Су шаруашылығы кешенін пайдалану

Сипаттама: Сумен қамту және су бұру жүйелерін техникалық пайдалану туралы білімді қалыптастырады. Жалпы талаптарды, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдаланудың негізгі міндеттерін қарастырады. Пайдалану қызметін ұйымдастыру процестері туралы, желілерді пайдалануға қабылдау туралы, қажетті техникалық құжаттар туралы, желінің жоспарлы алдын алу жөндеулері туралы, желілер мен құрылыстардың жұмысын қарау және бақылау туралы түсінік береді.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • пайдалану қызметі мекемелерінің құрамын және пайдалануды ұйымдастырудың негізгі ережелерін оқып білу. Құрылымдарды көзбен шолып және аспаптармен бақылауға дағдыландыру. Тасқын суды өткізу әдістеріне үйрету. Тиісті құрылымды бақылауға арналған қазіргі заман аспаптарының құрамын, олардың жұмыс істеу принциптерін, оларды құрылымға орналастыру және бақылау нәтижелерін автоматты түрде өңдеуді оқып білу
Міндет
  • Су шаруашылық жүйелері мен құрылымдарын пайдалану пәнін оқып білу үрдісінде білімгерлер құрылымдарды жөндеп бұрынғы қалпына келтіру әдістерін оқып білуі тиіс. Құрылымдарды қайта құру әдістерін оқып білуі тиіс
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Құрылымдарды жөндегенде, пайдаланғанда жазылатын түрлі құжаттарды рәсімдеу әдістерін оқып білуі тиіс. Алынған білімдерді бекіту мақсатында жұмыс істеп тұрған мекемелерге барып ол жердегі ұйымдастыру, бақылау, жөндеу жұмыстарын көріп үйренген жөн.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Алған білімдерін гидротехникалық ғимараттарды, дипломдық жобалауда қолдана білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Студентте гидротехникалық ғимараттарды, су алу ғимараттарын, сорғыш бекетттерін пайдаланудағы өзіндік ерекшеліктері туралы көзқарастың пайда болуы
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Құрылымдарды жөндегенде, пайдаланғанда жазылатын түрлі құжаттарды рәсімдеу әдістерін жұмыста қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Алынған білімдерді жұмыс істейтін мекемелерде көрсете білу.
Негізгі әдебиет
  • 1. Натальчук М.Ф., Ольчаренко В.И., Сурин В.А. Эксплуатация гидромелиоративных систем. М.: Колос, 1985. 2. Бочкарев Я.В., Натальчук М.Ф. Практикум по эксплуатации и автоматизации гидромелиоративных систем. М.: Колос, 1980. 3. Ольчаренко В.И., Волковский П.А. и др. Эксплуатация гидромелиоративных систем. М.: Колос, 1980. 4. Водный кодекс Республики Казахстан. - Алматы: Юрист, 2004.-69 с. 5. Водные законодательство. Сборник Нормативных актов. - Алматы: Юрист, 2004-68 с. 6. О сельском потребительском кооперативе водопользователей: Закон Республики Казахстан. - Алматы: Юрист, 2003.-14 с.