру жөніндегі іс-шараларды, жер ресурстарының әлеуетін бағалаудың әдістемесін, қазіргі заманғы технологияларын, жерді болжау, ұтымды пайдалану және қорғау принциптерін білу.
Мәліметтерді математикалық және статистикалық өңдеуді, геодезиялық өлшеу нәтижелерінің дәлдігін бағалауды IT-технологияларды, жасанды интеллектті қолдана отырып орындай білу
7. Дәлме-дәл егіншілікті, жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды жүргізу кезінде дұрыс шешім қабылдау үшін геоақпараттық және спутниктік технологияларды қолдана отырып, жер ресурстарын басқару стратегиясын әзірлеу қабілеті Жер кадастрын, жерге орналастыруды және дәлме дәл егіншілікті жүргізу кезінде заманауи геоақпараттық және AI-технологияларды қолдана білу, геодеректерді визуализациялау дағдыларына ие болу
Жергілікті жердің және жер бедерінің жоспарлы-картографиялық материалдарын, сандық және 3D-модельдерін жасау үшін аэроғарыштық түсірілімдерді орындау және жерді қашықтықтан зондтау деректерін өңдеу дағдыларына ие болу
8. Кәсіби қызметте жер ресурстарын, жылжымайтын мүлікті, ауыл шаруашылығын басқару, кадастрлық және жерге орналастыру жұмыстарын ұйымдастыру принциптерін қолдану қабілеті Геодезиялық, жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды жүргізу, дәлме-дәл егіншілік процестерін басқару және ұйымдастыру дағдысының болуы, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау мәселелерін шешу, іздестіру, зерттеу және жобалық жұмыстарды орындау кезінде шешу кезінде жер заңнамасын қолдану дағдыларының болуы.
Ақпараттық деректер базасымен жұмыс істеу дағдысын және ұғымдық аппаратты меңгеру, елді мекендердің жерлерін және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бағалау тәсілдерін, жылжымайтын мүлікті бағалау тәсілдерін, нарықтық құнды анықтау әдістері мен құралдарын, алынған нәтижелерді келісу әдістерін білу
Модульдік оқу жоспары
Жалпы білімдік пәндер Базалық пәндер Кәсіптік пәндер