Бағдарламалық жүйелерді тестілеу және валидациялау
Сипаттама: Тест ортасын құру, тест жүйесін жоспарлау, тестілеу жүйесінің бағдарламалық кодының ақауларын талдау және анықтау, интеграциялық және жүйелік тестілеу, пайдаланушы интерфейстерін тестілеудің жалпы аспектілерін, бағдарламалық өнімдерді валидациялау модельдері мен әдістерін зерттеу.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Бағдарламалау технологиясы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | |
| Зертханалық жұмыстар | 30 |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Мақсаты-бағдарламалық қамтамасыз етуді валидациялау және тестілеу процесін зерделеу.
Міндет
- Тестілеу, валидация, верификация процестерін түсіну; Бағдарламалық қамтамасыз етуді аттестаттау негіздерін зерделеу; Бағдарламалық өнімнің сапа стандарттарын және оны қамтамасыз ету процестерін зерттеу; Тестілеу әдістерін үйрену.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- бағдарламалық қамтамасыз ету сапасын қамтамасыз ету, тестілерді әзірлеу әдістері, тестілеу толықтығын бағалаудың негізгі әдістері саласындағы білімді көрсету
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- бағдарламалық жүйелердің тестілерін әзірлеу және іске асыру, тестілерді орындау нәтижелерін талдау,
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- әлеуметтік, кәсіби және этикалық ұстанымдарды ескере отырып, өзінің кәсіби қызметінің мәні мен салдары туралы пайымдауларды қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- өзінің кәсіби қызметінде іскерлік өзара іс-қимыл үшін тұлғааралық және топтық қарым-қатынас дағдыларын дамыту
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Ақпараттық технологиялар саласында кәсіби және жеке дамуына, біліктілігін арттыруға ықпал ететін оқыту дағдыларын дамыту