Өндірістік кәсіпорнының су шаруашылығы

Сипаттама: Пән өндіріс технологиясында суды тиімді пайдалану саласында базалық білімді қалыптастырады. Сумен қамту және канализация жүйелері мен сұлбаларын, айналмалы сумен жабдықтаудың салқындатқыш жүйелерін, салқындатқыш түрлерін қарастырады. Өнеркәсіптік алаңдағы сумен жабдықтау және канализация желілерін жобалау бойынша негізгі ережелерді, сондай-ақ суды өңдеудің арнайы әдістерін: жұмсартуды, тұщыландыруды, суды тұзсыздандыруды, тұрақтандыруды оқытады.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Өндірістік сумен жабдықтау және өндірістік ластанған суды әкету жүйесін және оның негізгі ғимараттарын жобалау, пайдалану мен тұрғызу тәжірибелерінің және теорияларының сұрақтарын зерттеу.
Міндет
  • тұтынушылардың пайдаланылатын суының мөлшеріне қойылатын негізгі талаптар; өндірістік сумен жабдықтау жүйесінде қолданылатын қондырғылар түрі және қазіргі уақытта біздің елде және шет елдерде шығарылатын қондырғылар; Өндіріс орны алаңдарында желілерді төсеу тәсілдері және су өткізуші ғимараттарды тұрғызу тәсілдері; судың сапасын жақсарту бойынша негізгі ғимараттармен технологиялық үлгілер, және төмендегілерді жасай алу қажет: техника-экономикалық есеп негізінде өндірістік сумен жабдықтау жүйесінің ең тиімді үлгісін және жүйесін таңдау;
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Өндіріс олрындарының су шаруашылығы ерекшеліктерін білу, олардың жобалану ерекшеліктерін, қойылатын талаптардың әртүрлілігін, айналмалы сумен жабыдқтау жүйесін жобалауды, өндірістік мұқтаждыққа қажетті суларды өңдеу тәсілдерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Алған білімдерін тәжірибеде қолдана білу, дипломдық жобалауда қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • студенттерде өндірістік орындардың су шаруашылығын жобалаудағы өзіндік өзгешіліктері туралы көзқарастың қалыптасуы
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Дипломдық жобалауда және жұмыс барысында осы пән бойынша алған жобалау дағдыларын қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Дипломдық жобалауда осы пән бойынша алған жобалау дағдыларын қолдана білу.
Негізгі әдебиет
  • 1 Водоснабжение. Проектирование систем и сооружений. Т. 1-3 / Журба М.Г. – Вологда-Москва, 2002. 2 Яковлев С.В., Воронов Ю.В. Водоотведение и очистка сточных вод. М.: АСВ, 2004. 3 Водоподготовка: Справочник. / Под ред. д.т.н., действительного члена Академии промышленной экологии С.Е.Беликова. М.: Аква-Терм, 2007. – 240с. 4 СНиП РК 4.01-02-2009 Водоснабжение. Наружные сети и сооружения. Комитет по делам строительства МЭиТ РК. – 2009г. 5 СН РК 4.01-03-2011 «Водоотведение. Наружные сети и сооружения» - Агентство Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства, 2011г.