Основы инновационной деятельности и патентоведения

Сипаттама: "Иновациялық қызмет және патенттеу негіздері» пәні курстың және дипломдық жобалау барысында патенттік ақпаратты зерттеу үшін маңызды. Курсының негізгі мақсаты - студенттерге зияткерлік меншікті қорғау саласындағы халықаралық құқық пен Қазақстан Республикасының заңнамасын білу, өнертабыстар мен пайдалы модельдерге арналған қорғау құжаттарын алу тәртібі және т.б. жағдайларды зерттейді.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Интеллектуалды меншік және патенттану саласында қызмет ету, сонымен қатар интеллектуалды меншіктің жаңа объектілерін құрудағы білім мен дағдыларға ие болу
Міндет
  • интеллектуалдық өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау туралы заңның негізгі жағдайларын білу
  • патент иеленушілердің құқық бұзу кезіндегі жауапкершлік туралы
  • қорғау құжаты, өнертабыс, пайдалы модельдер, өндірістік үлгі, тауарлық белгі, авторлық құқық туралы түсінік беру
  • жаңа объектілерге өтініш материалдарын қалыптастыру әдістемесі
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Қазіргі заманғы ақпараттық қоғам дамуындағы ақпараттың мағынасын және барын түсіну қабілеті.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Алынған білімдерді ерікті іскерлік қызмет шарттарында шешім қабылдау және жүзеге асыру, өндіру үшін қолдану, функционалдық міндеттемелерді атқаруға дайындық.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Әртүрлі жерге орналастыру, кадастрлық және геодезиялық жұмыс өндірісі саласындағы жаңартпашлық туралы ақпаратты сараптау, дәйекті қорытындылар жасау және дәйекті пайымдауды айту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кешенді мәселелерді шешуде өкілеттіліктерді және жауакершіліктерді бөлумен топтың мүшесі ретінде және жеке тиімді жұмыс істеу қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Жерді және басқа жылжымайтын мүлікті пайдаланудың отандық және әлемдік тәжірибесін қолдану, патенттік зерттеулер жүргізу, ғылми техникалық ақпаратты зерттеу негізінде іздестіру қызметінің әдістерін қолданып, инновациялық шешімдерді іздеу және қабылдауды жүзеге асыру қабілеті.
Негізгі әдебиет
  • Основы патентного права и патентоведения в Республике Казахстан: Учебное пособие. – Алматы: Жетi жаргы, 2003.
  • 16 шілде 1999 ж Қазақстан Республикасының патенттік заңы
  • 1996 ж 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы заң»
  • Қазақстан Республиксының Азаматтық Кодексі
  • 1999 ж 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Тауарлық белгі, қызмет көрсету белгілері және шығу орындарының атаулары туралы заң»