3D моделирование

Сипаттама: Курс кеңістіктік деректерді жинау және өңдеу үшін жаңа технологияларды пайдалану бойынша дағдыларды алуға, үшөлшемді (3D) объектілерді құруға және әр түрлі геодезиялық түсірістердің материалдары бойынша жағдай мен жер бедерінің сандық үлгілерін (ЖСМ) қалыптастыруда терең білім алуға бағытталған, бұл қазіргі заманғы деңгейде құрылыс және әр түрлі инженерлік міндеттерді шешу кезінде қажет етіледі.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • бакалаврдың жергілікті жердің сандық моделін құру және өндірістік-технологиялық, жобалау-іздестіру және ғылыми-зерттеу кәсіби қызметі аясында практикалық міндеттерді шешу кезінде 3 D моделдеу саласында білімді қолдануға дайындығы мен қабілетін анықтайтын жалпы мәдени және кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру.
Міндет
  • Курстың міндеттері келесі салалы білімді мамандарды қалыптастыру болып табылады: -түрлі геодезиялық суреттерді 3D үлгілеудің заманауи құралдары мен әдістері, әртүрлі тапсырмаларды шешу үшін 3D үлгілеуді жоспарлау және орындау ерекшеліктері; -топографиялық, кадастрлық карталарды және жер учаскелері туралы басқа да құжаттарды жасау және жаңарту, сондай-ақ ғылым мен өндірістің әр түрлі салаларындағы басқа да міндеттерді шешу үшін, аэроғарыштық және жер бетіндегі суреттерді өңдеуді 3D моделдеудің теориясы, әдістері мен технологиялары негіздері; -жерді 3D үлгілеудің, табиғи және әлеуметтік-экономикалық объектілер аэро және ғарыштық түсірілімдердің теориялық негіздері мен әдістемелік тәсілдері.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Ақпаратты алудың, сақтаудың, өңдеудің негізгі әдістерін, тәсілдерін және құралдарын білу, ақпаратты басқару құралы ретінде компьютермен жұмыс істеу дағдысының болуы.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Жобалар бойынша есептерды және жобаланған шешімдердің техникалық-экономикалық және экологиялық-экономикалық негіздемені орындау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Креативты ойлау және жаңа мәселелер мен жағдайларды шығармашылық жолмен шешу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ақпаратты жинақтау, талдау, қабылдау, мақсат қою және оған қол жеткізу жолдарын таңдау қабілеті, ойлау мәдениетін білу, стандартты емес жағдайларда ұйымдастыру-басқару шешімдерін табу қабілеті және олар үшін жауапкершілік алуға дайын болу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Қазіргі компьютерлік технологияларды қолдануымен ғылыми жұмыстарды орындауға дағдылану.
Негізгі әдебиет
  • Аббасов, И.Б. Двухмерное и трехмерное моделирование в 3ds MAX / И.Б. Аббасов. - М.: ДМК, 2012. - 176 c
  • Большаков, В. 3D-моделирование в AutoCAD, КОМПАС-3D, SolidWorks, Inventor, T-Flex / В. Большаков, А. Бочков, А. Сергеев. - М.: Книга по Требованию, 2010. - 336 c.
  • https://www.geoscan.aero/photoscan
  • https://srvgeo.ru/aerofotos-emka/topos-emka-s-bpla
  • Кондратенко, Ю. RealityFlythrough ЗО-модели из 2D-данных Электронный ресурс. - Режим доступа: http://ko-online.com.ua/node/21069/.