Дистанционные методы зондирования Земли

Сипаттама: Жерді қашықтықтан зондтау - жер беті және ондағы объектілер, атмосфера, мұхиттар, жер қыртысының жоғарғы қабаты түйіспесіз әдістермен ақпарат алу, бұл кезде тіркеуші аспап зерттеу объектісінен едәуір қашықтыққа алыстатылған. Бұл курс қашықтықтан зондтауды жүргізудің әдістері мен тәсілдерін, ғарыштық суреттерді өндеу кезеңдерін, оларды түрлендіру және дешифрлеуді зерттеуге бағытталған.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Жерді қашықтықтан зондылау (ЖҚЗ) технологиясын, әртүрлі тақырыптық мәселелерді шешу кезінде ЖҚЗ-ның серіктік ақпаратына қойылатын арнаулы талаптарды оқу.
Міндет
  • ЖҚЗ жүйелерінің негізгі типтерін және олар ұсынатын деректердің сипаттамаларын оқу,
  • ЖҚЗ деректерін өңдеу әдістері мен алгоритмдерін меңгеру және ЖҚЗ деректерін өңдеу технологиясы бойынша базалық ұғымдарды алу,
  • қолданбалы міндеттерді шешу кезінде ЖҚЗ технологиялары мен деректерін ГАЖ пайдалана отырып автоматтандырылған картографиялау жүйелерінде қажетті жұмыс дағдыларын алу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Заманауи ақпараттық қоғамның дамуындағы ақпараттардың мағынасын түсіну қабілеті.
  • Ақпараттарды алу, сақтау, қайта өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдерін, құралдарын игеру қабілеттілігі, ақпаратпен жұмыс істеу құралы ретінде компьютерлік технологияларды қолдану дайындығы
  • Жерді қашықтықтан зондтау әдістерін қолданып жұмыстарды орындау ерекшелігін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Мониторинг жүргізу мақсатында әртүрлі объектілерді геодезиялық бақылау кезінде жерді қашықтықтан зондтау әдістері туралы білімді қолдану қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Әртүрлі геодезиялық өлшеулер және оларды қолдану жағдайларының өндірісіндегі тәсілдері туралы қорытынды жасау, ақпаратты талдау қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ұжымда ұйымдастыру-басқару функцияларын орындауға қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Заманауи фотограмметриялық құрал-жабдықпен, ғарыштық түсіріс мәліметтерін өндеу кезінде компьютерлік технологиялармен жұмыс істеу дағдылары.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • ЖҚЗ туралы ақпаратты жедел алудың әдісі ретінде жер беті. ЖҚЗ жүйесінің құрылымы, жердегі және орбиталық сегмент, деректерді беру тәсілдері. Негізгі терминдер.
  • Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйелері. ЖҚЗ ғарыш жүйелерін салыстырмалы талдау.
  • Сандық ғарыштық суреттерді өңдеу және интерпретациялау міндеттері. Ғарыштық суреттер бойынша гео зерттеулердің жалпы схемасы. ЖҚЗ деректерін өңдеу әдістері
  • Сандық ғарыштық суреттерді өңдеу және интерпретациялау міндеттері. ЖҚЗ деректерін алдын ала өңдеу әдістері: радиометриялық және геометриялық түзету.
  • Сандық ғарыштық суреттерді өңдеу және интерпретациялау міндеттері. Суреттерді жақсарту әдістері: гистограммаларды өзгерту, кеңістіктік сүзу әдістері. Деректерді біріктіру міндеттері.
  • Сандық ғарыштық суреттерді өңдеу және интерпретациялау міндеттері. Ғарыштық суреттерді дешифрлеу.
  • Ғарыштық суреттерді автоматтандырылған дешифрлеу әдістері.
  • Дешифрлеу есебін шешу жолдары. Шешу жолдардың мәні және олардың айырмашылығы.
  • ЖҚЗ деректерінің көмегімен шешілетін қолданбалы міндеттер. Түрлі қолданбалы міндеттерді шешу кезінде ЖҚЗ деректеріне қойылатын талаптар.
  • ЖҚЗ деректерін өңдеудің және талдаудың заманауи жүйелері.
Негізгі әдебиет
  • Воробьева А.А. Дистанционное зондирование Земли. Спб.: НИУ ИТМО, 2012
  • Шовенгердт Р.А. Дистанционное зондирование. Методы и модели обработки изображений. - М.: Техносфера, 2013
  • Толмачева Н.И., Шкляева Л.С. Практикум по космическим методам экологического мониторинга. – Пермь: Перм. ун-т, 2006.
  • Лабутина И.А. Дешифрирование космических снимков. М.: Аспект-Пресс, 2004
Қосымша әдебиеттер
  • Губин В.Н. Дистанционные методы в геологии. – Мн.: БГУ, 2004.
  • Журналы: «Геодезия и картография», «Геопрофи», «Пространственные данные».
  • Шалкевич Ф.Е. Методы аэрокосмических исследований: Курс лекций. – Мн.: БГУ, 2005.
  • Савиных В.П., Кучко А.С., Стеценко А.Ф. Аэрокосмическая фотосъемка. - М.: Картгеоцентр-Геодезиздат, 1997
  • Кашкин В.Б., Сухинин А.И. Дистанционное зондирование Земли из космоса. Цифровая обработка изображений: учебное пособие. М.: Логос, 2001
  • Инструкция по фотограмметрическим работам при создании цифровых топографических карт и планов ГКИНП (ОНТА)–05–005–07, Астана, 2008
  • Руководство пользователя программы GEOMATICA, 2018