Базы данных в информационных системах

Сипаттама: Білім базалары мен банктерін жобалаудың кезеңдерін, құралдары мен әдістерін зерттеу. Қазіргі деректер модельдерін зерттеу және деректер базасы мен банктерін жүргізудің қазіргі құралдарының салыстырмалы сипаттамаларын талдау. Пайдаланушы қосымшаларын әзірлеу кезінде деректерді сипаттау және манипуляциялау тілдерін қолдану, деректерді графикалық бейнелеу, сонымен қатар деректерді бір платформада біріктіру үшін автоматтандыру құралдарын қолдану.

Кредиттер саны: 5

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Студенттер үшін мәліметтер базасын құруда және оларды пайдалануда жүйелі көзқарас қалыптастыру, қазіргі заманғы IT технологияларды қолданатын ұйымдардың ақпараттық жүйелерін ақпараттық қолдауды құру процесінде тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру, сонымен қатар, бойында келесідей білімі бар маман даярлау:
  • - мәліметтер базасын жобалауда зерттеу аймағын зерттеу және талдау әдістемесі;
  • - экономикалық, математикалық және ұйымдастырушылық модельдерді құрудың автоматтандырылған әдістері;
  • - ДҚБЖ көмегімен ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған әдістері және нәтижесінде ақпараттық технологиялардың заманауи құралдарын қолдана отырып, мәліметтер базасын жүйелі түрде жобалау және жүргізу мәселелерін шешуге қабілетті.
Міндет
  • Қазақстан Республикасының ақпараттандыру бағдарламасымен, басқару объектілеріне арналған ақпараттық-есептеу қызметтерінің қазіргі жай-күйімен, бизнес қажеттіліктеріне бағытталған проблемаларды шешуге арналған компьютерлік технологияларды енгізу перспективаларымен танысу;
  • мәліметтер базасы теориясы саласындағы негізгі білімдерді игеру;
  • студенттер нақты ДҚБЖ көмегімен мәліметтер базасын жобалау және жүргізу бойынша теориялық негіздер мен практикалық дағдыларға ие болады.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • деректерді ұсынудың негізгі модельдерін және оларды өңдеу әдістерін, мәліметтер базасы түрінде құрылымдалған деректерді жобалаудың кезеңдері, құралдары мен әдістерін айтып беру;
  • қолданыстағы логикалық модельдерді атай білу;
  • деректерді сипаттауға және өңдеуге арналған қазіргі өңдеу құралдарының, тілдердің салыстырмалы сипаттамаларын көрсету.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • ақпараттық қажеттіліктерді анықтау және тақырыптық аймақтың ресми сипаттамасын көрсету үшін қолданыстағы құжат айналымы мен ақпарат ағымына сәйкес пәндік аймақ талдау;
  • қосымшалар құру үшін ДҚБЖ тілдік құралдарын қолдану;
  • объектіге бағдарланған және визуалды бағдарламалаудың заманауи құралдарымен дербес деректер базасына арналған пайдаланушы интерфейсін жобалау;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Деректер базасын жобалау мен ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бойынша кәсіби тұжырымдарды қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Деректер базасын құру және IT-жобаларын іске асыру бойынша топта жұмыс істеу қабілеттілігі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Ғылыми-техникалық ақпараттарды жүйелі жинауды, Интернеттегі отандық және шетелдік тәжірибені, ғылыми және мерзімді әдебиеттерді талдау, кәсіпорындар мен ұйымдардың IT-инфрақұрылымының даму бағыттарын анықтау.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Деректер базасының түсінігі
  • Деректер базасын жобалау қадамдары
  • Инфологиялық модель құру. ER диаграмма тіл элементтері
  • Деректер үлгілері. Иерархиялық модель. Желілік модель. Реляциялық модель.
  • Логикалық жобалау
  • Қатынастарды қалыпты формаға келтіру
  • Постреляциялық және көпөлшемді мәліметтер моделі. Нысанға бағытталған модель, объектілік-реляциялық ДҚБЖ, реляциялық емес ДҚБЖ
  • Деректер ағындарының диаграммалары. Өтпелі күй диаграммалары. SQL тілі (DDL, DML)
  • Microsoft SQL Server компоненттері
  • Microsoft SQL Server-де деректерді өңдеу
  • Microsoft SQL Serverде деректер базасы мен кестелер құру
  • Деректер базасының логикалық құрылымы және физикалық іске асырылуы
  • Шектеулер мен триггерлерді қолдану
  • Сақталған процедуралар мен функцияларды орындау
  • Transact-SQL-ге шолу
Зертханалық сабақтардың тақырыптары
  • Пәндік аймақты шолу. Инфологиялық модель құру.
  • Логикалық жобалау
  • Логикалық модель тұрғызу
  • Microsoft SQL Server компоненттері
  • Microsoft SQL Serverде деректер базасы мен кестелер құру
Негізгі әдебиет
  • Дейт К. Дж. Введение в системы баз данных. –М.: Издательский дом «Вильямс», 2008.
  • Коннолли Т., Бегг К. Базы данных. Проектирование, реализация и сопровождение. Теория и практика, 2-е изд. – М.: Издательский дом «Вильямс», 2009
  • Стивен Форте, Эндрю Дж. Браст Разработка приложений на основе MS SQL Server, 2005.
Қосымша әдебиеттер
  • Питер Роб, Карлос Коронел Системы баз данных: проектирование, реализация и управление, 5-е издание, – BHV Санкт-Петербург, 2004 . -1040 с
  • Джеффри Д. Ульман, Дженнифер Уидом. Основы реляционных баз данных. Издательство "Лори", 2006, 382 с.
  • Жилинский А. Самоучитель Microsoft SQL Server 2008. – БХВ-Петербург, 2009, 240 с.
  • Петкович Д. Microsoft SQL Server 2008. Руководство для начинающих. - БХВ-Петербург, 2009, 752 с.
  • Уильям Р. Станек Microsoft SQL Server 2008. Справочник администратора. - БХВ-Петербург, Русская редакция, 2009, 720 с.