Суды тасымалдау

Сипаттама: Сумен қамту және су бұру жүйелері, олардың жіктелуі, жүйелердің тағайындалуы туралы; су тұтыну және су бұру схемалары мен режимдері туралы; олардың негізгі элементтерінің құрылысы мен мақсаты туралы білімді қалыптастырады. Шығындарды анықтау әдістемесін, құбырларды тарату (трассалау) принциптерін, желілерді гидравликалық есептеу мен биіктік жобалауды, сондай-ақ су құбыры мен су бұру желілеріндегі ғимараттардың орналауы және санитарлық қорғау аймақтары туралы қарастырады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Елді мекенді үздіксіз, сенімді сумен қамтамасыз ететін су құбыры желісін жобалауды үйрету және оның сумен жабдықтау жүйесі элементтерімен негізгі байланысын беру. Елді мекеннің ластанған суын әкету жүйесін жобалау ерекшеліктері
Міндет
  • Елді мекенді сумен қамтамасыз ететін су құбыры желісін жобалауға қажетті мәліметтерді беру, су тұтыну тәртібі мен мөлшерін анықтауға үйрету. Су реттеуші және сақтаушы сыйымдылықтар көлемін анықтау. Екінші көтеру сорғыш бекеті жұмысы тәртібі мен елді мекен бойынша су тұтыну тәртібінің байланысы. Су құбыры мен канализация желілерінің гидравликалық есептеулері
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Сумен жабдықтау жүйелерінің жіктелуін. Су тұтыну мөлшерін. Елді мекендегі есептік шығындарды анықтауды.Айналмалы су құбыры желісінің гидравликалық есебін. Су сақтау сыймдылықтарының көлемдерін анықтауды. Ластанған суды әкету жүйесін есептеуді, ластанған суды әкету жүйесінің гидравликалық есебін және бойлық қималарды тұрғыза білу және осы элементтердің жалпы сумен жабықтау және канализация жүйелеріндегі алатын орны
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Осы пән бойынша алған білімдерін, өнеркәсіп орының су шаруашылығын, суландыру жүйесін есептеуде қолдана білу (гидравликалық есептеулерді)
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Студенттерде суды тұтынушыларға жеткізу және лас суды әкету желілерінің сумен жабдықтау және канализация жүйелеріндегі алатын орны оның басқа жүйелермен байланысы, жобалану ерекшеліктері бойынша дұрыс көзқарастың пайда болуы
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Су құбыр желілерін және ластанған суды әкету желілерін жобалауға дағдылану.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Осы пән бойынша алған білімдерін дағдыларын сумен жабдықтау және канализация жүйелерін жобалауда дұрыс қолдана білу. Алған білімдерін басқа пәндерде қолдана білу.
Негізгі әдебиет
  • М.Қасейнұлы, Г.С.Дүйсембаева Сумен жабдықтау имараттары мен жүйелерін жобалау негіздері. Өскемен, 2011