Сорғыштар және сорғыш бекеттері

Сипаттама: Әртүрлі сораптардың тағайындалуы, жұмыс істеу принциптері және қолданылу аймақтары туралы мәліметтер береді. Сорап сипаттамаларын, жұмыс істеу тәртібін, олардың желімен бірігіп жұмыс істеу сипаттамаларын оқып зерттейді. Сумен қамту және канализация жүйелерінің сорап станцияларының түрін және олардың негізгі қондырғылары туралы мағұлматтар береді.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Әртүрлі сорап түрлерінің жұмыс істеу принциптерімен және құрылымдарымен, сумен қамту және суды бұру жүйелерінің сорап станциялары үймереттерінің құрылымдық шешімдерімен таныстырады. Сорап станциясының негізгі және көмекші қондырғыларымен таныстырады.
Міндет
  • Әртүрлі сораптардың жұмыс істеу принциптерін және құрылымдарын, сумен қамту және канализация жүйелері сорап станцияларының құрылымдық ерекшеліктерін оқып, зерттейді. Сорап станциясының негізгі және қосалқы қондырғыларын оқып зерттейді.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • сорап қондырғысының жұмыс істеу принципін және құрылымын білу және түсіну; сорап қондырғысына таңду жүргізуді білу және түсіну. сорап станциясы ғимараттарының орналасу конценпсиясын және олардың негізі көрсеткіштерін анықтай білу және түсіну
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Білімдерін және түсініктерін су өткізуші және канализациялық сорап станцияларын жобалауда және сорап станциясының негізгі және көмекші қондырғыларын таңдауда қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Жаңа жетістіктерді (қондырғыларды)сорап станцияларын жобалау кезінде қолдана білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Командада жұмыс істеуге өажетті коммуникативті қабілеттерді дамыту
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Соңғы жаңа жетістіктерді (қондырғыларды) сумен қамту және канализация сорап станцияларын жобалауда қолдану. Сорап станциясының негізіг элементтеріне есептеу жүргізіп, жұмыстық сызбаларын құрастыра білу
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Жалпы мәліметтер және сорғыштың негізгі параметрлері. Сорғыштардың жіктелуі.
  • Сорғыштрдың негізгі сипаттамалық көрсеткіштері. Қалақты сорғыштардың құрылымдық сұлбалары
  • Қалақты сорғыштардың жұмыс процесі. Сорғыш тегеуріні, қуаты, пайдалы әсер коэффициенті.
  • Сорғыштағы сұйық қозғалысының кинематикасы. Сорғыштың негізгі теңдеуі, теориялық арыны.
  • Сорғыштар ұқсастығы. Қайта есептеу формулалары мен шапшаңдық коэффициенті.
  • Сорғыштардың сору биіктігі. Сорғыштарда болатын кавитация құбылысы. Сору биіктігінің шекті мәні.
  • Сорғыштардың теориялық смпаттамалары. Сорғыштардың жұмыс сипаттамалары және салу әдістері
  • Сораптармен су желісінің біріккен жұмысы.
  • Сорғыштардың қатар және тізбектей жұмысы.
  • Көлемдік сорғыштардың құрылымдық, жұмыс ерекшеліктері, технологиялық параметрлері.
  • Сорғыш бекеттерінің принципті сұлбалары, түрлері. Бірінші сатыдағы сорғыш бекеттері.
  • Су құбыры сорап станцияларының ерекшеліктері.
  • Екінші сатылы сорғыш станциялары. Олардың жобалану ерекшеліктері.
  • Канализациялық сорғыш станциялары. Канализациялық сорғыш станцияларының негізгі көрсеткіштерін анықтау.
  • Су қысымын арттыратын сорғыш станциялары. Суландыру жүйелерінде су көтеру құрылымдары.
Зертханалық сабақтардың тақырыптары
  • Ортадан тепкіш сорғыштың құрылымымен танысу және зерттеу
  • Тәжірибе жүргізу кезіндегі ортадан тепкіш сорғыштың сипаттамалық графигін тұрғызу
  • Ортадан тепкіш сорғыштың қатар жұмыс істеу кезіндегі сипаттамасын тұрғызу.
  • Екі ортадан тепкіш сорғыштың тізбектеліп жұмыс істеу кезіндегі сипаттамасын тұрғызу
  • Сумен жабдықтау, канализация жүйесіндегі жұмыс істеп тұрған сорғыштың жабдықталуын бақылау, өлшеу аспаптарын зерттеп үйрену.
  • Сорғыштардағы кавитация әсерін зерттеп үйрену.
  • Сумен жабдықтау және су әкету жүйелерінің жұмыс істеп тұрған бекеттерінде басқару жүйелерімен және құрал-жабдықтарымен танысу.
Негізгі әдебиет
  • 1 Карелин В.Я., Минаев А.В. Насосы и насосные станции. – М.: Стройиздат,2004.-320с. 2 Абрамов Н.Н. Водоснабжение.- М.: Стройиздат,2006.-440с. 3 Николадзе Г.И., Сомов М.А. Водоснабжение.- М.: Стройиздат,2007.-688с. 4 Журба М.Г. Водоснабжение 2 том.- Вологда-Москва, 2001.-324с. 5 Карасев Б.В. Насосы и насосные станции. – Минск: Вышэйшая школа, 1990.-325с. 6 СНип 4.01.02-2009. Строительные нормы и правила РК. Водоснабжение. Наружные сети и сооружения. – Астана. 7.СНиП 2.04.03.-85 Канализация. Наружные сети сооружения.- М.: Госстрой СССР, 1986.-72с.