Математика 1

Дронсейка Ирина Пранасовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: "Математика 1" пәні келесі бөлімдерден тұрады: сызықты және векторлық Алгебра элементтері, Аналитикалық геометрия элементтері, математикалық талдауға кіріспе; бір айнымалының функциясын дифференциалдық есептеу және олардың қосымшалары, бірнеше айнымалының функциясын дифференциалдық есептеу және олардың қосымшалары. Есептеудің жаңа техникалық әдістері ғылымның кез келген саласына қатысты математикалық зерттеулерді пайдалануға және шешімді практикалық қолдануға жеткізуге мүмкіндік береді.

Кредиттер саны: 4

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 45
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Жоғары оқу орнында математиканы оқытудың мақсаты: студенттерді қолданбалы мәселелерді шешуге қажетті математикалық ақпараттың негіздерімен таныстыру, студенттердің логикалық және алгоритмдік ой жүйесін, қабілетін дамыту, математикалық әдебиеттерді және оның қолданбаларын өз бетімен оқып үйрену машығын қалыптастыру болып табылады.
Міндет
  • Студент болашақ мамандығына байланысты қолданбалы есептерді шешудің негізгі әдістерін оқып-үйреніп, әртүрлі шамаларға амалдар қолдану және олардың ретін бағалап; арнайы әдебиеттердегі математикалық аппаратты өз бетімен талдай керек
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • «Математика 1» пәні бойынша формулаларды және қасиеттерді, символикаларды, шексіз аз шамаларды салыстыру теориясын, сонымен қатар, сызықты алгебра және аналитикалық геометрия элементтерін, координаталық әдістерді, бір және көп айнымалыларға байланысты функцияларды дифференциалдық және интегралдық есептеулері есептерін шешудің негізгі әдістерін біледі.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • «Математика І» пәнін оқығаннан алған білімдерін қолданбалы есептерді шешуде және әртүрлі есептердің математикалық үлгілерін құруда және берілгендерді салыстырмалы талдауында, сонымен қатар комплексті инженерлі салаларда қолданады.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Өз бетімен өзін-өзі бақылаудың, оқудың және білудің әдістері мен құралдарын қолдану қабілеті, өзін-өзі дамытудың кәсіби, физикалық, адамгершілік, мәдени, интеллектуалдық келешегін түсіну қабылеті, өзінің артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалай алу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Орындаушылардың жеке топ мүшесі ретінде немесе жеке дара мүшесі қызмет көрсетіп, соның ішінде пәнаралық жобаларды орындау және басқару қасиетін көрсете отырып, , кәсіби қызмет жүргізу нормаларына және кәсіби этиканы ұстанушылықты, жеке тұлғалық жауапкершілікті көрсете алу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Кәсіби ортада және бүкіл қоғамда қатынас жүргізіп, сонымен қатар, бар мағлұматтарды талдап және өз бетімен жаңадан техникалық құжаттандыру жасап; автоматтандыру және басқару саласында комплексті және инженерлі қызмет нәтижесін накты түрде баяндайды және қорғайды. Қолданбалы есептердің математикалық үлгісін құру үшін математикалық ақпаратты аналитикалық түрде көрсете алады.
Негізгі әдебиет
  • 1 Кабдыкаиров К. Курс математики.- Алматы, «Қазақ универсиеті», 2005.
  • 2 Хисамиев Н.Г., Тыныбекова С.Д., Конырханова А.А. Математика. 2 том.- Өскемен.- ШҚМТУ баспасы, 2006.
  • 3 Айдос Е.Ж. Жоғары математика. II, III, IV том. Алматы.- «Бастау» баспасы.-2008 жыл.
  • 4 Берман Г.Н. Сборник задач по математическому анализу.-Санкт-Петербург, 2005.
  • 5 Хасеинов К.А. Каноны математики. 2003.