1-ая производственная практика

Сипаттама: Өндірістік іс-тәжірибе жоғары білікті мамандарды даярлауда оқу үдерісінің аса маңызды бөлігінің бірі бола отырып, негізгі мақсаты ретінде іс жүзіндегі тәжірибеде меңгерген теорриялық білімдерін көрсете білуге машықтандыру.

Кредиттер саны: 4

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Өндірістік тәжірибенің мақсаты - негізгі құзыреттерді нығайту, практикалық дағдыларға ие болу және оқу саласында кәсіби қызметтің тәжірибесін алу.
Міндет
  • Оқу пәндері шеңберінде алынған теориялық білімдерді кеңейту және тереңдету; Мақсатқа жету және зерттеу мәселелерін шешу дағдыларын қалыптастыру, алынған мәліметтерді талдау және бағалау критерийлерін әзірлеу, аналитикалық есептер дайындау; Ақпаратты жинау бағыттары мен тәсілдерін таңдау, жиналған ақпаратты жүйелеу, іскери қарым-қатынас дағдыларын күшейту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Өндірістік тәжірибе аналитикалық дағдыларды нығайтуға, ұйымның сыртқы және ішкі ортасын зерттеуге бағытталған.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Академиялық кезең барысында пәндерді оқудан алынған білімді тексеру және бекіту
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • магистрант: маркетингтік технологиялардың әлемдік тәжірибесін ішкі нарық жағдайына бейімдеу; тауарлар мен қызметтер нарығындағы конъюнктураны бағалау; басқару және маркетингтік шешімдерді салмақтап қою; салалық, өңірлік және халықаралық нарықтардың жағдайы мен ерекшеліктерін талдау және бағалау және т.б.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кәсіби ортада жеңіл үйренісіп кету,кәсіпорынның кәсіби үрдісіндегі әртүрлі жағдайларда икемділік көрсету мүмкіншілігі
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Кәсіби қызметте өзіндік жұмыс дағдысы мен тәжірбиесін қалыптастыру
Негізгі әдебиет
  • 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметіне арналған типтік қағидалар 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт 3. «Кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен жүргізу және ұйымдарды тәжірибе негізі ретінде айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығы 4. 6М051100-Маркетинг мамандықтары бойынша кәсіптік (өндірістік) тәжірибе бағдарламасы